Информатика сабағында көп функционалды электрондық оқулықтар:
-окушылардың өз бетінше білім алу қызметінұйымдастыруга;
-әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
~оқу процесінде мультимедиа технологияларын, гипермәтіндік және гипермедиа жүйелерін пайдалануға;
-оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік деңгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
-оқытуды басқаруга, оку қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруга интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар беруге;
-оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
- қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне "дыбыс беру", олармен диалог "жүргізу" қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.
Информатика сабағында электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңіддетеді. Окытудың әр сатысында компьютерлік тестер аркылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалык, бейне және дыбыс бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалыктарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондыктан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Оқушылардың компьютер сыныбында жұмыс жасау іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
Бастауышта жұмыс істеуде орта мектепте математика оқытуда жоспарланған жалпы мәселелерді есепке алу және бұл мәселелерді шешудегі бастауыш білімнің рөлін дұрыс бағалай білу керек.
Орта мектеп математика жоспарына қатысты көптеген мәселелер бастауыштың өзінде тиісті дәрежеде берік үйретілуі керек, яғни олар оқушылар санасында өмір бойы сақталып қалатын болсын, ал кейбір мәселелер жоғары сыныпта толық түрде өтілуіне қарай, бастапқы ұғымдар, дайындық есебінде қаралады. Немесе біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру процессінде пікірлеу қабілетін арттыру мақсатында қаралады.
7. Логика мен алгоритмдік желіні машинасыз оқытуда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
Бастауыш сыныпта, информатика пәнінде бақылау әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.
Информатикадан үй тапсырмасын ұйымдастыру.
. Информатика пәні бойынша үй жұмысы
Оқушылардың үй жұмысы деп – құрылған сабақта кестесінен тыс оқу тапсырмаларын өздігінен орындауды айтады.
Үй
жұмысының
сыныптағы жұмыстан
принциптік
айырмашылығы, мұғалімнің берген нұсқаулары бойынша, оның
тікелей басқаруынсыз орындалады. Оқушы үй жұмысын орындау
уақытын, ырғағын және қарқынын өзі таңдайды.
9. Информатикадан оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
10. Ақпарат және оның түрлері (мәтіндік, графикалык, дыбыстық), ақпараттық нысандар (мәтіндер, бейнелер, дыбыстық және бейне жазылымдар), сілтемелер. Ақпарат көздері (кітаптар, теле көрсетілімдер, Интернет, ауызша сөйлесу).
11. Ақпаратпен жұмыс: іздеу, таңдау, түрлендіру, сақтау, ұсыну, қолдан
ешқандай Ақпараттануға елеулі Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты
жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгия ғалымы П.Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру
өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да Ақпараттану дербес пән ретінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал Ақпараттану Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-технологиялық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары:
ғылыми-технологиялық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау.191 жылы Қазақстан ҒА-ның Ақпараттану мен басқару институты ашылды. Оның лабораторияларында іргелі зерттеулер “Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді жасаудың теориялық мәселелері” және Республикалық ғылыми-технологилық
бағдарлама саласында “ҚР халық шаруашылығын ақпараттандыру” бағдарламалары бойынша жүргізіліп келеді. Ақпаратты іздеу осы институтта қарастырылған іргелі мәселелердің бірі болды.
12. Ақпараттық технология құралдары (телефон, телевизор, магнитофон, компьютер және т.б.). Нұсқау бойынша батырмалы құрылғыларды басқару.
Ақпараттық технология түрлері
Мәліметтерді өңдеудің АТ қажетті енгізетін мәліметтері бар және алгоритмі белгілі және оларды өңдейтін басқа да стандартты процедуралар қолданылатын жақсы құрылымдағы есептерді шешу үшін қажет.
Бұл технология орындалатын операциялық қызмет деңгейінде қолданылады.
Операциялық (орындалатын) қызмет деңгейінде келесі есептер шешіледі:
-фирма өндіретін,операциялар туралы мәліметтерді өңдеу.
— Фирмадағы істер туралы периодты бақылау есептерін құру.
— Барлық мүмкін сұраныстарға жауап алу және оларды қағазды құжат түрінде немесе есеп түрінде әрлеу.
Берілген технологияны басқадан айыратын мәліметтерді өңдеумен байланысты бірнеше ерекшеліктері бар.
-мәліметтерді өңдеу бойынша фирмадағы қажеттіліктердің орындалуы.
— алгоритмді өңдеуге болатын тек жақсы құрылғыдағы есептерді шешу.
— өңдеудің стандартты процедурасын орындау.
— мәліметтерді өңдеу процедуралары мен олардың адамдардың аз қатысуымен автоматты режимде негізгі жұмыс көлемін орындау.
— детальданған мәліметтерді қолдану.Фирманың қызметі жөніндегі жазбалар ревизияны жүргізетін детальді (нақты)түрде болады.
— ревизия процесінде фирманың қызметі басынан соңына, соңынан басына дейін тексеріледі.
— болған жағдайға акцент:
— мәселені шешуде басқа деңгейдегі мамандар тарапынан минимальді көмек талап ету.
Мәліметтерді өңдеу.АТ негізгі компоненттері және олардың мінездемесі.
Мәліметтерді жинау.Фирманың шығарған өнімнің әрқайсысының әрекеті мәліметтердің сәйкес жазбаларымен жүргізіледі[3].
Мәліметтерді өңдеу. Фирма қызметін көрсететін, келіп түскен мәліметтер ақпаратын құру үшін келесі типтік операциялар қоданылады:
-классификация немесе топтастыру. Алғашқы мәліметтер бір немесе бірнеше символдардан тұратын код түрінде болады. Объектілердің белгілерін көрсететін бұл кодтар жазбаларды идентификациялау және топтастыру үшін қолданылады.
— арифметикалық және логикалық операцияларды қолданып, есептеу. Мәліметтер үшін орындалатын бұл операциялар жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
— агрегаттау немесе үлкею, нәтижелік немесе орта мәндерді есептеу түрінде таралатын, мәліметтер санын кеміту үшін қолданылады.
Мәліметтерді сақтау.Операциялық қызмет деңгейіндегі көптеген мәліметтерді кейін де қолдану үшін сақтау қажет. Оларды сақтау үшін мәліметтер базасы құрылады.
Есеп құру(құжаттардың) мәліметтерді өңдеу АТ-да сыртқы серіктестер үшін де, фирма жұмысшыларына жетекшілік жасау үшін де құжаттар құру қажет.Бұл кезде құжаттар сұраныстар бойынша немесе фирманың жүргізген операцияларына байланысты, әр айдың соңында , кварталдың немесе жылдың соңында периодты түрде құрыла алады.
Негізгі компоненттер:Деректер базасы. Кез келген технологияның міндеті компоненттік деректер базасы болып табылады. Автоматтандырылған офисте деректер базасы фирманың өндірістік жүйесі жөніндегі деректерді дәл операциялық деңгейде құрайды. Деректер базасына ақпарат фирманың сыртқы ортасынан да келіп түсуі мүмкін. Мамандар ДБ ортасында негізгі техникалық операциялармен жұмысты меңгере алу қажет.
Текстік программалар. Бұл текстік құжаттарды құру және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламалық жабдықтардың түрі. Ол сөздерді қосуға және өшіруге, абзацтар мен сөйлемдерді араластыруға, форматты орнатуға, текст элементтерімен режимдерін басқаруға т.б. мүмкіндік береді.
Электрондық пошта. Электрондық пошта (E-mail), компьютерді желілік негізінде қолданылады, қолданушыға желі бойынша өз серіптестігіне хабарламалар жіберіп, сақтауға, алуға мүмкіндік береді. Онда тек бір бағыттағы байланыс орын алады.
Аудиопошта.Бұл пошта хабарларды дауыспен тасымалдайды. Мұнда клавиатурадан хабарлама терудің орнына телефон арқылы бересіз.Сондай-ақ телефон арқылы сізге жіберілген хабарламаларды ала аласыз. Аудиопошта сондай-ақ желіде таралады.Аудиохабарламаларды жіберу поштасы мәселені шешуге тиімді қолданылады.Электрондық поштамен салыстырғанда аудиопоштаның негізгі ерекшелігі сол, оны пайдалануда клавиатурадан берілгендерді ендірудің қажеті жоқ
Кестелік процессор. Текстік процессор сияқты, бұл да автоматтандырылған офистік технология және кез келген қызметкер үшін ақпараттық мәдениетті құрайтын база болып табылады. Жұмыстың технологиясының негізін білмей тұрып, мұнда өз қызметіне дербес компьютерді толығымен қолдану мүмкін емес. Кестелік процессорлар ортасындағы программалық функциялар кестелік түрде мәліметтермен көпсанды операцияларды орындауға мүмкіндік береді.Бұл операцияларды жалпы ерекшеліктерімен біріктіре отырып, анағұрлым көпсанды және қолданылатын техникалық операциялар тобын белгілеп алуға болады.
— Мәліметтерді клавиатурадан ендірген сияқты МҚ-нан енгізу.
— Мәліметтерді өңдеу (сорттау, қорытындыны автоматты түрлендіру, көшіру және мәліметтерді тасымалдау, т.б.)
Телефон (теле грекше τῆλε - "алыс" және phone – "дауыс, дыбыс") — қашықтықтан дыбысты таратуға және қабылдауға арналған құрылғы.
Телефоннан шыққан электр тербелістерін дыбыс тербелістеріне түрлендіруге арналған электроакустикалық аспап. Қазіргі заманғы телефондар электр сигналдарының көмегімен алыс қашықтықтардан сигнал алмасуға мүмкіндік береді. Телефон деген кеңінен таралған қысқарған атауы патент берген сәттен бастан, бірден қолданысқа еніп кетті.
Телефонда электр тербелістерін дыбыс тербелістеріне, дыбыс тербелістерін электр тербелістеріне түрлендіру микрофон көмегімен атқарылады. Телефон электромагниттік, электрдинамикалық және пьезоэлектрлік болып бөлінеді. Қазіргі кезде электронды есте сақтау құрылғысымен жабдықталған телефон аппараттары бар.
13. Ақпаратты іздеу және ұйымдастыру: мазмұны, көрсеткіштер, каталогтар, анықтамалар, жазба кітаптары.
Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгия ғалымы П.Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру ешқандай Ақпараттануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасыныңпайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға кө шу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да Ақпараттану дербес пән ретінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал Ақпараттану Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-технологиялық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары:
ғылыми-технологиялық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін
дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау.1991 жылы Қазақстан ҒА-ның Ақпараттану мен басқару институты ашылды. Оның лабораторияларында іргелі зерттеулер “Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді жасаудың теориялық мәселелері” және Республикалық ғылыми-технологилық
бағдарлама саласында “ҚР халық шаруашылығын ақпараттандыру” бағдарламалары бойынша жүргізіліп келеді. Ақпаратты іздеу осы институтта қарастырылған іргелі
мәселелердің бірі болды Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым. Ақпараттық іздеу терминін 1948 жылы алғаш рет докторлық диссертациясында Кельвин Мур енгізген. Аталған термин 1950 жылдан жарияланып, қолданылып келеді. Алдымен автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі немесе ақпараттық-іздеу жүйесі ғылыми әдебиетте ақпараттық төңкерісті басқару үшін қолданылды. Бірқатар университеттер және кітапханалар ақпараттық іздеу жүйесін кітапты, журналды және басқа құжаттарды алды қаматамасыз ету үшін пайдаланды. Ақпараттық іздеу жүйесінің кеңінен таралуы Интернет желісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды. Орыс тілді пайдаланушыларда Google, Яндекс және Рамблер іздеу
жүйелері пайдаланылады.
14. Мультимедиалық оқыту бағдарламаларына қойылатын талаптар туралы әңгімеле
Мультимедиа технологиясы - мәтін, гарфика және видеомульти-пликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолданылу саласын кеңейтеді. Мультимедиа - бұл әртүрлі формада берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені. Технология ол – «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Педагогикалық технология – бұл жастарға әсер ету тәсілдері ішінен педагогикалық тұрғыдан пайдалы саналып, практикада тиімді түрде қолдану мақсатында мұғалім таңдап алған, оған қажет болатын білім, біліктілік және дағдылар кешені.
Мультимедиалық оқулықтарды және коммуникациялық құралдарды қолдану мен оқыту істерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға болады. Мультимедиалық оқулық — оқушылардың қызығуын арттырып, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды. Мультимедиалық оқулық оқу материалдарын демонстрацияланған гармоникалық түрде жеткізеді. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түрінде әртүрлі суреттер, сұлба, тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны мида бекіту үрбістері бір уақытта өтіп отырады да материалдық қорыту үрдісі ұтымды болады. Бұлар практикум компьютерлер көмегімен жүзеге асырылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал толықтырушы материалдар интерактивтік компьютерлік типте жүзеге асады. Оқытушылар үшін де мультимедиалық электрондық оқулық — күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Қазіргі заманға сай мультимедиалық жүйелерінен тұратын ақпараттық технологияларды оқу үрдісін жоғарылатуда қолдануға болады. Сондай ақ құралына виртуалды зертхана мысал бола алады. Виртуалды зертханалар нысандарды компьютерлік білім беру жүйесінде моделдеуге және жаратылыстану ғылымдарының физика, химия, биология және т. б. сияқты пәндерін оқып үйренуде жаңа білімдерді меңгеруге, үйренуге көмектеседі. Химиялық, физикалық, биологиялық және т. б. білім беруде виртуалды эксперименттерде мәні белгіленеді және оның қолданысы ерешеленеді
15. «Word Pad» мәтіндік редакторында жұмыс жасау. Калькулятормен жұмыс.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін косуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға
болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге жазып қоюға да болады
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
Калькулятормен жұмыс жасау
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолджанбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.
Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз
Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.
(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.
Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.
Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасыменкалькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.
16. Ақпараттық технологиялар курсының ұғымдарын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
17. Алгоритмдік курстағы аса маңызды ұғымдар мен әрекет тәсілдерін логикалық - дидактикалық тұрғыдан талдау.
Кез келген ой процесі тұрады бірнеше ақыл-ой операцияларын. Көбінесе олардың көпшілігі емес, ұсынылады, ал кейде олар туралы емес деп күдіктенуде. Психологтар атап өткендей, тиімді оқыту үшін осы операцияларды анықтау керек және арнайы оларға үйрету. Бұл кем дегенде қажет, ол оқыту өзі ережелері. Меңгеру жоқ операциялық тарап ойлау ережелерін білу сплошь и рядом көрсетіледі пайдасыз көрсетеді, өйткені оқушы емес, жай-күйі, оларды қолдану. Бұл жағдайда, орындау ақыл-ой іс-әрекеттердің осыған ұқсас іс-әрекеттерді орындау еңбек. Шын мәнінде, орындау сол немесе өзге еңбек міндетін, мысалы, бөлшек, мүмкін емес жүргізе отырып, сол немесе өзге де еңбек операцияларын. Дәл шешуге болмайды грамматическую, математикалық, физикалық, жалпы кез келген зияткерлік міндет емес, жасап бірқатар интеллектуалдық операциялар. Егер ол жоқ, егер, мысалы, сауатты жазу жеткілікті болды бір ережелерін білуін, онда жоқ еді үлгермейтін орыс тілі.
Сол мәні алгоритмдеу.
Астында алгоритміне педагогикалық психология әдетте түсінеді дәл, общепонятное сипаттамасы белгілі бір реттілікпен, зияткерлік операциялар, қажетті және жеткілікті шешу үшін кез келген міндеттерді тиесілі сәл сыныбы.
Қаншалықты өзекті, дейді, мысалы, қателерді талдау, туындайтын шешу кезінде грамматикалық тапсырмалар.
Грамматикалық қате—көрсеткіш жасай алмау проблемаларына аудару шешуге грамматическую міндет. Зерттеулер көрсеткендей, мектеп оқушылары жақсы біледі барлық ережелерін жасайды және қателер дәл, өйткені білмейді, бұл ережелерді қолдануға, білмейді тиісті әдістерін іс-қимыл және ойлау.
Білмей ортақ шешу әдістерін грамматикалық тапсырмаларды оқушылар толық жауап бере алады, және қандай ретпен керек, танымаса, бұл грамматикалық құбылыс (мысалы, болып табылады ма, бұл ұсыныс сложносочиненным немесе сложноподчиненным).
Психологтердің үлкен разнородность шешім қабылдау, белгілі бір міндеттері әр түрлі сынып. Было замечено сондай-ақ, разбирая қандай да бір ұсыныс, оқушы жүргізілуде бір жолмен, разбирая мынадай, осындай,— басқа болғанымен, шын мәнінде әдісі іс-әрекет екі жағдайда болуы тиіс жалпы, бірыңғай. Осыған байланысты оқушылардың жиі сенімсіздік өзінің іс-әрекеттері мен шешімдері.
Жиі қателер және босануға, оқушылар біледі және қолданады бір бөлігі ғана қажетті операцияларды тану үшін сол немесе өзге грамматикалық құбылыстар, немесе оларды пайдаланады жоқ кезегімен, онда қажет.
Оқыту алгоритміне болады әр түрлі. Мысалы, беруге оқушыларға алгоритмдер дайын күйінде, олар жай ғана оларды жаттай, ал содан кейін бекіту кезінде, жаттығуларды. Бірақ солай оқу үрдісін ұйымдастыру үшін алгоритмдер «ашылды» оқушылардың өздерінің. Бұл тәсіл, ең құнды дидактикалық тұрғыдан талап етеді, бірақ үлкен уақыт шығындарын.
Айтылуда деген қауіп оқыту алгоритміне әкелуі мүмкін стандарттау ойлау, басу шығармашылық күштері. Бірақ, жауап береді жақтастары алгоритмдеу, тәрбиелеу қажет ғана емес, шығармашылық ойлау. Үлкен орын алатын оқыту иеленеді әзірлеу, әр түрлі автоматтандырылған іс-әрекеттер — дағдыларын дамыту. Бұл дағдылар — қажетті компоненті шығармашылық процесін, онсыз, ол жай ғана мүмкін емес.
Бұдан әрі, оқыту алгоритміне ғана шектелмейді заучиванию. Ол көздейді және өз бетінше ашу, құру және қалыптастыру алгоритмдер, ал бұл шығармашылық процесс. Осылайша, алгоритмдеу мүмкін тамаша оқу құралы шығармашылық ойлау. Ақырында, алгоритмдеу қамтиды емес бүкіл оқу процесі, ал ғана оның компоненттері, ол ұсынылады орынды.
Қате ұсынуға және де, меніңше, алгоритмдеу, автоматизируя кейбір тараптар оқу қызметінің қандай-да бір шамада умаляет мұғалімнің ролі. Мұғалім жақтаушылардың пікірі бойынша, осы оқыту тәсілі болды және болып қалады басты тұлғасына оқыту. Онда бұрынғысынша жатуға ұйымдастыру функциялары ұжымының тәрбиелеу және оқушы. Әсері оның жеке басын алмайды деген ешқандай алгоритмизованное жәрдемақы немесе оқыту машинасы.
Негізсіз және пікір, бұл алгоритмдер білдіреді біршама сверхпрограммный материал, осложняющий оқу процесі. Қосымша жүктеме қиындықтар мен оқушылар үшін құрылады емес кезде олардың ақыл-ой қызметін енгізеді белгілі бір тәртібі мен жүйесі, ал бұл тәртібі мен жүйесі жоқ.
18. Мектеп пәндерін программамен қамтамасыз ету.
Мектептегі 5-9 сынып оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі
Мектептегі 5-9 сынып оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі: 5- сыныптарда 64 оқушы қазақстан тарихы оқулығымен 100%-ға, ағылшын тілімен 15,6%-ға, математика -
20,3% - ға, жаратылыстанумен- 15,62%-ға, қазақ тілі оқулығымен – 17,1%-ға, русская речьпен 20,3%-ға, әдебиетпен 25%-ға, технологиямен 17,1%-ға, бейнелеумен 20,3%-ға, музыкамен 17,1%-ға қамтамасыз етіліп отыр.
6- сыныптарда 82 оқушы ежелгі қазақстан тарихы оқулығымен 73%-ға, ежелгі дүние тарихымен – 86,5%-ға, ағылшын тілімен 41,4%-ға, математика -92,6% - ға, қазақ тілі мен әдебиетімен – 100%-ға, русская речьпен 90%-ға, 25%-ға, технологиямен 29,2%-ға, бейнелеумен 21,9%-ға, музыкамен 19,5%-ға , география - 79%-ға, биологиямен 90%-ғақамтамасыз етіліп отыр.
7- сыныптарда 75 оқушы қазақстан тарихы оқулығымен 85,3%-ға, дүние жүзілік тарихымен – 86,6%-ға, ағылшын тілімен 46,6%-ға, алгебрамен -22,6% - ға, геометриямен – 26,6%, русская литературамен-12%-ға, русская речьпен -93,3%-ға , география - 93%-ға, биологиямен 93,3%-ға,физика мен, информатикамен де 93,3%-ға қазақ тілімен- 86%-ға әдебиетіпен – 40%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.
8- сыныптарда 76 оқушы қазақстан тарихы оқулығымен 100%-ға, дүние жүзілік тарихымен – 100%-ға, ағылшын тілімен 80%-ға, алгебрамен -92,6% - ға, геометриямен – 100%, русская литературамен-47%-ға, русская речьпен -100%-ға , география - 100%-ға, биологиямен 100%-ға,физика мен, информатикамен де 100%-ға қазақ тілімен- 100%-ға әдебиетіпен – 100%-ға, технологиямен - 100%-ға, химиямен - 100%-ға қамтылғаны байқалады. Бұл көрсеткіш 8 сынып оқушыларының оқулықпен мемлекет тарапынан 100%-ға қамтылғаны көрінеді. 9- сынптарда 111 оқушы бар, олардың оқулықпен қамтамасыз етілуіне тоқталсам: қазақстан тарихы оқулығымен 97,2%-ға, дүние жүзілік тарихымен –61,2%-ға, ағылшын тілімен39%-ға, геометриямен – 59,4%, русская литературамен-100%-ға, география – 97,2%-ға, биологиямен 97%-ға,физикамен-58,5, %-ға, информатикамен 60%-ға қазақ тілімен- 59%-ға әдебиетіпен – 100%-ға, технологиямен - 100%-ға, химиямен, алгебрамен, русская речьпен құқықтанумен -59%-ға, сызумен – 18,9%-ға қамтылған.
Бұл сараптамадан 5- сыныпқа арналған оқулықтардың әлі де жеткіліксіз мөлшерде екенін аңғарамыз.
Енді 10 сыныптардың оқулықтармен қамтамасыз етілуіне келсем сыныптардағы 37 оқушыға қазақстан тарихы оқулығымен 100%-ға, дүние жүзілік тарихымен –82%-ға, ағылшын тілімен -46,80%-ға, геометриямен – 72,9%, русская литературамен-75,6%-ға, русская языкпен -72,9%-ға , география – 82%-ға, биологиямен 97%-ға,физикамен-89,10, %-ға, информатикамен 89,1%-ға қазақ тілімен- 89%-ға әдебиетіпен – 100%-ға, химиямен-78%-ға, алгебрамен-,64,80%-ға қоғамдық білім -72,9%-ға қамтылып отыр. 11- сыныптардағы 34 оқушы түгелдей 100%-ға оқулықпен қамтылды.
19. Мемлекеттік білім стандартын талдау. сипаттамасы.
Жалпы бұл стандартты қолдану мынадай мақсаттарға қол жеткізуді қарастырады:
- білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптар есебінен білім беру сапасын арттыру және техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру;
- білім алушыларды даярлауды бағалау жүйесінің әділділігі мен ақпараттылығын арттыру;
- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарды оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын жақсарту;
- еңбек рыногында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда дербестік беру;
- оқу орындарында білім алушылар құзыреттілігін бағалауды негізгі білім беру нәтижелері түрінде әзірлеу;
- білім беру бағдарламаларының бірізділігін және білім берудің келесі деңгейінде оқытуды жалғастыруды қамтамасыз ету
20. Бастауыш мектеп пен 5-6 сынып оқушыларының білім, білік және дағдыларына қойылатын бағдарламалық талаптарды талдау.
Қазіргі заман талабына сай білім берудің болашағы қоғамның дамуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлілігімен анықталады. Интеграция, яғни кіріктіру, дегеніміз: (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру. Білім берудің сапасы мен деңгейін жан–жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін шығармашыл, еңбекқор ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде. Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр.
Ел болашағы - білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру - ұстаздар қауымына ортақ іс. Сондықтан ұстаздарға жаңаша бағытта жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты борышы.
Интеграциялау (кіріктіру) – бөліктерді бүтін шығатындай біріктіру, оларды бір тұтас болатындай етіп қосу. Осы тұрғыдан қарастырғанда, кейбір пәндерге қатысы бар материалдарды белгілі бір пән ауқымында жеке өткеннен гөрі, оның мазмұны кең қамтылатындай етіп, интеграцияланып оқытылғаны тиімді. Интеграциялау (кіріктіру) – материалды жан-жақты игерту, оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірлік практикада қолдануда тиімді әдіс. Сонымен бірге оқушының саналық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарын ұштауда, оқу мерзімін тиімді пайдалануда, оқу-тәрбие процесін басқаруда пайдасы зор.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми — педагогикалық еңбектерінде талданған.
21. Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының ерекшеліктері
Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту жалпы бастауыш сыныптың мақсатына сəйкес болуы жəне өзінің пəндік шеңберінде бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.
Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде табысты болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен дағдының құрылымы болып табылады.
форматика курсын жоғарғы сыныптардан төменгі буынға көшіру қажеттіліктерін осы бағыттағы жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған дəлел ретінде информатиканы төменгі сыныптарда оқыту жөнінде жүргізіліп жатқан мұғалімдердің эксперименттері мен жарияланып жатқан мақалалары, сондай-ақ 1–4 сыныптар үшін информатикадан ұйымдастырылған үйірме жұмыстары мен факультатив сабақтарды айтуға болады.
Информатика курсының бастауыш сыныптарда оқытылуы жөнінде шетелдерде жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде бірқатар жинақталған тəжірибелер бар
Көптеген əдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пəн ретінде жоғарғы сыныптарда оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптасуын кешеюілдетеді, бұл пəнді оқу барысында қалыптасатын дағды бір ғана пəнге тəн емес екенін, жалпы білім беретін мəні бар болып есептелетінін атап көрсетеді
Біздің балаларымыздың ертеңгі күні — бұл ақпараттық қоғам. Компьютермен жұмыс жасау, толықтыру, қисындау жəне керек ақпаратты іздей білу қажет. Жылдан жылға өздерінің дербес компьютерлері бар оқушылардың саны артуда. Балалардың компьютердің мүмкіндіктерімен танысуы үлкендердің басшылығымен болғаны дұрыс (ата-ананың немесе мұғалімнің). Бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттатағанда көп жаңалықты ашу керек болатын білім əлеміне түседі. Əрбір бастауыш сынып мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді жолдарын білуі қажет.
Олар
ойын;
жағымды эмоционалдық жағдай туғызу;
топпен жұмыс;
проблемалық оқыту.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын жəне ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тəрбиесіне де əсер етеді. Сонымен қатар əр түрлі педагогикалық мəселерді де шешуге көмектеседі. Информатиканы əр түрлі ойын əдістемесі негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен əсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді.
Жаңа ақпаратты іздеу үшін адамнан білім мен дағдының дамуын талап ететін қоғамға қызметтің жаңа əдіс-тəсілдері керек, оның өңдеуінің, басқа адамдарға көрсету, жаңа нысанның жəне үдерістің модельдеулері, өзіндік жоспарлау мен өз əрекетін құрастыру. Бірінші сыныптан бастап оқу, жазу дағдысымен қатар, компьютерлік техниканы күнделікті өмірде оқу құралы ретінде пайдалануды үйрету өте маңызды.
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологиянының мүмкіндіктерін сауатты игеру ықпал етеді: танымдық қызметтің белсенділігіне; оқушылардың сапалы үлгерімінің көтермелеуіне; қазіргі бастауыш мектептің сабақтарында пайдалануға арналған электрондық оқу материалдардың көмегімен оқытудың мақсатына жету; кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік оқу жəне өз-өзін бақылау дағдысын дамыту; сабақта отырғандарда белсенділік пен талапшылдықтың көтермеленуі; оқушыларда ақпараттық ойлаудың дамуы; ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктің қалыптасуы; бастауыш сынып оқушыларының компьютерде жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдысын қалыптастыру.
Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының мазмұнын құрайтын сан алуан мəліметтерді қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пəні ретінде жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен мəліметтерді, ұғымдарды қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негізін оқып үйрену үшін сонымен қатар жастарды заманауи ақпараттық қоғамдағы болашақ қызмет пен өмірге дайындауға, қажет білім, біліктіліктерімен, дағдыларымен қаруландыруы тиіс
22. Оқушылардың компьютер сыныбында жұмыс жасау іс-әрекетін ұйымдастыру. Компьютер сыныбындағы сабақтардың үзінділерін құрастыру.
12 жылдық білім берудеинформатика пәнін оқыту арқылы әр тұлғаның жан-жақты дамуына, алған мәліметтерді сәйкестендіруіне, есептеуіне, салыстыруына, диагностика құруына, болжамдар жасауына, ұлттық өзіндік танымның дамуына үлкен үлесін тигізіп,білім берудің тиімді жолын таңдауға әрекет етеді.
Тапсырмаларды орындау алдында информатика пәнінен оқушыларға тапсырмалардың орындалуындағы талаптарға көңіл аударуы сұралынады.Оқушылар тапсырмаларды қуана орындайды, өйткені олар кішкентай Балбөбекке көмектескендерін мақтан тұтады.
Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды. Материалдарды мағыналық жағынан топтап, оның жекелеген бөлімдерін салыстырады.
Бұл тапсырманы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, логикалық ойын қорытып, оның елеулі байланыстары мен қатынастарын кеңінен талдап, есте сақтайды және басқа тапсырмаларды орындағанда қолдана бастайды.
Бастауыш сыныпта, информатика пәнінде бақылау әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.
Ақпараттық технология әдістері мәліметтер қорының әдістері болып табылады. Ақпараттық құрал ретінде математикалық,техникалық, ақпараттық және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология қолдануда оқушы өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше.
Сабақ барысында әр пәнге сай компьютерді пайдаланып сабақ жоспарын құруға болады,әр оқушы өз компьютеріндегі модульдік жұмыстарды пайдаланып өз іс-әрекетін көрсетеді.Компьютердің алгоритмдік құрылымы
арқылы оқушы танымдық көзқарасын жетілдіреді, қызығушылығы артады.
23. Логика мен алгоритмдік желіні машинасыз оқытуда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Бастауыш сыныпта, информатика пәнінде бақылау әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.
Ақпараттық технология әдістері мәліметтер қорының әдістері болып табылады. Ақпараттық құрал ретінде математикалық,техникалық, ақпараттық және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология қолдануда оқушы өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше..
24. Оқушылардың жаңа материалды оқып-үйренуге дайындық кезеңіндегі іс-әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтардың сапасын көтеріледі;
Мектепішілік іс-шараларға(Коучинг, Lesson study, Шеберлік сыныптары) қатыса отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейі артады;
Сабаққа SMART мақсат қоя алады;
Заманауи үлгіде сабақ жоспарын дайындайды;
Сабақтар бойынша өзара , өзі –өзіне талдау және кері байланыс жасай алады.
Табыс критерийлері:
- Мұғалімдер әртүрлі оқыту стратегияларын қолдана және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруы;
- Мұғалімдер ақпараттық –коммуникациялық технологиялар дағдыларын игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде пайдалануы;
- Жас мамандар өзінің білімін,ойлауын, тәжірибелік іс - амалдарының тиімділігін тәлімгерлік үдерісі арқылы жетілдіруі;
- Заманауи әдіс –тәсілдерді қолдану барысында өткізілген сабақтар нәтижесінде оқушылардың алған білімдерін тиімді жағдайларда іске асыруы;
- Lesson study бойынша зерттеу сабағын, коучингтер, Шеберлік сыныптарын өткізе отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің артуы;
- Күнделікті сабаққа қолжетімді мақсат қоя отырып, жаңа үлгідегі сабақ жоспарын дайындауы;
- Сабақты өткізіп қана қоймай,сабақ соңында талдау жасап, сабақ туралы рефлексивтік есеп жазуы;
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңарту мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.Содықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияларын пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бірінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге еңгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады. Тәлімгер ретінде тренерді қалыптастыру үдерісі білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастықтағы мектеп ортасында жүзеге асырылатын болады.
25. Жаңа материалды оқып-үйрену барысында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Тақырып бойынша сабақ кезеңдерін дайындау,
Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданылап жүр. Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру.
Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі- кіріктірілген сабақтар. Егер кіріктірілген сабақтарды рөлдік ойындар ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай сабақтарда оқушылар материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсетеді.
Білімді меңгеру белгілі әрекет үстінде жүзеге асады. А. Науменко: «Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады»- деп, өте орынды атап өткен.
Мұғалім оқушыға сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не біледі, қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді:
Достарыңызбен бөлісу: |