7- зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Бір өлшемді жиымдарды өңдеу Жұмыстың мақсаты


Бірөлшемді жиымдарға арналған тапсырмалар



бет5/8
Дата15.11.2023
өлшемі38,29 Kb.
#122326
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 -зертханалық сабақ Бірөлшемді жиымдар

Бірөлшемді жиымдарға арналған тапсырмалар:
1-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

  1. жиымның теріс элементтерінің қосындысын;

  2. жиымның ең үлкен (максимал) және ең кіші (минимал) элементтерінің аралығында орналасқан элементтерінің көбейтіндісін анықтаңдар;

  3. Жиым элементтерін өсуі бойынша реттеңдер.

2-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

  1. жиымның оң элементтерінің қосындысын;

  2. жиымның модулі бойынша ең үлкен (максимал) және модулі бойынша ең кіші (минимал) элементтерінің аралығында орналасқан элементтерінің көбейтіндісін анықтаңдар;

  3. Жиым элементтерін кемуі бойынша реттеңдер.

3-нұсқа
n бүтін элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

  1. жиымның жұп нөмірлі элементтерінің көбейтіндісін;

  2. жиымның алғашқы және екінші нөлге тең екі элементінің аралығында орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңдар;




  1. Жиымның барлық оң элементтері оның алдыңғы жағында, ал теріс элементтері соңғы жағында орналасатындай етіп түрлендіріңдер.

4-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

  1. жиымның тақ нөмірлі элементтерінің қосындысын;

  2. жиымның алғашқы және ең соңғы теріс екі элементінің аралығында орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңдар;




  1. Жиымның модульдері 1-ден кіші элементтерін жойып, қысқартыңдар да, жиымның соңында бос қалған элементтерін нөлдермен толтырыңдар.

5-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

  1. жиымның ең үлкен элементін;

  2. жиымның алғашқы теріс элементіне дейін орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңдар;




  1. Жиымның модульдері [а, b] аралығында орналасқан элементтерін жойып, қысқартыңдар да, жиымның соңында бос қалған элементтерін нөлдермен толтырыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет