Шірнебай Аружан Кок-204 №5-6 практикалық сабақтар тақырыбы



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі29,49 Kb.
#107674
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Шірнебай Аружан (копия)


Шірнебай Аружан Кок-204
5-6 практикалық сабақтар тақырыбы: Ағартушы-демократ ақын-жазушылар. Бағыттың басты сипаты. Бағыттың белгілі өкілдері. Шəкəрім Құдайбердиев (1858–1931). Шығармашылық ғұмырнамасы. Ақын өлеңдеріндегі ой-таным.



  1. Ағартушы-демократтық бағыттың басты ерекшеліктері.

Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын- жазушылар ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ əдебиетін шын мəніндегі өнери жазба əдебиет деңгейіне көтеріп, өмір, дəуір сырын шынайы сипат- тап, терең ашуға ұмтылды.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың білім деңгейлері түрліше сипатта болып келеді. Көбі сауатын қазақша-жаңаша (жадидше) оқумен ашып, кейін орыс мектептерінде оқып, дүниелік ғылым- білімнен молынан хабардар болып өсті. Олар негізінен орыс-ба- тыс əдебиетіне еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға талаптанды. Жазушылықпен бірге қоғам қайраткері ретінде де танылған оларды ұлтының ертеңі көбірек толғандырды. Қоғамдағы саяси өзгерістерді де жіті танып, соның нəтижесінде қазақ қоғамына қажетті жайлар- ды дұрыс бағдарлай алды.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар өз шығармаларында ағарту- шылыққа үндей отырып, қоғамдағы əлеуметтік теңсіздіктерді де көре білді. Сөйтіп демократиялық ой-пікірлерді алға шығарды. Қоғамдағы қайшылықтарды құрғақ сынап қоймай, əрқайсысы əл-қадырынша оның кесір-кесапатын жоюдың өзіндік жолда- рын ұсынды. Қоғамдық-əлеуметтік өмірді, замана сипатын, дəуір шындығын кең көлемде суреттеуге ұмтылудың нəтижесінде қазақ əдебиетінің жанрлық тұрғыдан баюына өлшеусіз еңбек сіңірді.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар қазақ арасындағы ілгерішіл қоғамға жат ескілік қалдығын, теңсіздікті, отаршылдық саясат- ты аяусыз сынады. Халықты оянуға, мəдени шаруашылық жақтан жетілуге, еңбекке, оқуға, алдыңғы қатарлы елдер мəдениетінен үйренуге, отырықшылдыққа, қала салуға үндеді. Əлеуметтік теңсіздіктің басты көрінісі ретінде əйел теңсіздігін алып, өздерінің негізгі шығармаларына осы тақырыпты арқау етті.
Олардың жазба əдебиетті өркендету мақсатындағы жанрлық ізденістері жазба əдебиеттің құр еліктеу дəрежесінде қалып қоймай, ұлттық төл əдебиетіміздің қалыптасуына жол ашты. Сөйтіп жазушылық қолтаңбалары айқындала түсіп, əрқайсысының өзіндік тақырыбы, ой-пікірі, стилі, өзіне ғана тəн шеберлік мектебі қалыптасты.



  1. Ағартушы-демократтық бағыт өкілдері көтерген басты тақырыптар

Бұл бағыттың өкілдеріне таза əдеби шығармашылықпен айналысып, кəсіптік деңгейдегі жазушылық шеберлікке көтерілген Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, М. Сералин, С. Дөнентаев сынды ақын-жазушылармен бірге шығармашылығы ағартушылық-ұстаздық қызметтерімен тығыз байланыста өрістеген С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Т. Жомартбаев сынды тікелей ағартушылық тақырыпта қалам тербеген ақын-жазушылар да жатады.
Спандияр Көбеев (1878-1956). Қостанай өңірінде дүниеге кел- ген. Өмір бойы ұстаздық-ағартушылық қызметте болған. Алтын- сарин ашқан мектепте оқып, орыс əдебиетін, мəдениетін бойына сіңіріп, алдыңғы қатарлы орыс ақын-жазушыларына еліктеп өскен. И. Крылов мысалдарынан аударған “Үлгілі тəржіма” жинағының ағартушылық, əдеби-мəдени маңызы өте жоғары. Аудармасының көркемдік-тұрғыдан өзіндік жетістіктері бар. “Үлгілі бала” жинағының оқу құралы, хрестоматия ретіндегі маңызы өте зор.
Спандияр Көбеевтің 1913 жылы жарық көрген “Қалың мал” романы қазақ көркем прозасындағы елеулі табыс болып санала- ды. Романның тақырыбы – əйел теңсіздігі. Романда ескіліктің қалдығына саналатын əдеп-ғұрыптар өткір сыналады. Шығармада əлеуметтік теңсіздік айқын көрініс тапқан. Романдағы ба- сты кейіпкер Итбай бейнесі – сатиралық типтік образ. Оның сыбайластарының бейнесі де осы жолмен ашылады. Романда жаңа қоғамның жаңа адамдарының бейнесі де сомдалған. Басты кейіпкерлердің бірі – жаңашыл бейне Қожаштың күрескерлік іс- əрекеттерінің мəні өте зор. С. Көбеевтің “Орындалған арман” шығармасында өмірбаяндық оқиғалар қазақ өмірінің əлеуметтік шындығымен астасып сипатта- лады. Бұл шығарма мемуарлық жанрдың қазақ əдебиетіндегі бастау көзі десе болғандай. Ағартушы-жазушы С. Көбевтің қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар. Бекет Өтетілеуов (1883-1949). Қостанай өңірінде дүниеге кел- ген. Орысша оқып, орыс мəдениетін, орыс əдебиетін жете меңгерген. Орыстың реалистік əдебиетінен нəр алып, аудармамен айналы- сып, ұстаздық қызметі мен аудармашылықты ағартушылық жолы- на пайдаланды. А. Пушкин, М. Лермонтов, К. А. Жуковский жəне т.б. аударған өлеңдерінде көркемдік белгілер бар. И. А. Крыловтан (“Көкек пен көгершін”, “Мұжықтар мен өзен”, “Ысырапқор мен Қарлығаш”, “Бұлбұлдар”, “Бала мысық пен қара торғай”, “Бүркіт пен өрмекші”, “Бай мен етікші”, “Түлкі мен жеміс”, “Піл мен қанден”, т.б.), И. И. Хемницерден (“Құмырсқа мен дəн”) аударған мысалдарынан өзіндік қолтаңбасы танылады. Б. Өтетілеуов ау- дармалары түпнұсқаға өте жақын. Аудармаларын көбіне қазақы өлең жүйесіне салып жасайды. Сондықтан да көбіне түпнұсқаның өлең құрылысын сақтай бермейді. Б. Өтетілеуовтің “Дүние ісі ақыретке кетпес” (Қазан, 1912), “Жиған-терген” (Орынбор, 1914) жинақтарының қазақ əдебиетінен алар өзіндік орны бар. Оның төл туындыларында ағартушылық бағыт басым боп келеді. Ақын əлеуметтік теңсіздікті көре білді. Байлардың озбырлығын, надандығын əшкереледі (“Қазақтың байлары мен нашар көршілері”жəне т.б.). Елдің қараңғылық күйіне жаны күйзеліп, оқу-білімге шақырды (“Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін” жəне т.б.). Жаман, кер- тартпа қасиеттерден жиренуге, жақсы қасиеттерді үйренуге үндеді (“Данышпан қазы” жəне т.б.). Бірқатар өзіндік шығармаларында ой оятар пікір мол кездесіп, көркемдік деңгейі жоғары болып келеді (“Өмірдің үш басқышы”, “Хат”, “Жалғыздың өмірі” жəне т.б.). Тайыр Жомартбаев (1984-1937). Абай елінде туып, Абай өлеңдерімен ерте танысып, Абай өнегесінен үлгі алып өскен. Жа- стайынан Абай поэзиясына сусындап, “болмасаң да ұқсап бақ” үлгісімен еліктеп өлең жаза бастаған. Есейе келе қазақтың басқа да ақын-жазушыларының, орыс классиктерінің шығармаларын оқып- үйренеді. “Ғалия” медресесінде оқыған. 1912 жылы Семейдегі “Жəрдем” баспасынан “Балаларға жеміс” жинағы, “Қыз көрелік” ұзақ əңгімесі басылып шығады.
“Балаларға жеміс” жинағының басты тақырыбы – оқу-білімге, өнер-ғылымға шақыру. Оның өлеңдерінің көбі тікелей балаларға ар- налып жазылып, онда оқудың мəнін түсіндіру басым болып келеді. Өлеңдерінің көбі (“Мектеп ішінде”, “Мектепке шақыру”, “Балаларға насихат”, “Балаларға өнеге”) Ы. Алтынсарин шығармаларымен үндесіп жатады. “Иждиһатты бала”, “Жалқау бала” өлеңдерінде балалардың өз өмірінен ала отырып, салыстырмалы образдар арқылы жақсы мен жа- ман айырмашылығын өте əсерлі бере біледі. Ол Л. Толстойдың балалар тақырыбына жазған өлеңдерін де аударған. Əріп Тəңірбергенов (1856-1924). Аягөз өңірінде туып-өскен. Өз тұсындағы алуан қырлы əлеуметтік оқиғаларға араласып, сан түрлі қызмет атқарған. Мұсылманша да, орысша да білім алған. Өз кезіндегі өрелі жанның бірі ретінде бағаланып, көп тілді игер- ген (орыс, түрік, араб, фарсы, қытай). Шығыстың классикалық əдебиетінен де, орыс əдебиетінен де нəр алып өсуіне байланысты шығармашылығында осы əдебиеттер əсері алмасып көрініс тауып отырады. Өлеңдерінде өз дəуірінің өзекті мəселелерін көтере білген. Бірақ жалпы шығармашылығында қарама-қайшылықтар кездесіп қалатын кездері бар. Бірқатар өлеңдері поэзиялық тұрғыдан жатық, ұйқасы келісімді, ой ағыны айқын болып келеді. Кейбір өлеңдері табан астында суырып салмалылықпен шығарылғандықтан да мағынасы жағынан шашыраңқы шығып жатады.
Əріп шығыс əдебиеті үлгісінде қиссаларда жазған (“Зияда-Шамұ- рат”). Абай мен Əріп арасында ұстаздық, шəкірттік қарым-қаты- настар болған. Жалпы шығармашылығын тақырыбына, көтерген мəселелеріне орай шартты түрде төрт салаға бөлуге болады: Сатиралық өлеңдері, ағартушылыққа үндеген өлеңдері, адам бала- сына тəн сезім күйлерін жырлауы, өмір жайлы өсиет-өнеге сөздері.
Ақын отаршылдық саясат зардаптарын тұспалдай айтып, ел басқарған əкімдер мен надан байлардың елге істеген қиянатын ашық сынға алған (“Найман Секікбай қожаға”, “Тұрғали болысқа”, “Тəуірбек болысқа”, “Қабділдə биге айтқаны” жəне т.б.). Бұл өлеңдерінде сатиралық сипат басымдау жатады жəне тапқыр əжуа, сықақ, əзілге де толы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет