Балаларға арналған киімдер Бұл киімдер балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне жауап беріп, арнайы талаптармен жасалынады.
Балалар ағзасы үнемі өсіп отырады, сүйектері қатаймаған, бұлшықеттері жетілмеген. Үлкендерге қарағанда балалар терісі жұмсақ және жұқа болып келеді. Балалар денесінің тез салқындауы оның терісінің эпителии қабатының жұқа болуына байланысты. Сондықтан балалар киімі үлкендердің киіміне қарағанда қыста жылы, жазда жылу өткізуге кедергі жасамау керек. Ең басты мақсат киім баланың өлшемі мен бойына сәйкес келуі. Киімнің массасы ауыр болса, ол балалардың қозғалуына кедергі жасайды және тез шаршатады. Балалардың терісі нәзік болғандықтан біз жұмсақ маталарды таңдауымыз керек.
Балалар іш киімін жасаған кезде мақта маталарын қолданған жөн. Балалар іш киімінің гигиеналық талаптарға сай келуі үшін олардың гигроскопиялығы 7% , ауа өткізгіштігі жазық іш киімде 135дм , қыстық киімде 100 дм , және жылу коэффициенті болуы қажет.
Балаларға тігу үшін пайдаланатын маталар құрамындағы синтетикалық талшықтар 40%-тен аспауы тиіс. Балалар көйлегіне арналған маталар – мақта маталы креп, фланель, байка, т.б.
Жүндік және жартылай жүнді маталар негізінен алғанда, жұмсақ, иілгіш, жылы болуы қажет. Бұл талаптарға камвольдың, жіңішке талшықтық және жартылай жүнді маталарсай келеді. Қыстық балалар киіміне арналған маталар: креп, жүнді мата, эпонж және т.б.
Вельвет–корд, вельветан маталары жоғарғы жылу сақтағыш қасиетіне ие, бірақ бұл маталар ауыр. Балалардың қыстық киіміне табиғи және жасанды үлбірден, жүнді және жартылай жүнді материалдар балалардың жылы жүруін қамтамасыз етеді. Негізінен алғанда көбінесе үлкендерге арналған маталардан балалар киімі тігіле береді.
Балалар киімінде силуэт пен форма маңызды рөл атқарады. Балалар киімін конструкциялағанда қозғалуға болатындай етіп жасаймыз. Осы кезде белдік резиналы бау қысатын жағалықтарды қосып тігуге болмайды. Мектеп кезіндегі балалар көйлегі сол жастағыларға сай кеңдеу, бел сызығы жоқ болып тігілуі керек. Ал балалар костюм қысқа немесе ұзын болуы керек.
Балалар сұлбасының ерекшелігіне байланысты пальтода бел сызығын жасамайды. Пальто жеңі қондырмалы, реглан немесе жартылай реглан болуы мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған киімдердің орта сынып оқушыларынан айырмасы аз. Өйткені бұл арада сұлбадан көп өзгерістер байқамаймыз. Тек аяқ-қолдар ұзарады. Сондықтан киімнің тек пропорцияларын өзгертеміз. Мектеп балаларына арналған пальтомен күлпарасы болғаны абзал.
Жоғарғы сынып оқушыларының сұлбасы пайда болып, қол мен аяқ ұзара түседі. Бұл өзгерістер киімді конструкциялауда керек болады. Бұл жастағы қыздарға арналған пальто жартылай қынамалы болуы мүмкін.
Жоғарғы сынып оқушыларының киімдері үлкендер киіміне ұқсас болып келеді. Сондықтан да ол киімдер үлкендер киіміне қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Балалар киіміне қойылатын талаптар тек пайдалануына ғана емес, сонымен қатар баланың жасына да байланысты болады. Осы кезге дейін балалар киіміне қойылатын талаптар нормасы толық жасалмаған.
Киімнің құрылымы және киім техникалық параметрлер пакетінің жылусақтайтын қасиеттерінің көрсеткіштеріне ықпалы Адам денесінің айналасындағы микроклиматтың түзілуі және оның жақсы жылулық күйінде сақталып тұруын көп жағдайда киімнің құрылымдық және маталардың техникалық пакетінің параметрлеріне тәуелді болады.(Мысалы,олардың қалыңдығы,ауаөткізгіштігі және сұйық өткізгіштігі)
Жылусақтағыштық қасиетіне байланысты түрлі киімдердің әсер етуі Адамның жылулық күйі сыртқы әсерден басқа киімнің түріне байланысты болады. Себебі, киімнің жылу изоляциялық қасиеттері киім ішіндегі ауаның тасымалдануына пропорционал болады.
9.6 кестеде физиолого-гигиеналық көрсеткіштер көрсетілген. Олардың көмегімен киімнің қалыпты жағдайда жылу изоляциялық қасиеттерін бағалай аламыз.
Әр түрлі киімдердің физиолого-гигиеналық көрсеткіштердің жылуизоляциялық қасиеттері (тыныштық,tв=-100 С онда,δ* -const) 9.6-кесте
Киім түрі
Орта салмақты жылулық өткізгіштік Вт/м2
Тері температурасының орташа жылулығы, 0С
Киім астындағы ауа температурасы, 0С
Термиялық кедергі,м2.С/Вт
Комбинезон
70,0
34,0
18,7
0,63
Кеудеше және шалбар
75,0
34,0
18,9
0,60
Пальто
76,0
33,4
18,6
0,57
Кестеде біз комбинезонның жылу изоляциялық қасиеті ең үлкен болғандығын байқаймыз. Комбинезонның термиялық кернеуі кеудеше мен шалбардың термиялық кернеулігіне қарағанда 94,50/0,пальто үшін 91,50/0.
Комбинезонның, кеудеше мен шалбарға термиялық кернеуі пальтоның термиялық кернеуіне қарағанда көп болады,себебі,комбинезон,кеудеше және шалбар адамның астыңғы бітімдерін қорғайды.
Бірақ дененің жылуизоляциясындағы аса өзгерістер байқалады. (9.7 кесте)