6D010300-Педагогика
және
психология
мамандығының
докторанты Ушатов Марат Әбдікаламұлының философия докторы
(PhD) дәрежесін алу үшін ұсынған «Педагогикалық жоғары оқу
орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту» тақырыбындағы
диссертациялық жұмысының
АННОТАЦИЯСЫ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі әлеуметтік және экономикалық
ӛзгерістер жағдайында қоғам адамгершілікті, рухани бай және
шығармашылықты, кәсіби және тұлғалық мәдениеттің жоғары деңгейіне ие,
Қазақстанды қайта құру үдерісіне қатысуға белсенді қызығушылығы бар
адамдарға ӛткір қажеттілік пісіп жетілді. Отбасы мен мектеп жас тұлғаның
тұлғалық ӛзіндік ерекшелігінің негізін қалайды және оның болашақтағы
мінез-құлқының стереотиптерін қалыптастырады, дегенмен, жастар тұлға
болып түбегейлі студенттік жылдарда қалыптасады.
Студенттер – жастардың неғұрлым белсенді, еліктегіш және болашаққа
бағдарланатын бӛлігі. Сондықтан, жоғары кәсіптік білім жүйесіне бірқатар
мемлекеттік құжаттарда белгіленген ерекше талаптар қойылады. Мысалы, ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз
қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға
байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және
денсаулығы мықты азаматтар. Ұлттық білім берудің барлық буынының
сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға
заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандарды ұсыну
маңызды»-деп, бәсекеге қабілетті,белсенді, яғни лидерлер қалыптастыру
міндетін қойып отырғандығын байқаймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде
бірнеше әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі деп
күтілуде. Соның бірі: «Жаңа формациядағы мұғалімдерді қажетті санда және
тиісті біліктілікте қалыптастыру. Еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес
келетін, азаматтардың кәсіби, қызмет жолында және жеке ӛсуіне ықпал
ететін адами сапаларын дамыту қажет» делінген. Яғни, оқытушылар алдына
қоғам талабына сай жоғары интеллектуалды және коммуникативтік қабілетке
ие, нарықтық бәсекеде басқаруға бейім, қойылған мақсатқа топтың
қызығушылығы мен мүмкіндігін ескере отырып, әр түрлі жолмен жетуге
қабілетті азаматтар тәрбиелеу міндетін қойып отыр.
Осы міндеттерді шешуде жоғары оқу орны болашақ маманның
кәсіби қызметінің алдындағы шешім қабылдағыш, жауапты, белсенді,
бастамашыл
болуын
қамтамасыз
ететін
баспалдағы
болғанымен,
студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту мәселесінің аз зерттелуінен аталған
тақырып ӛзекті мәселеге айналып отыр. Ӛз іс-әрекетіне маңыздылық дарыту
үшін белгілі бір қабілеттерге ие болу жеткіліксіз, оларды дұрыс кӛрсете білу
қажет, жағдайды сезініп керексіз шарттарды ӛзгерту, объективті факторларға
сүйену керек. Студент лидерлік әлеуетін ашуға түрлі жағдайларды тиімді
кӛрсету мәселесі аса маңыздылыққа ие. Сол себепті лидерлік мүмкіндіктер
және ұйымдастырушылық біліктіліктер – бұл азаматтық-патриоттық
маңыздылық позициясынан, дербес жеке қабілеттерін кӛрсету позициясынан
адам белсенділігінің құрылу іргетасы болып табылады.
Зерттеу жұмысы лидерлік және басқарушылық мәселесі қамтылған
ғылыми ізденістерге сүйенеді. Бұл еңбектер: Н.И. Бирюков, В.В. Бовичев,
Е.В. Кудряшова; лидерліктің тұлғалығын қарастырған Э.Б. Воронова, А.Г.
Ковалев, Э. Богар; ЖОО жағдайындағы кәсіби лидерліктің ерекшеліктері
В.И. Власов, Н.В. Голубева, Н.С. Жеребова, А.Н. Жмыриков, Б.И. Кретов,
Р.Л. Кричевский, Е.С. Кузьмин, Б.Д. Парыгин, Дж. Берне, М. Макколл, Л.
Пойди, Р. Стогдилл, Ф. Фидлер; жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі
басқарушылық пен лидерлік В.Ф. Ануфриева, У. Бенине, М. Ломбарде, Н.Ф.
Маслова, Д. Сиск, X. Росселидің және т.б.ғалымдардың ғылыми ізденістері.
Аталған мәселенің шешіміне қажетті мүмкіндіктерді анықтау үшін
теориялық зерттеу барысында әдебиеттерге жасалған талдаулар бойынша
лидерлік туралы мәселе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында шет
ел ғалымдарының зерттеу орталығына айналғандығын анықтадық.
Ресей ғылымында жастардың лидерлік мәселесінің теориялық негізі екі
мектеп жағдайында бірі Б.Д.Парыгин және оның шәкірттерінің, екіншісі
Л.И.Уманский мен А.С. Чернышев мектебінде қарастырылған.
Кӛбінесе ғалымдар А.С.Чернышев пен Л.И. Уманский топтағы және
ұйымдардағы лидерлік ерекшеліктерді, Н.С.Жеребова мектепке дейінгі және
мектеп жасындағы, Р.Л. Кричевский, т.б. ғалымдар лидерлік мәселесін
қарастырған еңбектерінде басшылық пен лидерлік ұғымының байланысы
қарастырылады және бұл балалық топқа қатысты лидерлік феноменіне
қатысты алғашқы ғылыми жұмыс болды.
Қазақстанда
лидерлік
мәселесі
бойынша
зерттеу
жүргізген
саясаттанушы Б.Т. Есполов, Б.Т. Куппаева, А.М.Рахимжанов, Н.А.Абуева,
В.И.Карасев, Б.Аяган, Г.Нурымбетов, А.Н.Нысанбаев, Р.К.Кажыржанов,
А.Самай және т.б. еңбектерінде жан-жақты ашылған.
Отандық
педагогика
ғылымында
лидерлікті
зерделеген
С.А.Наконечныйдың зерттеуінде болашақ офицерлердің лидерлік сапасын,
Баймуханбетов Б.М. зерттеуінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
лидерлік сапасын қалыптастыру мәселесі қарастырылған.
Сонымен бірге, жоғары оқу орнында педагогтардың кәсіби
дайындығының психологиялық негіздері, тұлғаның қалыптасуындағы
субъектілік мәселелерін отандық психологтар Жарықбаев Қ.Б., Намазбаева
Ж.И., Джакупов С.М., Сангилбаев О.С., Шерьязданова Х.Т., Ерментаева А.Р.
қарастырған.
Біз қарастырып отырған мәселе үшін қазіргі заманның жалпы білім
беретін мектебін басқару мәселесімен айналысқан Т.М. Баймолдаев,
Ж.О. Жылбаев, К.Д. Қаракұловың ой-пікірлерінің маңызы ерекше.
Лидерлік мәселесі нақты әлеуметтік-тарихи жағдайлардағы ӛзінің
ӛмірлік жолында субьектінің шығармашылық үрдісімен, яғни жеке тұлғаның
ӛзіндік айқындалу мәселесімен байланыста ашылады.Лидерлік әлеует – бұл
жүйелі, интегративті тұлғалық құрылым, ол интеллектуалды, мотивациялық,
эмоционалды-еріктік, кәсіби-құндылықты сапалар жиынтығын кӛрсетеді.
Әлеует категориясы жалпығылыми ұғымдар қатарына кіреді, олардың
әдіснамалық негізі педагогика үшін аса маңызды. Әлеуеттік педагогикалық
қызметі тұлғаның шығармашылық іс-әрекеті бағытында іске асады, ол
ӛзіндік ӛмірдің шығармашылық қайта құруына жауап береді. «Лидерлік
әлеует»
термині
«шығармашылық
тұлға»,
«тұлға
креативтілігі»,
«дарындылық» деген ұғымдармен теңестіріледі.
Ғылыми әдебиетті талдау әлеует кӛп мағыналы түсінік екенін кӛрсетті.
Мысалы, әлеует туралы қажет жағдайда қандай да бір мақсатта қолданылуға
болатын барлық құралдар, қорлар, кӛздердің жиынтығы ретінде айтады.
Әлеует қандай да бір әрекет, қандай да бір функция кӛрініс табу
ықтималдығы дәрежесімен байланыстырылады. Әлеует ретінде күш
ӛрістерінің кең сыныбы сипатталатын шама (магнитті, эклектикалық,
химиялық әлеует және т.б.) түсініледі. Әлеует жекелеген тұлға, қоғам,
мемлекеттің белгілі бір саладағы мүмкіндіктерін де білдіреді. Гуманитарлық
және әлеуметтік-экономикалық пәндерге қатыстысы, мұнда әлеует әдетте
адамның ресурстары, резервтері немесе мүмкіндіктері мен белсенділіктерінің
синонимі ретінде қолданылады. Әрбір адам мұрагерлік тұқым қуалау арқылы
және ӛмірлік тәжірибеге тәуелді болуы мүмкін белгілі бір әлеуетке ие деп
айтуға болады.
Жүргізілген талдау кӛрсеткендей, ғылымның басқа салаларында әлеует
әдетте ресурстың синонимі ретінде қолданылады және «кадрлық әлеует»,
«ӛнеркәсіптік әлеует», «энергетикалық әлеует», «ғылыми әлеует»,
«эстетикалық әлеует» және т.б. үйлесімде қолданылады. Дәлел ретінде
Л.И. Абалкиннің «Әлеует – орын мен уақытқа байланған ресурстардың
жалпыланған, жинақталған сипаты» деп есептейтін пікірін келтіреміз.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте тұлға әлеуетінің алуан түрлері
зерттеледі: шығармашылық (Л.В. Елагина, М.В. Корепанова, П.Ф. Кравчук,
Л.В. Мещерякова, К.В. Петров, О.Г. Степанова, Е.А. Шамира және т.б.);
зияткерлік (В.И. Богдашев, Е.А. Косьмина және т.б.); коммуникативтік
(Р.А. Максимова, С.И. Самыгина, Е.Н. Сурков, Л.Д. Столяренко және т.б.);
рухани, рухани-адамгершілікті және эмоционалды-адамгершілікті (Н.В.
Попова, О.В. Трескина және т.б.); инновациялық (Д.Ф. Ильясов, Е.А.
Пагнаева, И.В. Резанович және т.б.); мансаптық ӛсу (А.А. Деркач, Ю.В.
Синягина, О.В. Фаллер және т.б.); мұғалімнің әлеуеті (Б.А.Тұрғынбаева),
маманның кәсіби-педагогикалық әлеуеті (Н.Э.Пфейфер), педагогтың кәсіби-
педагогикалық әлеуеті (Р.К.Ержанова).
Әртүрлі кәсіби траекторияларды қарастыра отырып, ғалымдар
«әлеует – ол әртүрлі құрамдас бӛліктері бар және белгілі бір шарттары бар
кәсіби тұлғаның кешенді, интегративтік сипаттамасы» деген шешімге келді.
Осылайша О.О. Киселева оқытушының кәсіби-педагогикалық әлеуетін
дамытудың теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеді; студенттердің
педагогикалық әлеуетін дамыту мәселесін дене шынықтыру оқу
орындарында
педагогикалық
пәндерді
оқыту
үрдісінде
дамыту
технологиялары элементтерін қолдану арқылы зерттеумен А.В. Бондарева
айналысқан;
шығармашылық
әлеуетті
дамыту
мүмкіндіктерін
ӛз
еңбектерінде қарастырған В.Г. Рындак, Ю.В. Осколкова; P.A. Муртазина
студенттердің аксиологиялық әлеуетінің дамуын зерттеді; М.В. Денеко
жоғары оқу орындарындағы оқытушының тұлғалық әлеуетін дамытумен
айналысты; Е.А. Леонтьев болашақ оқытушының акмеологиялық әлеуетін
дамыту деңгейлерін кӛтеру технологиясын құрастырды.
Жоғарыда қарастырып ӛткен жағдайлар студенттің лидерлік әлеуетін
дамыту мәселелерін тереңірек зерттеу қажеттілігін айқындайды, алайда
әртүрлі деңгейлердегі келесідей қарама -қайшылықтарды назарға алатын
болсақ:
-қазіргі заман қоғамының лидерлік әлеуеті бар оқытушыны талап етуі мен
лидерлік әлеуетінің педагогикалық білім беру үрдісіндегі дамуына
бағытталған үлгісінің, технология мен бағдарламаның жоқтығы;
-ЖОО педагогикалық үрдісін ұйымдастырудағы ғылыми білімдерді болуы
мен педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің лидерлік
әлеуетін толыққанды зерттеудің жетіспеушілігі;
- жоғары оқу орындарының студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту
қажеттілігі мен маңыздылығы және осы мәселелерді шешудегі
педагогикалық жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерін қажетті деңгейде
қолданбауы.
Бұл қарама-қайшылықтарды қарастыра келе, студенттердің лидерлік
әлеуетін
дамыту
қажеттілігінен
біз
зерттеуіміздің
тақырыбын
«Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамыту» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп,
әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік- эксперименттік жұмыс
арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: педагогикалық жоғары оқу орнындағы біртұтас
педагогикалық үдеріс.
Зерттеудің пәні: студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
-
студенттердің
лидерлік
әлеуетін
дамытудың
теориялық
негіздерін айқындау;
-
«лидер», «әлеует» ұғымдарына сипаттама бере отырып,
«студенттердің лидерлік әлеуеті» ұғымының мәнін нақтылау;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытудың моделін жасау, оның компоненттері, ӛлшемдері,
кӛрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент
арқылы тексеру және ғылыми тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер: лидер, «студенттің лидерлік
әлеуеті» ұғымының мәні мен мазмұны нақтыланса: мотивациялық,
мазмұндық және іс-әрекеттік құрылымдық-мазмұндық ӛзара байланыстағы
студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың моделі жасалса; студенттердің
лидерлік әлеуетін дамытудың әдістемесі әзірленіп, педагогикалық ЖОО
тәжірибесіне ендірілсе, онда студенттердің лидерлік әлеуетінің жоғары
деңгейде дамуына мүмкіндік туады, себебі түпкілікті нәтижесінде қоғам
талабына сай, іс-әрекетте белсенділігі артқан және шынайы, еркін, еңбекке
ұмтылушы тұлға тәрбиелеу ұйымдастырушылық қасиеттерді, лидерлік
әлеуетті дамытусыз, әлеуметтік бастамашылдыққа ұмтылыссыз жүрмейді.
Зерттеудің әдіснамалық негіздемесі: философиялық танымдық ілімі,
жеке тұлға теориясы, тұлғалық-бағдар теориясы, психология мен
педагогиканың теориялық тұжырымдамалары, ғылым мен тәжірибені
кіріктіру теориясы, біртұтастық, іс-әрекеттік, жүйелілік, акмеологиялық,
аксиологиялық, синергетикалық тұғырлар алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбының мәселесі бойынша ғылыми,
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге, зерттеліп отырған мәселеге
қатысты диссертациялық жұмыстармен теориялық жұмыс жасау барысында:
талдау, жинақтау, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, салыстыру, әдістері;
педагогикалық эксперимент жүргізуге байланысты: бақылау, сауалнама,
әңгіме, диагностикалық әдістер; зерттеу нәтижелерін қорытындылау
барысында салыстыру, қорыту аналитикалық әдістері; эксперименттік
мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда сараптау, жинақтау әдістері
қолданылды.
Зерттеудің жетекші идеясы: студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту
нәтижесінде болашақ педагог мамандардың әлеуметтік-педагогикалық іс-
әрекетте белсенділігінің артуына, шынайы еркін, жігерлі, бір мезетте
артынан бірнеше адамды еліктіре алатын қасиеттері бар, тез арада дұрыс
шешім қабылдай алатын тұлғаның ӛсуіне мүмкіндік береді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
-
студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың теориялық негіздері
айқындалды;
-
«лидер», «әлеует» ұғымдарына сипаттама беріліп, «студенттердің
лидерлік әлеуеті» ұғымының мәні нақтыланды;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытудың моделі жасалып, оның компоненттері, ӛлшемдері,
кӛрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытудың әдістемесі жасалды, «Лидерлік» атты элективті курс
бағдарламасы әзірленді;
-
студенттерге арналған «Кӛшбасшылар» клубының ережесі,
бағдарламасы;
-
Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы «Кӛшбасшылар» клубының
электронды парақшасы (клуб ережесі, жоспары, әлем және Қазақстан
кӛшбасшылары, бейне материалдар, хабарландырулар және т.б.) жұмысы
ұйымдастырылды.
-
Зерттеу нәтижелері студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға
бағытталған нақты әзірлемелер жоғары оқу орнындарында, педагогикалық
колледждерде және педагогикалық мамандардың біліктіліктерін жоғарылату
институты (БЖИ) тәжірибелерінде пайдалануға болады.
Зерттеудің қорғауға ұсынылатын қағидалары:
-
студенттердің лидерлік әлеуеті - кәсіби және тұлғалық сапалар
жиынтығымен сипатталатын, басқару саласындағы білім, біліктер жүйесі мен
әмбебап құралдарын меңгерген, ізбасарларының ӛзін-ӛзі бекітуі мен
командалық жұмысқа барынша дайындық деңгейін қамтамасыз ететін
іргетасы;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытудың моделі;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттердің лидерлік
әлеуетін дамытудың әдістемесі: «Лидерлік» элективті курс бағдарламасы,
«Кӛшбасшылар» клубының бағдарламасы, Абай атындағы ҚазҰПУ
сайтындағы «Кӛшбасшылар» клубының электронды парақшасы.
`
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы: Зерттеу жұмысының
негізгі тұжырымдары, теориялық және практикалық нәтижелері халықаралық
конференцияларда талқыланды: «Қазақстанда және әлемде мектепке дейінгі
білім беру: тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық
ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы, 2014), «Актуальные
проблемы права, экономики и образования на современном этапе: теория и
практика» атты үшінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы,
(Алматы, 2015), «Бәсекеге қабілетті маманның ұлттық және әлемдік кәсіби
келбетін
қалыптастыру»
атты
халықаралық
ғылыми-практикалық
конференциясы (Туркістан, 2016), «Психология и педагогика: актуальные
вопросы» атты XI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
(Санкт-Петербург, 2016).
Жарияланымдар: Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша
барлығы 13 ғылыми жұмыс жарық кӛрген. Оның 3-уі ҚР БжҒМ Білім және
Ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, 1
мақала Scopus базасына енген шет елдік басылымында, 1 оқу-әдістемелік
құрал, 8 мақала халықаралық конференциялар материалдары жинақтарында
жарияланған. Диссертацияның кӛлемі мен құрылымы – кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады. Жұмыс 176 беттен және 35 суреттен, 28 кестеден,
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |