6D020600 Дінтану мамандығы бойынша Аманқұл Темур Оралбайұлы


Қорғауға ұсынылған ғылыми тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі237,72 Kb.
#19684
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Қорғауға ұсынылған ғылыми тұжырымдар.  

Біз қорғауға ұсынылатын келесі ғылыми тұжырымдарды жасадық:  

1.  Қазақстандағы  кеңес  билігінің  исламға  қатысты  саясатын  үш  негізгі 

кезеңге  бөліп  қарастыруға  болады.  Біріншісі  1920-1925  жылдар  аралығын 

қамтиды.  Бұл  кезеңдегі  діни  саясат  1917  жылдың  қарашасындағы  “Ресей 

халықтары  құқықтарының  Декларациясы”,  1917  жылдың  20-қарашасындағы 

большевиктердің  “Ресей  мен  Шығыс  еңбекші  мұсылмандарына  Жолдауы” 

және  1918  жылдың  23-қаңтарындағы  Халық  комиссарлары  Кеңесінің 

“Мемлекеттің  діннен  және  мектептің  шіркеуден  ажыратылуы”  туралы 

жарлығы  аясында  жүзеге  асты.  Бұл  кезеңде  жас  кеңес  билігі  мен  дін 

қатынасы    классикалық  секуляризм  принциптеріне  негізделді.  Билік  діни 

өмірдің ағымына  етене  араласпады,  жаңа  мешіттердің  салынуына  қарсылық 

білдірмей, бейтарап позиция ұстанды.   

2. 1922 жылы желтоқсанда КСРО-ның құрылуымен кеңестік билік пен діни 

институттар  арасындағы  қарым-қатынас  антагонистік  сипат  алды.  Ортақ 

коммунистік  идеологияның  негізінде  жаңа  кеңес  халқының  қауымдастығын 

құруға  бағыт  алған  кеңес  билігі  дінді  ескі  эксплуататорлық  құрылыстың 

сарқыншағы  ретінде  жою  саясатын  іске  қосады.  Бұл  кезең  “озбыр  атеистік” 

идеология  мен  уақыптық  жерлер  мен  мүлікті  тәркілеу  және  дін 

қызметкерлерін  экономикалық  мәжбүрлеу  арқылы  діни  қызметтен  бас 

тартуға көндірумен, көнбегендерді қатал репрессиялау арқылы сипатталады. 

Қазақстанда 1920 жылдардың соңына қарай саяси практикаға енгізілген бұл 

саясат 1940-жылдардың басына дейін жалғасты. 

3. 


1940-1950 жылдардағы 

КСРО-дағы 

ислам 

дініне 


қатысты 

ұстанымдарының  өзгеруіне  ішкі  және  сыртқы  саяси  факторлар  ықпал  етті. 

Ішкі  саяси  факторлар  Орталық  Азия  мұсылмандары  діни  басқармасының 

құрылуына  себеп  болды.  Осы  жылдары  Қазақстан  қазияты  да  халықты 

майдан  қажеттіліктерін  өтеуге  жұмылдыруда  және  рухани-психологиялық 

қолдауда  қажырлы  еңбек  етті.  КСРО-ның    БҰҰ-ның  қатарына  кіруі  және 

1948  жылы  “Адам  құқықтарының  Жалпыға  бірдей  адам  құқықтарының” 

Декларациясының қабылдануы еліміздегі дін саласындағы саясаттың белгілі 

бір деңгейде либерализациялануына ықпал етті. 

4. Кеңес үкіметі діни өмірдің қайта жаңғыруына мүмкіндік берген бірқатар 

қадамдарға  барғанымен,  атеистік  идеология  кеңінен  насихатталып,  білім 

берудің  барлық  сатыларын  қамтыды.  Дегенмен,  отбасылық  тәрбиеде  ислам 

құндылықтары басым болды. Бұл криптодіндарлықтың немесе діндарлықтың 

латентті формаларының қалыптасуына ықпал етті.  

5.  “Озбыр  атеизмнің”  үстемдік  етуі  Қазақстандағы  ислами  білім  беруге 

орасан  зор  зиян  келтірді,  бірақ  түпкілікті  жойып  жібере  алмады. 




Қазақстандағы  медреселер  жаппай  жабылғанымен,  Орталық  Азия  діни 

басқармасына  қарасты  ислам  білім  беру  орталықтарында  білім  алу 

мүмкіндіктері сақталды. Көршілес Өзбекстанның медреселерінде білім алған 

қазақ  азаматтары  діннің  ақидалық,  фыкһтық  негіздері  бойынша  білім  алып, 

ел арасында ислами білімнің сабақтастығын қамтамасыз етті.  

6.  Кеңестік  идеологиялық  қысым  қоғамдық  сананың  ресми  деңгейлерін 

қамтығанымен,  күнделікті-тұрмыстық  деңгейдегі  халық  санасы  ислам 

дәстүрлерінен  ажырамады,  исламның  шариғи  және  дүниетанымдық-

құндылықтық элементтері салт-дәстүрлер мен рәсім-рәміздерде көрініс беріп 

отырды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет