7- зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Бір өлшемді жиымдарды өңдеу Жұмыстың мақсаты


int[] e = new int[4] {61,2,5,-9 }; // өлшемін және мәнін беру



бет2/8
Дата15.11.2023
өлшемі38,29 Kb.
#122326
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
int[] e = new int[4] {61,2,5,-9 }; // өлшемін және мәнін беру
Жиым элементтерінің нөмірлері 0-ден басталады. Сондықтан төмендегі мысалдағы алғашқы элементті пайдалану кезінде ол arr_name[0] болып көрсетіледі, ал соңғы элемент arr_name[9] болады, өйткені жиымда 10 элемент бары көр­сетілген. Енді жиымдарды қалай мәндермен толтыру керек екендігін қарас­ты­райық, оның екі тәсілі бар. Алғашқы тәсілі – циклде жиымның барлық элемент­терін тізбектей отырып, оларға мән беру (пернетақтадан енгізу арқылы немесе белгілі бір формула арқылы есептеу жолымен мән меншіктеу):


int n = 10;
int[] arr_name = new int[n];
for (int i = 0; i < n; i++)
{
Console.Write(" arr_name[ {0} ] = ", i);
arr_name[i] = int.Parse(Console.ReadLine());
}

Екінші тәсіл – жиым элементтерінің мәндерін оны сипаттау кезінде бірден сан түрінде көрсетіп кету:


int [] arr_name = new int[] {1, 2, 3, 4, 5};
// немесе басқаша былай
int [] arr_name = {1, 2, 3, 4, 5};

Жиымдардың Length деген қасиеті бар, ол қолданыстағы (мәндері анық­талған немесе анықталуы тиіс) жиымның жалпы элементтері санын анықтайды. Мысалы, жиымның ең үлкен (максимал) элементін табу үшін келесі циклді қолдана аламыз:




max = arr_name[0];
k = 1;
while( k < arr_name.Length)
{
if( arr_name[k] > max )
max = arr_name[k];
k++;
}
Енді жиымдармен жұмыс істеу кезінде жиі кездесетін әрекеттерді орын­дау есептерін қарастырайық. Мұндағы жиымдардың n элементі бар болсын делік.
Элементтер қосындысын табу:


s=0;
for(i=0;i
s+=a[i]; // s айнымалысында қосындыны жинақтау


Элементтер көбейтіндісін табу:


s=1;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет