«6М020500 филология» мамандығы бойынша


Мәдени-психологиялық бағыт



бет32/111
Дата18.10.2023
өлшемі0,56 Mb.
#119076
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111
Байланысты:
«6М020500 – филология» мамандығы бойынша-emirsaba.org

Мәдени-психологиялық бағыт 
Мәдени-психологиялық бағыт ерекшелігі. Кембридждік мектеп.
Р.Френк, А.Айвор, У.Эмпсоннның зерттеу еңбектеріндегі мәдени-
психологиялық бағыттың қағидаттары. 1960-1980 жылдардағы Н.Фидлер,
Хирш,
Н.Холанд
жұмыстарында
мәдени-психологиялық
бағыт
қағидаттарының дамуы. Көркем мәтінді авторлық ракурс тұрғысынан
қарастыру. Мәдени-психологиялық бағыттың герменевтикамен байланысы.

Мәтін теориясы мен поэтикасы 
Мәтін және болмыс, мәтін және автор, мәтін және мәнмәтін, оқырман
және мәтін арасындағы поэтикалық байланыс түрлері мен деңгейлері.
Көркем мәтіндегі тілдік құбылыстардың поэтикалық қызметі. Көркем мәтінді
зерттеудің жалпы филологиялық бағыттары. Мәтін жайлы көзқарастар
тарихы. Суреткер тұлғасы туралы ғылыми-теориялық көзқарастар өрісі.
«Әдеби мәтіндегі автор» ұғымы. Авторлық баян және көркем әлем. Көркем
мәтіннің поэтикалық сипаты.

Психоаналитикалық бағыт
З.Фрейд,
К.Юнг,
Ж.Лакан
еңбектеріндегі
шығарманы
психоаналитикалық талдау үлгілері. Психоаналитикалық зерттеулердегі
автор образы. З.Фрейдтің Эсхил, Шекспир, Гете, Достоевскийдің
шығармаларын талдауы психоаналитикалық әдебиеттанудың классикалық
үлгілері ретінде. Психоаналитикалық теориядағы бейсаналық концепциясы.
Эдип, Электра, Нарцисцизм комплекстері, сублимация, катарсис ұғымдары
бейсаналық құштарлықтардың көрінісі ретінде. К.Юнг талдауларындағы
архиетип, образ-символ ұғымдары. Тұлғаның психологиялық даму тарихы.
Психобиография.
Ж.П.Сартрдың
Ш.Бодлер
мен
Г.Флобер
шығармашылығына арналған еңбектері. Е.М.Мелетинскийдің «Әдеби
архетиптер» еңбегіндегі (1994) психоаналитикалық талдаулары.

Структурализм және постструктурализм 
Әдеби структурализмнің алғашқы ғылыми идеялары. В.Матезиус,
Я.Мухаржовский, Р.Якобсон еңбектеріндегі структуралисттік бағыттың
көзқарастары. Р.Барт, А.Греймас, Ж.Жаннет еңбектері. Структуралисттер
еңбектеріндегі қатынас, элемент, деңгей, оппозиция, бинарлық, жағдай,
вариант, инвариант терминдері. Аксиоматизация, диссоциация, ассоциация,
идентификация, интеграция секілді структурализмнің зерттеу әдістері. Тілдің
социо-мәдени өрісі. Структуралисттік концепциядағы «өлі автор» түсінігі.
Тілдік және мәдени кодтардың саналы эксперименті. Структуралисттік



34


зерттеулердің пәнаралық сипаты. Постструктуралисттік бағыттың теориясы.
Дж. Миллера, Д. Хеймана, Л. Лерненр еңбектері. Постструктурализм
структуралисттік тенденцияларды жалғастырушы, дамытушы, әрі сын көзбен
қараушы ретінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет