6«А» сынып оқушыларының арасында ұжымды біріктіруге арналған тренинг Мақсаты: Тренинг мақсаты 6 “А” сынып оқушыларының ұжымда бірігіп жұмыс істеуге жаттықтырып, дайындау, және өз сыныптастарымен бірігіп қаншалықты жұмыс істей алатындығын байқау. Тұлға аралық қарым-қатынас жүргізу арқылы топты ұйымшылдыққа, бірізділікке бағыттау. Топта жұмыс істеу икемділіктерін нығайту, өзін-өзі дамыту, тұлғалық ерекшеліктері арқылы белсенділіктерін арттыру. Сұраныс бойынша.
1) Барлығыңызды "Шаттық шеңберіне шақырамыз!"
Оң қолымызды жоғары көтеріп-аспаннан, сол қолымызды төмен түсіріп-жерден жылу аламыз. Енді барлығымыз жақынырақ тұрып бір-бірімізге алақанымызды қойып, алақан арқылы жылу аламыз! Айналамыз!Рахмет!
Бұл жаттығу бір-бірімізге алақан жылуын шашу арқылы қарым-қатынасты нығайту негізделеді.
2) "Танысу" тренингі Өз есіміңізді "сын есімді" қолдану арқылы таныстырып шығуларыңызды өтінемін (Аружан-ақылды, Мадияр-мейірімді және т,б) Рахмет!
3) Жаттығу "Топты ұйымдастыру" Мақсаты: Сөзді қолданбай ақпарат алмасу мүмкіндігі, вербальді емес қарым-қатынасты дамыту, бір-бірімен қарым-қатынас орнату әдістерін табу.
Нұсқау: Сөйлеуге болмайды, бір-бірімен тек мимика, қимыл-қозғалыс арқылы ғана тілдесеміз. "Бір-біріңізді сөзсіз қалай түсінетіндеріңізді көрейік!".
1-тапсырма: бойына қарай тұру.
2-тапсырма: үшбұрыш құрастыру.
3-тапсырма: 123 санын құрастыру
4-тапсырма: туған күндеріне байланысты жыл мезгілі бойынша бөліну. Сонда 4 топ болуы тиіс: қыс, жаз, көктем, күз.
Талқылау:осы жаттығу барысында қандай қиындықтар болды? Бір-біріңді түсіну үшін қандай амалдарды қолдандың дар?
4) Жаттығу "Сенім және Байланыс" Мақсаты:Оқушылардың бір-біріне сенуіне, өзара байланыс орнатуына жағдай жасайды.
Нұсқау: Ортаға тренингке қатысуға жұптасқан оқушыларды шығарады. Жұптасқан оқушылардың біреуінің көзі байлаулы болады. Біреуінің көзі ашық. Тренинг барысында көзі жабық, байлаулы оқушы сөйлейді, ал көзі ашық оқушы үндемейді, тек тапсырманы орындайды. Көзі байлаулы тұрған оқушы қасындағы жолдасына нұсқау береді: мені мына жерге апар, отырғыз немесе тақтаның апарып тапсырма орындат және т.б. сауалдар мен тапсырмалар береді. Ал көзі ашық, жанындағы жолдасы оның айтқан тапсырмасын орындауы керек. Осылайша, орындарын алмастырып тренингті жүргізеді. Тренинг аяқталғаннан кейін, оқушылардан қандай әсер алғандығы жөнінде сұралады. Психолог тренингті өте жақсы орындап шыққан оқушылардың есімдерін атап, алғыс айтады.
5) Жаттығу "Біздің топтың жүрегі" Мақсаты: эмпатия сезімін, сенімділікті, ұйымшылдықты дамыту.
Уақыты: 15 минут
Тапсырма: мына үнсіз, жансыз жүрекке жан бітірейік, өйткені ол біздің топтың жүрегі. Ол үшін алдарыңыздағы түсті қағаздан жүрекше жасап топ мүшелеріне тілектер жазып, оны үлкен жүрекке жапсырамыз.
Талдау. Бұл жаттығуды орындауда қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығу ұнады ма?
Жағымды нәрсені айту оңай болды ма?
Басқа жүрекшелердегі тілектер ұнады ма?
6) Жаттығу "Қырықаяқ" Мақсаты: балаларды өздерінің құрдастарымен өзара әсер етуге, балалар ұжымының тығыз байланыстылығын арттыру.
Ережесі: балалар бір-бірінің белдерінен ұстап жүреді. Жүргізушінің бұйрығы бойынша отырып, секіріп, жайлап, бір аяқтап секіреді.
Нәтиже: сынып оқушыларының ұжымда бірігіп жұмыс істей алатындығы байқалды. Және ұжымдағы жұмыста сыныптың көсбасшылары да байқалып тұрды, олар өз сыныптастарына қиын жолдан қалай шығып, қалай істесе дұрыс болатындығын айтып жол көрсетіп отырды, сондай ақ оқушыларда сол көшбасшының айтқанымен тығырықтан шығар жол іздеп көрді, Әрине сыныптың ішінде қарсыласқандар да кездесті. Ұжыммен бірігіп жұмыс істегілері де келмейтіндігін байқатқан оқушылар саны да бар.
Ұсыныстар:
6 сынып оқушыларымен ұжымдық жұмысқа арналған және сыныпты біріктіруге арналған тренингтерді көбірек жүргізу. Және оқушылардың арасындағы достықты нығайта білу қажет.
Өзара қарым-қатынаста әділ болу .
Егер сіздің позицияңыз ұдайы өзгеретін болса, айтқан сөзіңіз бен ісіңіздің арасында алшақтық болса, сіз алға қойған мақсатыңызға жетуіңіз екі талай.
Өзара қарым-қатынастың позитивтігі.
Алға оң мақсат қою керек, мақсат баланың мүддесін ескеретін, оның құқығы мен мүмкіндігін ескеретін болуға тиісті.