6D020600 Дінтану мамандығы бойынша Аманқұл Темур Оралбайұлы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі237,72 Kb.
#19684
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
    Зерттеу пәні. 1920-1950 жылдары Қазақстандағы исламның тарихы мен 

орнын,  ұлттық  болмысты  қорғаудағы  рөлін  жан-жақты  зерделеп,  оған 

объективті  тұрғыдан  баға  беру,  көпшілікке  беймәлім  деректерді  ғылыми 

айналымға енгізу. 



        Ғылыми жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.  

       Диссертациялық  зерттеу  жұмысы  жиырмасыншы  ғасырдың  бірінші 

жартысындағы Қазақстандағы исламның жағдайы және мемлекет пен ислам 

институттарының  қарым-қатынасының  тарихи  эволюциясын  түсінуге 

мүмкіндік  береді.  Идеологиялық  парадигма  сипатындағы  атеизмнің 

концептуальдық  мазмұны  мен  тұрмыстық  ислам  ұғымының  категориялдық 

мәнін  аша  отырып,  дінтану  ғылымының  теориялық-методологиялық  қорын 

кеңейтуге ықпал етеді. 

Зерттеу  нәтижелері  еліміздегі  қазіргі  заманғы  ислам  тарихындағы 

ақтаңлақтардың орнын толтырып, рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге 




асуына  өз  үлесін  қосады.  Әртүрлі  тарихи-мәдени  және  саяси-әлеуметтік 

жағдайлардағы  исламның  интеграциялық,  аксиологиялық  және  мәдени 

трансляциялық  қызметтерін  айқындау  еліміздегі  діни  бірегейлікті  нығайту 

мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты жетілдіруге де ықпал етеді. 

Диссертация  материалдары  еліміздегі  ислам  тарихы,  дінтану,  мемлекет-

дінаралық қатынастар пәндерін оқытуда қолданыла алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет