7- тақырып. Тамақтану және қонақжайлық индустрия кәсіпорындарын бизнес-жоспарлау



бет7/9
Дата02.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#47078
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
000adb53-cff5b472

Қаржылық жоспар

Қаржылық жоспар бизнес-жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне сатудың көлемі, пайда, капиталдың айналымы, өзіндік құн жəне т.б. жатады. Қаржылық жоспар 3-5 жылға арнап жасалады жəне оған мыналар жатады: табыс пен шығынның болжамы, ақшалай түсімдер мен төлемдердің болжамы, алғашқы жылға арналған баланстың болжамы. Қаржылық жоспарды жасау кезінде нақты ақша ағымының (қолма-қол ақша ағымының) жағдайына, кəсіпорынның тұрақтылығына, қаражат көздері мен қаражаттың пайдаланылуына талдау жасалады. Залалсыздық нүктесі белгіленеді.

Қоршаған ортаның аспектілері, əлеуметтік аспектілер

Бизнес-жоспардың бұл бөлігінде өнім өндірудің қоршаған ортаға тигізетін əсері талданады. Нақты жағымды жəне жағымсыз жақтары, сондай-ақ мемлекеттің осындай өндіріспен байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптары бағаланады. Өндірістің əлеуметтік аспектілеріне де баға беру қажет. Олар жоспар өздеріне арнап жасалып отырған негізгі топтардың бірі ретінде мемлекеттік органдар немесе заң шығарушылар болып отырған болса, ерекше маңызды болып табылады.

Тəуекелдікті бағалау

Əрбір жаңа жобаның жолында оның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Қауіп-қатер бəсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ, техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін. Кəсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап жəне соларды жеңу стратегиясын алдын-ала əзірлеп қою өте маңызды. Бизнес үшін тəуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым жəне объективті түрде көрсетілуі тиіс.

Әлеуетті тəуекелді сəттер туындаған жағдайда əрекет ету стратегиясын əзірлеп жəне солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Әлеуетті инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кəсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне жəне соларға əзір екендігіне сендіретін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет