Баяндау /рассказ/ оқытудың сөздік əдісі, ол бойынша оқу материалының мазмұны ауызша айтылған күйде беріледі. Баяндауға қойылатын педагогикалық талаптар: сабақ берудің идеялық адамгершілік бағытталғандығын қамтамасыз ету; хабарланатын ақпараттың дұрыстығы; қойвлатын, дəлелденетін жағдайлардың дұрыстығын дəлелдеу үшін жарқын көз жеткізетін мысалдарды, фактілерді келтіру; баяндаудың эмоционалдығы; баяндау тілінің жатықтығы жəне түсініктілігі, беріліп жатқан фактілерді, деректерді бағалауда өзінің тұрғысын, көзқарасын көрсету.
Бұл əдістің функциясы – оқытушылық. Бұл əдіс көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылды. Мақсатына қарай баяндаудың бірнеше түрін бөледі: баяндау-кіріспе, баяндау – мазмұнын ашу, баяндау – қорытынды.
Түсіндіру – оқытудың сөздік əдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мəнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы жəне қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мəселенің, сұрақтың тұқ етерін дəл жəне анық қою, себеп- салдар байланыстарды, аргументацияны жəне дəлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сəйкес келтіру, аналогия тəсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету.
Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.
Əңгіме – диалогиялық оқыту əдісі, мұнда мұғалім мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы оқушыларды жаңа материалды түсінуге алып келеді немесе өткенді қалай меңгергендігін тексереді.Əңгіменің мынадай түрлері бар: эвристикалық əңгіме /мұғалім оқушылардағы бар білім
мен тəжірибеге сүйене отырып, жаңа білімді меңгеруге жəне түсінуге ережелер мен қорытындыларды жасауға алып келеді/; хабарландыратын əңгіме /жаңа білімді хабарлау үшін/; бекітуші əңгіме / жаңа материалды оқығаннан кейін қолданады/; жеке əңгіме /сұрақтар бір оқушыға қойылады/; фронталдық əңгіме/ сұрақтар сыныптың бүкіл оқушыларына қойылады/.
Əңгіменің бір түрі - əңгімелесу (собеседование). Əңгіме оқушыны белсенді жағдайға қояды, олардың сөйлеуін жəне еске сақтауын дамытады, зор тəрбиелік мүмкіншіліктері бар.
Дəріс/лат.lectio - оқу/ теориялық сипаттағы оқу материалын мұғалімнің жүйелі, бірізділікпен, монологиялық баяндауы. Көбінесе жоғары сыныптарда жəне жоғары оқу орындарында қолданылады. Дəрістік əдістің технологиясы мынадай: оқушыларға жоспарды хабарлау, конспектілеудің ерекшеліктерін көрсету, басты қорытындыны жəне жалпылауды, интонациялық бөлу жəне қайталау, риторикалық сұрақтар, иллюстративтік материалды көрсету, ішінара талқылау, сұрақтарға жауап беру, əдебиеттерге қысқаша шолу.
Пікірталас /дискуссия/ /лат.disussio – қарастыру, зерттеу/ шындықты іздеуде оқушыларды ұжымдық белсенді іс-əрекетке қатыстыру арқылы оқыту процесінің қарқындылығын жəне тиімділігін арттыратын оқыту əдісі.
Оқыту пікірталасының басты функциясы – танымдық қызығушылықты ынталандыру; көмекші функциялары оқытушылық, дамытушылық, тəрбиелеушілік жəне қадағалаушылық – түзетушілік болып табылады.
Оқу пікірталасының тиімділігінің маңызды шарты – оқушыларды мазмұндық жəне формальдық жағынан бастапқы жəне мықтап даярлау болып табылады.
Оқытудіңкөрнекілікəдісінежататындар: көрсетілімдер /демонстрация/, иллюстрациялар, видеоəдіс.
Көрсетілім /демонстарция/ /лат.demonstration – көрсету/ - бұл əдістің мəні сабақта бүкіл сыныпқа əр түрлі көрнекілік құралдарды көрсету болып табылады.
Көрсетілімнің объектілері: көрсетілім сипатындағы көрнекілік құралдар – суреттер, кестелер, схемалар, карталар, диапозитивтер, кинофильмдер, модельдер, макеттер, диаграммалар, ірі натуралды объектілер мен препараттар жəне т.б. мұғалімнің физика, химия, биология т.б. сабақтарында өткізетін тəжірибелері.
Көрсетілімді жаңа материалды меңгергенде, сонымен бірге өткен материалды жалпылағанда жəне қайталағанда қолданады.
Көрсетілімді қолданудың тиімді шарттары: ұтымды ойластырылған түсініктемелер; көрсетілетін объектіні барлық оқушылардың жақсы көретіндей жағдай жасау; көрсетілімді даярлауға жəне өткізуге барынша көп оқушыны тарту.