6М020800-Археология және этнология мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтиханның бағалау өлшемдері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#197
  1   2   3

 

 

6М020800-Археология және этнология мамандығы бойынша 

магистратураға түсуге арналған емтиханның бағалау өлшемдері 

 

 



«Үздік» деген баға мына өлшемдерге сәкес келгенде қойылады: 

-

 



Жауапта тарихи терминологияны дұрыс әрі орынды, сауатты қолдану;  

-

 



Тарих ғылымының категориялық аппаратын қатесіз игеру;  

-

 



Билетте көрсетілген сұрақтардың басты мәселелерін нақты айқындай алу; 

-

 



Фактологиялық материалды баяндағанда кейбір қателіктерге жол бермеу; 

-

 



Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде толыққанды тарихнамалық білім көрсету; 

-

 



Жауаптың логикалық тұрғыда өзара байланысы, ғылыми тілде жан-жақты баяндау. 

       «Жақсы» деген баға мына өлшемдерге сәйкес келгенде қойылады: 

-

 

Жауапта тарихи терминологияны дұрыс әрі орынды қолдану;  



-

 

Тарих ғылымының категориялық аппаратын игеру;  



-

 

Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде  басты мәселелері баяндау



-

 

Фактологиялық материалды баяндағанда қателіктерге жол бермеу; 



-

 

Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде тарихнамалық білімді үстірт көрсету; 



-

 

Жауаптың  логикалық  тұрғыда  өзара  байланысы  мен  ғылыми  тіл  нормаларын 



бұзу. 

«Қанағаттанарлық» деген баға мына жағдайда қойылады: 

-

 



Жауапта тарихи терминологияны қолданбау;  

-

 



Тарих ғылымының категориялық ақпаратын шамалы деңгейде игеру;  

-

 



Билетте  көрсетілген  сұрақтардың    басты  мәселелері  жалпылама  сипаттау,  негізгі 

мәселелерді айқындап,  баяндай алмау; 

-

 

Фактологиялық материалды баяндағанда жаппай қателіктерге жол бермеу



-

 

Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде тарихнамалық білім көрсете алмау; 



-

 

Жауаптың логикалық тұрғыда өзара байланыстың болмауы.  



 

Әріппен 

бағалау  

Балдық 

сандық 

көрсеткіш 

%-г  оқу  пәні 

меңгеру 

мазмұны  

Дәстүрлі 

жүйе 

бойынша бағалау  

А 

4,0 



90-100 

үздік  


3,33 


75-89 

жақсы  


2,33 


50-74 

қанағаттанарлық  

1,33 


49-0 

қанағаттанарлық  





қанағаттанарлықсыз 

 

 



 

 

 

 

6М020800 – «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратураға 

түсуге арналған емтихан билеттері сұрақтары тізімі 

1.

 



Археология пәні және оның міндеттері. 

2.

 



Қазақстанның тас дәуірінің  кезеңделуі.   

3.

 



Этнология  және  этнографияның  анықтамасы.  Ресей  дәстүрі  бойынша 

этнология және этнографияның пәні және объектісі.  

4.

 

ХІХ ғасырда археология ғылымының қалыптасуы. 



5.

 

Палеолит дәуірінің өнері.  



6.

 

Этнографиялық зерттеулердің негізгі әдістері. 



7.

 

ХХ ғасырдағы Қазақстан археологиясының тарихы. 



8.

 

Қазақстан неолитінің жалпы сипаттамасы (б з.д VII -V мың.). 



9.

 

Этнография және этнологияның негізгі деректері. Типологиялық қағидасы.  



10.

 

Қазақстанның ерте темір дәуірінің кезеңделуі. 



11.

 

Жетіасар археологиялық мәдениеті. 



12.

 

Этнос теориясы - этнографияның ішкі бөлігі ретінде.  



13.

 

Еуразия кеңістігіндегі палеолит дәуірінің зерттеу тарихы. 



14.

 

Орталық  Азияның  қола  дәуірі:  Хорезм  археологиялық-этнографиялық 



экспедициясының жұмыстары. 

15.


 

Этникалық үдерістер: теоретикалық көріністері. 

16.

 

Х. Алпысбаев зерттеулеріне қатысты Қазақстанның полеолиті. 



17.

 

Палеометалл дәуірінің негізгі жетістіктері. 



18.

 

Қазақстан территориясындағы академиялық экспедициялар.  Негізгі  әдістері 



мен нәтижелері. 

19.


 

Ә.М. Оразбаевтың Қазақстан археологиясына қосқан үлесі. 

20.

 

Скифтердің Солтүстік  Қара теңіз аймағындағы археологиялық мәдениеті. 



21.

 

ХVIII  ғасырда  этнология  ғылымының  Еуропа  гуманитарлық    ғылымында 



қалыптасуының алғы шарттары. Этнологияның ғылым ретінде бекітілуі.  

22.


 

Оңтүстік 

Сібірдегі 

Афанасьев 

археологиялық 

мәдениеті: 

негізгі 

ескерткіштерінің түрлері. 

23.

 

Солтүстік Қазақстанның энеолит дәуірі. Ботай археологиялық мәдениеті. 



24.

 

Этнология  және  этнографияның  анықтамасы.  Ресей  және  әлемдік  ғылым 



дәстүріндегі этнология және этнографияның пәні мен объектісі. 

25.


 

Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуірі: Беғазы-Дәндібай мәдениеті. 

26.

 

Батыс  Қазақстан  мен  Оңтүстік  Орал  маңының  сармат  археологиялық 



мәдениеті. 

27.


 

Этнология  ғылымының    басқа  аралас  пәндермен  қарым-қатынасы.  ХХ 

ғасырдағы этнографиялық субдисциплиналардың дамуы. 

28.


 

Қазақстанның соңғы қола дәуіріндегі мәдениетер. 

29.

 

Шығыс  Қазақстанның  ерте  темір  дәуірі.  Шілікті,  Бәйгетөбе  зерттеулері 



негізінде. 

30.


 

«Дәстүрлі  мәдениет»,  «этникалық  мәдениет»,  «этнос  мәдениеті»  туралы 

жалпы түсінік.  

31.


 

Қола дәуірі тарихи дәуір ретінде. 

32.

 

Ерте  темір  дәуірінің    өзіндік  археологиялық  ерекшіліктері  мен 



заңдылықтары. 

33.

 

Әлем халықтарының түрлері мен жіктелуі.  



34.

 

Еуразия кеңістігінің қола дәуірі. Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы. 



35.

 

ІХ ғ. мен ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары. 



36.

 

Қазақ  этнографиясындағы  исламға  дейінгі  наным  сенімдердің  зерттелу 



мәселелері. 

37.


 

Қазақстан  қола  дәуіріндегі  тайпаларының  жер  шаруашылығы  мен  мал 

шаруашылығы.  

38.


 

Қазақстанның ерте көшпенділері туралы жазба деректер. 

39.

 

Қазақ  этномәдениетіндегі  материалдық  құндылықтардың  зерттелу 



мәселелері. 

40.


 

Андронов дәуіріндегі  кен жұмыстары. 

41.

 

Халықтардың «Ұлы қоныс» аударуы. Ғұндар. Байқал маңы, Солтүстік Қытай 



мен Батыс Еуропаға дейін. 

42.


 

Негізгі  этникалық  үрдістер.  Қазіргі  заманғы  этникалық  үрдістердің  зерттеу 

әдістері. 

43.


 

Қазақстанның қола дәуірінің өнері. 

44.

 

Қазақстан Алтайындағы ерте темір дәуірі: Берел қорымы. 



45.

 

ХХ-ХХІ ғғ. соңындағы этнография мен этнологиядағы этнос және этникалық 



теориясы. 

46.


 

Жетісу сақтарының археологиялық мәдениеті: Есік қорғаны. 

47.

 

Ақселеу Сейдімбек және қазақ әлемі. 



48.

 

Этникалық сәйкестілік және оның негізгі түрлері. 



49.

 

Археологиялық факт негізінде Еуразия  кеңістігіндегі ерте мемлекеттер. 



50.

 

Жетісу Үйсіндерінің мәдениеті. 



51.

 

Табиғат және этникалық стереотитердің маңыздылығы. 



52.

 

Еуразия кеңістігіндегі  ерте көшпенділер өнері және  мифологиясы. 



53.

 

Этнографиялық субпәндер. Нормативтік этнография. 



54.

 

1930-1980  жж  кеңес  этнографиясының  дамуының  негізгі  бағыттары  мен  



қалыптасуы. А.Х. Арғынбаевтың шығармашылығы. 

55.


 

Скиф-Сібір әлемі – өркениеттің негізгі түрі. 

56.

 

Этнологиядағы  функционализм  бағыты.  Функционализм  -  мәдениет 



зерттеуіндегі ерекше нысаны Б. Малиновский.   

57.


 

ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы  Қазақстандағы этнография  ғылымының дамуы.  

58.

 

Түркілердің археологиялық ескерткіштері. 



59.

 

Ұлттық этнография мектебінің қалыптасуы мен дамуы. 



60.

 

Кеңестік этнос теориясындағы  этникалық қоғамдардың тарихи  түрлері.  



61.

 

Еуразия кейінгі көшпенділерінің этносаяси тарихы. 



62.

 

Мәдени-шаруашылық түрлері, картография қағидалары. М.Г. Левин мен Н.Н. 



Чебоксаровтың шығармашылықтары. 

63.


 

ХVIII  ғасырда  этнология  ғылымының  Еуропа  гуманитарлық    ғылымында 

қалыптасуының алғы шарттары. Этнологияның ғылым ретінде бекітілуі.  

64.


 

Б.з. бірінші ғасырлардағы Орта Азияның қала мәдениеттері. 

65.

 

Этнологияның  шектес  пәндермен  байланысы.  ХХ  ғ.  субпәндердердің 



этнографиядағы дамуы.  

66.


 

Х. Арғынбаевтың қазақтың жанұялық неке қатынастарын зерттеудегі орны.  

67.

 

Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалары. 



68.

 

Этнографиялық зерттеулердегі компаративистік әдісі. 



69.

 

ХХ  ғ.  40-80  жж.  отандық  этнография  ғылымының  дамуындағы  негізгі 



ғылыми бағыттары. 

70.


 

Ерте ортағасырлық қалалар: сәулет өнері мен жобалануы. 

71.

 

Этникалық үрдістер. Этникалық үрдістердің типологиясы мен  жіктелуі. 



72.

 

Этнографиялық  зерттеулердегі типологиялық-салыстырмалы  әдіс. 



73.

 

Антикалық  дәуірдегі Орта Азия: Хорезм археологиясы. 



74.

 

Қазақтың ұлттық киімдері және оған қатысты дәстүрлі түсініктер. 



75.

 

Совет  этнос теориясының  этникалық тарихи  түрлері. 



76.

 

Отырар археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыстары. 



77.

 

Этнография мен  этнологиядағы  негізгі дерек көздері.Типологиялық 



қағидалары 

78.


 

Өтпелі  уақыт  жоралғысы  (Ритуалы  перехода).  Өмірлік  кезеңдеріндегі 

салт-дәстүрлер классификациясы (А. ван Геннеп и В.Тернер бойынша). 

79.


 

ХІІІ-ХV ғғ бірінші жартысындағы Қазақстандағы  қала мәдениеті. 

80.

 

Тарихи-этнографиялық аумағы мен аймақтары. Ресей ғылымындағы белгілеу 



қағидалары мен картографиялық тәжирибесі.  

81.


 

Далалық этнография және оның  әдістері. 

82.

 

Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалаларының зерттелу тарихы. 



83.

 

ХІХ  ғ.  соңы  мен  ХХ  ғ.  бірінші  жартысындағы  қазақ  зерттеушілері  мен 



ғалымдары. Олардың отандық этнография ғылымына  қосқан үлесі. 

84.


 

Кеңес  этнографиясындағы  этнос    теориясының    қалыптасуы.  (С.М. 

Широкогоров, П.И. Кушнер). 

85.


 

Қазақстанның кейінгі көшпенділерінің қоғамдық құрылымы. 

86.

 

ХІХ ғ. соңы  мен ХХ ғ. басындағы  этнология және әлеуметтік ғылым.  



87.

 

Этнология  ғылымдағы  негізгі  түсініктер  және  ХХ  ғ.  олардың  өзгеруі.  



Примордиализм. Конструктивизм және Инструментализм.  

88.


 

VI ғ. мен IX ғ.  бірінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен 

қоныстары. 

89.


 

Отандық  этнология  ғылымының  тарихы.  А.Х.  Марғұланның  отандық 

этнология ғылымына  қосқан үлесі. 

90.


 

Қазіргі  заманғы  этнология    ғылымының  негізгі    мәселелері.  ХХ  ғ.  

этнологиясындағы субпәндер саласының дамуы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


МАЗМҰНЫ 

  

1.

 

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері 

2.

 

 

6М020800 - Археология және  этнология мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға 

арналған  емтихан  сұрақтары  олардың  аталған  ғылым  салаларындағы  жалпы  білім  деңгейі  мен 

дайындығын анықтауға арналған. Бұл мамандық археология және этнология салалары бойынша 

жоғарыквалификациялы мамандарды дайындауға негізделген. 

Міндеттері: 

 



археологиялық және этнологиялық зерттеулердің теория-әдістемелік негіздерін білу; 

 



кешенді саралау және ғылыми әдебиет және тарихи деректерді қолдану әдістерін меңгеру

 



қолда бар материалды қарастыру үшін алынған теориялық білімді қолдана білу;  

 



ғылыми  мәселелерді  салыстырмалы  зерттеуде  шығармашылық-аналитикалық  қабілеттілікті 

жүзеге асыра білу;  

 

зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалды саралай және жүйелеу білу; 



 

археологиялық және этнологиялық әдістерді материалды жинау мен өңдеуде қолдану;   



 

отандық  және  шетелдік  археология  және  этнология  ғылымы  саласындағы  білімді  еркін 



меңгеру.  

 

Түсу  емтиханының  формасы  –  жазбаша,  емтихан  сұрақтары  бойынша  өзінің  жауаптарын 



жауап  парағына  жазып,  емтихан  комиссиясына  жауап  парағы  арнайы  код  арқылы  келеді. 

Апелляция берілген жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауаптары арқылы қарастырылады.   



 

3.

 

Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап  

 

Алдыңғы білім деңгейі – жоғары базалық білім (бакалавриат). 

Тапсырушылар  білуі  керек:  археология  және  этнология  ғылымдарының  іргелі  мәселелерін, 

аталмыш  тақырып  бойынша  әдіснамалық  негіздерді,  этнос  теориясының  этникалық 

зерттеулеріндегі  теориялық  аспектілерді,  қазақтардың  этникалық  тарихы  мен  этногенезі 

мәселелерін. 

Сонымен  қатар  оларда  отандық  және  шетелдік  антропология  ғылымы  алдында  тұрған  негізгі 

мәселелер  жайлы  нақты  түсініктер,  археологиядағы  негізгі  өзекті  бағыттар  жайлы, 

археологиялық  зерттеулердің  теориялық  аспектілері  мен  әдіснамасы  жайында,  археологилық 

ізденістердің  ережелері  жөнінде,  маңызды  археологиялық  ашулар  мен  қазақтардың  мәдени-

шаруашылық  түрлері  және  қазақ  халқының  заттық  және  рухани  мәдениетіндегі  зерттеулердегі 

мәселелері туралы нақты көзқарастары болу керек. 



 

 

 

 

3. Емтихан тақырыптарының атауы  

Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан 

билеттеріндегі сұрақтардың құрылымы төменде берілген тақырыптардан ерекшеленеді. 

 

 

«Қазақ халқының материалдық мәдениеті» пәні 

 

1.  Мәселенің  дереккөздері  мен  тарихнамасы.  Археологиялық  материалдар.  Көне  және 

ортағасырлық  тұрғын  үйлердің,  қоныстардың,  қалалардың  көркем  суреттерден,  ыдыстардан, 

барельефтерден және т.б. заттардан көрініс табуы. Революцияға дейінгі  тарихи-этнографиялық 

әдебиет. Шет елдік, кеңестік және қазақстандық тарихшы, археолог, этнолог, архитекторлардың 

зерттеулері. Музей коллекциялары мен мұрағат мәліметтері. Революцияға дейінгі суретшілердің 

еңбектері. 



2.  Қола  және  ерте  темір  дәуірлеріндегі    тұрғын  үйлер  мен  қоныстар.  Шығысында 

Минусинскіден  батысында  Оралға  дейінгі  андрон    археологиялық    мәдениеті    тайпаларының 

обалары,    қоныстары  және  тұрғын  үйлері.  Жер  кепелер,  жер  бетіндегі    тікбұрышты    тұрғын 

үйлер,    Солтүстік  Қазақстандағы    көне  қалалардың    (Арқайым)    негізін  салушы  қоныстар.  



Сырдарьяның төменгі ағысындағы  Тегіскен мазарлары. Сақтар мен совроматтардың  қоныстары 

мен  тұрғын  үйлері.  Жаңадарьядағы    Бәбіш-Молла,  Шірік-Рабад  қалалары  мен  отырықшы 

қоныстары.  Тянь-Шань  таулы  аудандарындағы,  Шу  даласындағы  үйсіндердің  қоныстары  мен 

тұрғын үйлері. Қаңлылардың Ақтөбе, Шаушұқым, Жаман-Тоғай, Төребай-Тұмсық қоныстары. 



3. Ерте және дамыған ортағасырлық қалалар, қоныстар және тұрғын үйлер (VІ  – ХІІІ 

ғғ.).  Көшпелі  және  отырықшы    тайпалардың,  халықтардың  өзара  қатынастары,  Жетісу  мен 

Оңтүстік Қазақстанның далалары мен қалалары. Қала мәдениетінің қалыптасуының автохондық 

және  соғдылық  үлгілері.  Арыстан-Баб  мешітінің,  Қожа  Ахмет  Яссауи  мазарының    құрылысы. 

Жаңа  архитектуралық    стильдің  қалыптасуы,  құрылыс  ісінде:  кірпіш  дайындаумен,  қаптау 

материалдарымен, байланысты құрылыс әдістерінің жаңартылуы. 

4. Ресей  империясының құрамындағы  Қазақстанның  елді мекендері,  тұрғын үйлері 

мен  қалалары (1734-1917 жж.). Кіші, орташа және ірі қалалар. Қалалар уездердің, облыстардың 

және  генерал-  губернаторлықтардың  орталығы  ретінде.  Қалалардың    жоспарлары  мен 

архитектурасы. Отырықшы қоныстар мен  тұрғын үйлер. Тұрғын үйлер, үйдің  жеке бөліктерінің  

қызметі.    Құрылыс  материалдары  мен    техникасы.    Елді  мекендер  мен  жылжымалы  түрлері,  

уақытша және мезгілдік. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен байланысты қоныстар 

мен  киіз  үйлер.  Киіз  үйдің  ішкі    жабдықтары.  Киіз  үй  бөліктерінің    даярлануы.    Тұрғын  үй 

құрылысымен және оған көшіп, кіру салтымен байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар. 

5. Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі және  тәуелсіз дамуы жылдарындағы  елді мекендері, 

тұрғын үйлері  мен қалалары. Ауылдар мен селолардың архитектуралық  – жоспарлануы мен  

орналасуына  революцияның,  1920-30  жж.  ұжымдастырудың  және  1950  ж.  тың  игерудің  әсері. 

Ауыл  тұрғын    үйлерінің    көлемдері    мен    жоспарлары.  Құрылыс  материалдары  мен  құрылыс  

әдістері.    Архитектуралық  безендіру.    Интерьер  (бөлменің  ішкі  көрінісі).  Үй-жайлардың 

құрылысы.    Тұрғын  үйдегі    жалпы  және  жеке    жабдықтар.  Кіші,    орташа  ірі  қалалар.  Облыс 

орталықтары,  Солтүстік    және  оңтүстік    астана  (Астана  мен  Алматы).    Қалаларды  салу  және  

жоспарлаудың  ерекшеліктері.  Қала  шаруашылығы.  Қалалықтардың  тұрғын  үйлері.  Қала  типтес 

кенттер, ауылдар мен селолар. 



6.  Қазақстан  территориясындағы  тайпалар  мен  рулардың    киім  үлгілері  мен  әшекей  

бұйымдары.    Киімді,  бас  киімді  дайындаудың    көне  материалдары,    үй  жануарларының  

жүндері,  терісі.  Петроглифтардағы,  тасқа  салынған  суреттердегі  тас  ғасыры,  неолит  және  қола  

дәуірлерінің  киімдерінің    фрагменттері  (үзінділері)  бейнеленген  суреттер,  сюжеттер  мен  

композициялар. Орта ғасырлар және Қазақ хандығы  дәуіріндегі  әшекейлер мен киімдер кешені. 

Түрік  дәуіріндегі    тасқа  салынған    бейнелердегі,  мүсін  ескерткіштеріндегі,  тас  балбалдардағы 

киімдердің  композициясы. Сырттан әкелінген маталардың, шыт бұйымдарының таралуы. 



7.  ХІХ-ХХ  ғ.  басындағы  дәстүрлі    киім-кешек  және    әшекейлер  кешені.  Этникалық,  

экономикалық  және  табиғат  жағдайларына  байланысты  көне  әдет-ғұрыптардың  қазақтардың 

ұлттық  киімінен  көрініс  табуы.  Қарапайым  халық  арасында  үйде  қолдан  жасалған  киімдермен 

(теріден,  жүннен)  қоса,  шыт  маталардан  жасалған  фабрика  өнімдерінің:  шыт,  бөз,  мақтадан 

тоқылатын кездеменің, сонымен қатар ортаазиялық қолөнер бұйымдарының таралуы. 

8.  Дәстүрлі  тағамдану  жүйесінің    экологиялық  жүйемен  және  шаруашылық  түрімен 

байланысы. Тамақтану жүйесінің құрылымы: өсімдік және мал  өнімдерінің  басым түсуі. Балық 

өнімдерін    пайдалану.  Қазақтардың  дәстүрлі  тағамдануындағы  үй  құсы  етінің  болмауы.  Сүт 

тағамдары.  Өсімдік  тағамдары.  Тамақтану:  режим,  этикет.  Қазақтардың  тамақтану  жүйесінің  

өзгеруі. Тамақтануға байланысты ырымдар мен әдеп-ғұрыптар.  

 

«Қазақстанның ортағасырлық археологиясы» пәні 

 

1.  Ортағасырлық  қалалар  және  қоныстар.  Ортағасырлық  қалалар  мен  қоныстардың 

зерттелуі  және  негізгі  мәселелері.  Отырықшы,  жартылай  отырықшы  және  қалалық  мәдениет 

орталықтарының  аймақтары:  Онтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік-батыс  Жетісу  (Шу,  Талас  өңірі), 

Солтүстік-шығыс  Жетісу  (Іле  өңірі),  Орталық  және  Шығыс  Қазақстан,  Батыс  Қазақстан.  Орта 

ғасырдағы  саяси  жағдайлардың  әсері.  Мал  шаруашылығы  және  жер  шаруашылығының  ара 

қатысы.  Ұлы  Жібек  жолы  және  ортағасырлық  қалалар  мен  елді  мекендер  туралы  тарихи 

деректер. 


2.  Ортағасырлық  қалалар  мен  қоныстардың  археологиясының  зерттелу  тарихы. 

Қазақстанның  ортағасырлық  археологиясының  тарихы.  Ортағасырлық  археологиялық 

зерттеулердің  негізгі  кезеңдері.  П.И.  Рычков,  С.О.  Гуляев,  Ш.Ш.  Уәлиханов,  П.И.  Лерх,  П.И. 

Паллас,  және  басқалардың  зерттеулрі  және  іргелі  еңбектері.  В.В.Батальдтың  Орта  Азия  мен 

Қазақстанның ортаңасырлық археологиясын зерделеуге қосқан үлесі.  

3.  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісудың  жер  шаруашылығы  және  мал  шаруашылығы 

мәдениеттері  (б.з.д.  І  –  б.э.  V  ғ.).  Қаңлылардың  археологиясы,  жазба  деректері.  Жетіасар 

қойнауы, Отырар-Қаратау бойлары мәдениеттері. Қауыншы мәдениеті туралы мәселе. Алтышар, 

Томпақ Асар археологиясы. Сырдарияның орта ағысы  – Көк-Мардан, Алтын төбе, Ақтөбе т. б. 

Ескерткіштердің түрлері, қалалардың бөліктері, үй орындары, қоғамдық ғимараттары, қорғаныс 

қамалдары. Материалды мәдениет. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет