Сабақтың тақырыбы: (ІІ) -топ элементтерінің физикалық қасиетттері. (ІІ) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері



бет1/3
Дата14.02.2023
өлшемі51,68 Kb.
#67747
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
01.02.23жыл.10ә сынып


Білім беру ұйымының атауы

« Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі » коммуналддық мемлекеттік мекемесі

Мұғалімнің аты-жөні:

Адиханова Динара Жумабековна

Пән/Сынып:

10 сынып ЖМБ

Күні:

01.02.23жыл

Тарау немесе бөлім атауы:

10.3 D 2(II А)Топ элементтері

Сабақтың тақырыбы:

2 (ІІ) -топ элементтерінің физикалық қасиетттері. 2 (ІІ) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері.

Оқу мақсаты:

10.2.1.5. (ІІА) топ элементтерінің физикалық, химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу;



Бағалау критерийі:

- 2 (ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің және физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінеді



Сабақ жоспары

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1 минут
7минут

Ұйымдастыру
Үй жұмысын сұрау

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға бүгінгі сабақта алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмаларын қаншалықты меңгергенің тексеру, онда жіберілген кемшіліктермен жұмыс істеу мақсатында үй тапсырмалары сұраймын
1.Металдар мен бейметалдардың айырмашылығы қандай?
2.Металдар табиғатта қалай бөлінеді?
3.Электрохимиялық кернеу қатарын кім ойлап құрастырды?
4.Биологиялық маңызды металдарды нешеге бөлдік?5.Металдар,бейметалдардың табиғатта кездесін айтып беріңіздер?.6.Тірі ағзалар үшін металдар мен бейметалдардың биологиялық рөлі қандай?7.Не себепті берілген топ элементтері «Сілтілік металдары» деп аталады?



Оқушылар сабаққа дайындалып,бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша
талқылау/әңгімелесу жүргізіледі.

Дескриптор:
- металдар мен бейметалдардың маңызды қосылыстарын айта алады;
Әр сұраққа 1 балл

Оқулық,дәптер ,бор,доска
Мендеелиевтің периодттық кестесі



7-8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ:
2(ІІА) топ металдары күшті тотықсыздандырғыштар, белсенді металдар.

Химиялық белсенділігі бериилийден радийге карай өседі. Олар кқптеген бейметалдармен оксидтер немесе сәйкес тұздар түзіп әрекеттеседі. Химиялық қасиеті жағынан бериилийдің топтағы баска металдардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Енді осы металдардың химиялық қасиеттерін қарастырайық.


2 (ІІА) топ элементтері бейметалдармен, сумен, қышқылдармен, сілтілермен және оксидтермен әрекеттеседі.


1.Бейметалдармен әрекеттесуі.


2Ca + O2 = 2CaO
кальций оксиді
400C
Ca + H2 CaH2
кальций гидриді
Be + Cl2 = BeCl2
бериллий хлориді
Ba + S = BaS
барий сульфиді
3Ba + 2P = Ba3P2
барий фосфиді
500C
3Ca + N2 Ca3N2
кальций нитриді
2.Сумен әрекеттесуі.
Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + Н2
Mg + 2H2O = Mg(OH)2 + Н2

3.Қышқылдармен әрекеттесуі.


Mg + 2HCl = MgCl2 + Н2
Be + H2SO4 (сұйылт) = BeSO4 + Н2

4.Cілтілермен әрекеттесуі.


Be + 2KOH + 2H2O = K2 Be(OH)4 + Н2
калий
тетрагидроксобериллаты
Be + 2KOH = K2BeO2 + Н2
калий бериллаты

5.Оксидтермен әрекеттесуі.


2Mg + SiO2 = 2MgO + Si
Бұл топтың барлық элементтері сілтілік жер металдары болып табылады. Металл атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2s –электрон бар және олардың жалпы электрондық конфигурациясы ns2. Тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді.



  • атомдардың радиусы өседі;

  • иондану энергиясы азаяды;

  • электртерістілігі азаяды;

  • металдық қасиеттері күшейеді;

  • тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді;




Жаңа тақырыпты меңгеру







10 минут

10 минут

5 минут
2минут



Бекіту

Тапсырма:
Мына айналымды жүзеге асырып, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз:
Са→СаО→Са(ОН)2→Са(NO3)2→CaSO4


Жауабы:

  1. 2Са + О2 = 2CaO

  2. CaO + H2O = Cа(ОН)2 + Q

  3. Cа(ОН)2 + 2HNO3 = Са(NO3)2 + 2H2O

  4. Са(NO3)2 + H2SO4 = CaSO4 + 2HNO3



Тапсырма:
II топтың бір металының 10 г үлгісіне тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 5,6 л (қ.ж.) газ бөлінген. Қандай металл реакцияға қатысқан?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет