«6М020500 – филология» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет36/216
Дата07.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#18557
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   216
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Қазіргі  тіл  ғылымының  басты  сипаттарын  ғылым  салаларының  өзара 
ықпалдастығы,  бірін-бірі  толықтырып  байытатын  теориялардың  көптігі, 
антропоөзектілігі, 
когнитивтік 
және 
функционалдық 
бағыттылығы 
анықтайды.  Мұның  өзі  тілге  бұрынғы  біржақты  көзқарасты  өзгертті.  Тілдің 
тек өзін, «тілді тіл үшін» зерттеу тіл ғылымының өткен тарихы болып қалды. 
Антропоөзектік  ұстаным  бойынша,  тіл  иесі  ұлттың  ойлау,  дүниені  тану,  
тұрмыс-салт  ерекшелігімен,  мәдениетімен  тікелей  байланысты,  олай  болса 
тілді  ұлттың  барлық  бітім-болмысымен  бірлікте  зерттеу  қажет.  Ал 
функционалдық  ұстаным  бойынша,  тілді  оның  атқаратын  қызметімен 
байланыстырып  зерттеу  маңызды.  Міне,  тілді  танып-білудегі  осындай 
көзқарастар  тіл  ғылымында  түрлі  бағыттар  мен  теорияларды  туғызды. 
Магистрант  оларды  танып-біліп  қана  қоймай,  сын  елегінен  өткізіп,  өзіндік 
пайымдау-тұжырымдыр жасай білуі тиіс.  
Пәннің  мазмұны  қазіргі  тіл  ғылымындағы  көптеген  теорияларды 
жүелеп,  ғылыми  білімдер  жүйесін  игеруге,  олардың  методологиялық 
негіздерін  тануға  көмектеседі.  Қазіргі  тіл  білімінің  жай-күйінен  мағлұмат 
беретін  еңбектерді  талдап,  курстық  және  магистрлік  жұмыстарға  қажет 
материалдарды сұрыптауға және зерттеу әдістерін таңдауға бағыт береді.   


24 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет