Психолингвистика мәселелері. Психолингвистикалық зерттеулердің теориялық, практикалық мәні.
Сөзді туғызу, түсіну, тілдерді үйренудің психологиялық негіздерінің
зерттелуі,
олардың
мазмұны.
Психолингвистика
деректерін
лингводидактикалық мәселелерді шешуде пайдалану.
Қолданбалы тіл ғылымының жаңа бағыттары. Статистикалық, компьютерлік лингвистиканың дамуы. Қазақ мәтінінің
квантитативті құрылымы, мәтін мазмұнын формалдау, қазақ тілінің «Тіл –
қазына» атты компьютерлік қорын жасау, қазақ тілінің ұлттық мәтіндер
корпусын құру т.б. қолданбалы тіл таным мәселелерінің қарастырылуы.
Қолданбалы тіл ғылымының жетістіктерін туындап отырған жаңа
мәселелерді шешуде пайдалану.
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
1. Қазіргі тіл білімінің басым бағыттарын белгілейтін факторлар.
2. Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, даму
бағыттарын белгілейтін құжаттар, олардың қазақ тіл біліміне беретін
бағдары.
3. Қазақ тіл ғылымындағы қазіргі зерттеулер болашақта өзгеруіне
болжау сипаттамасы. Қазіргі тіл ғылымының зерттеу методологиясы мен
әдістері.
4. Тілді зерттеудегі ғылымдардың бір-біріне әсері мен ықпалдастығы
5. Қазақ тілінің бүгінгі социологиялық жай-күйі, оның зерттелуі.
6. Психолингвистика проблемалары, зерттелу жайы.
7. Тілді зерттеудегі ғылымдардың бір-біріне әсері мен ықпалдастығы.
8. Қазіргі қоғамдағы сөз мәдениеті мәселелері.
9. Функционалды лингвистиканың жаңа бағыттары.
10. Мәтін лингвистикасының жаңа бағыттары.
11.Тіл біліміндегі «әлемнің тілдік бейнесі» концепциясы.
12. Қазіргі
заманғы тіларалық және мәдениетаралық қарым-
қатыныстар, олардың тілдік қолданысқа тигізетін әсері.
13. Сөз мәдениетін жетілдірудің жаңа бағыттары.
14. Қазіргі тіл біліміндегі лингвокультурологиялық зерттеулер
15. Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік теориялар.