Зертханалық жұмыс №2. Тұрақты токтың тармақталған тізбегін зерттеу



Дата10.12.2023
өлшемі408,16 Kb.
#136133



Зертханалық жұмыс №2. Тұрақты токтың тармақталған
тізбегін зерттеу

Жұмыс мақсаты: Кирхгоф заңдары, контурлық токтар әдісі, түйіндік потенциалдар әдісі сияқты тұрақты ток тізбектерін есептеудің негізгі әдістерін эксперименттік тексеру.




2.1Жұмысқа дайындық

ЭжЭН курсының «Сызықты электр тізбегіндегі тұрақты тоқты есептеудің негізгі заңдары мен әдістері» бөлімін кайталау.


Жазбаша сұрақтарға жауап беру және келесілерді орындау:
2.1.1 Амперметр мен вольтметрдің көмегімен резистордың кедергісінің шамасын қалай анықтауға болады?
2.1.2 Схеманың тармақтарындағы токты өлшеу үшін әмбебап өлшеуіш сандық аспапты қалай қосуға болады?
2.1.3 Схема элементінде кернеуді өлшеу үшін әмбебап өлшеу сандық аспабын қалай қосуға болады?
2.1.4 Зерттелетін схема үшін келесі теңдеулер жүйесін құру:

2.1.5 Контурлық токтар және түйіндік потенциалдар әдісінің мәні неде?


2.2 Жұмысты орындау тәртібі


2.1 кесте

Нұсқа №

2

Схема №

2.2

Е1, В

20

Е2, В

10

2.2.1 Тапсырманың нұсқасына сәйкес (2.1-кесте) зерттелетін схеманы бейнелеу (2.1-2.4-суреттер) тармақтардағы токтардың оң бағыттарын көрсету. Резисторлар мен кернеу көздерінен тізбекті жинау. ЭҚК E1, Е2 және резисторлардың берілген мәндерін орнату. Тармақтардағы токтарды және тізбек элементтеріндегі кернеуді өлшеу. Амперметр ток бағыты аспаптың "+"- тен "–"- карай бағытына сәйкес болатындай етіп тармақтардың үзілуіне қосылады. Сонда аспап таңдалған бағытқа сәйкес келетін шаманы және ток белгісін көрсетеді. Вольтметр тізбектің элементіне параллель қосылады, онда кернеу бағыты аспаптың "+"-тен " - "-карай бағытына сәйкес келеді. Сонда аспап таңдалған бағытқа сәйкес келетін осы элементтегі кернеу өлшемі мен белгісін көрсетеді. Пассивті элементте кернеу кемуінің бағыты ондағы токтың бағытына сәйкес келетінін есте сақтау қажет.


Аспаптың минус клеммасы әдетте қара түсті және "com"белгісімен белгіленген.
2.2.2 Тармақтардағы токтарды, барлық резисторлардағы кернеуді және ЭҚК көздерін өлшеу. Нәтижелерді 2.2 кестеге енгізу.
2.2 кесте




E1, В

E2, В

I1, мА

I2, мА

I3, мА

UR1, В

UR2, В

UR3, В

Эксперимент

























Есеп

20В

10В

0,107А

0,0166А

0,124А

















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет