Заттың қасиеттері мен құрамы сақталатын ұсақ бөлшектері молекулалар деп аталады. Молекулалар химиялық реакциялар барысында ыдырайды.Яғни,олар химиялық бөлінетін бөлшектер.
Атомдар мен молекулалардың тым кішкентайлығына бола көзбен көре алмасақ та,олардың бар екендігін судың ыдырауынан байқауға болады.
Су-берік зат,ол тым жоғары температурада немесе электр тогін жібергенде ғана айырылады.Арнайы суды айыратын құралдың екі металл тақташасына тұрақты ток тізбегін қосқанда,біртіндеп су молекуласы ыдырап,екі түрлі газ-сутек пен оттек түзеді.Олар шеткі екі түтіктегі суды ығыстырып,оның үстіңгі жағына жинала бастайды.Зер салып байқасаңдар,оң жақта бөлінген газдың көлемі сол жақтағы газдың көлемінен екі есе көп.