22
былайғы даму бағыттары, тенденциялары сарапталады, қазіргі қазақ тіл
ғылымының алдында тұрған міндеттер, өзекті мәселелер қарастырылады.
Пән магистранттың тіл білімінің жаңа бағыттарының өзекті
мәселелерін
талдап, түсінуге,
өзінің
ғылыми-тәжірибелік
зерттеу
жұмыстарында пайдалана алу қабілеттерін дамытуға және зерттеу
жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, кәсіби білімі жоғары маман ретінде
қалыптасуына көмектеседі.
«Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары » пәнін оқу барысында магистрант
білуі тиіс:
-
жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттарға
арналған ғылыми әдебиеттермен, ондағы теориялық тұжырымдармен,
концепциялармен танысып, оларды меңгеруі тиіс;
-
теориялық білімдерін практикалық қолданбалы мақсаттағы
жұмыстармен ұштастыра білуі тиіс;
-
тіл біліміндегі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгеруі
тиіс.
Магистрант
жасай алуы тиіс:
-
әлемдік, отандық тіл ғылымдары дамуындағы жаңа тұжырымдар
мен концепцияларды сыни тұрғыдан қарастырып, өзінің ғылыми
көзқарастарын ғылыми форумдар мен семинарларда, конференцияларда
еркін жеткізе білуі;
-
тіл ғылымындағы әртүрлі бағыттар негізінде алған білімдерін
өзара ұштастыра отырып аналитикалық талдау жасай алу, осы негізде өз
білімдерін кеңейтіп, тереңдете алу;
-
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін ғылыми мақалалар
мен диссертациялық жұмыстарды жазуда еркін пайдалана білу.
Магистрант
дағдылануы тиіс:
-
алған білімдерін көпшілікке жеткізе білуге, әріптестері мен
ғылыми мамандардың алдында өз көзқарастарын дәлелдей алуға;
-
алған білімдерін одан әрі жетілдіруге, тереңдетуге;
-
алған білімдері негізінде жаңадан туындаған күрделі мәселелерді
шеше алуға дағдылануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: