Бірөлшемді жиымдарға арналған тапсырмалар
бет 5/8 Дата 15.11.2023 өлшемі 38,29 Kb. #122326 түрі Программа
Байланысты:
6 -зертханалық сабақ Бірөлшемді жиымдар Бірөлшемд і жиымдарға арналған тапсырмалар:
1-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:
жиымның теріс элементтерінің қосындысын ;
жиымның ең үлкен (максимал) және ең кіші (минимал) элементтерінің аралығында орналасқан элементтерінің көбейтіндісін анықтаңдар;
Жиым элементтерін өсуі бойынша реттеңдер.
2-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:
жиымның оң элементтерінің қосындысын ;
жиымның модулі бойынша ең үлкен (максимал) және модулі бойынша ең кіші (минимал) элементтерінің аралығында орналасқан элементтерінің көбейтіндісін анықтаңдар;
Жиым элементтерін кемуі бойынша реттеңдер.
3-нұсқа
n бүтін элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:
жиымның жұп нөмірлі элементтерінің көбейтіндісін ;
жиымның алғашқы және екінші нөлге тең екі элементінің аралығында орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңдар ;
Жиымның барлық оң элементтері оның алдыңғы жағында , ал теріс элементтері соңғы жағында орналасатындай етіп түрлендіріңдер.
4-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:
жиымның тақ нөмірлі элементтерінің қосындысын;
жиымның алғашқы және ең соңғы теріс екі элементінің аралығында орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңдар;
Жиымның модульдері 1-ден кіші элементтерін жойып, қысқартыңдар да, жиымның соңында бос қалған элементтерін нөлдермен толтырыңдар.
5-нұсқа
n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:
жиымның ең үлкен элементін;
жиымның алғашқы теріс элементіне дейін орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңдар;
Жиымның модульдері [а, b] аралығында орналасқан элементтерін жойып , қысқартыңдар да, жиымның соңында бос қалған элементтерін нөлдермен толтырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: