Әлшекей атындағы өнер мектебінің мұғалімі, «Бейбітшілік әлемі»
халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі ұстаздар одағының мүшесі,
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
МАНАП АҚЫННЫҢ ШӘКІРТІ
(Республикаға танымал белгілі айтыс ақыны Әбілхайыр Сыздықовтың
шығармашылығы және еңбек жолы туралы)
Елге
өнерімен
танылған,
халықтың
ыстық
ықыласына
бөленген
шығармашылық адамдардың өмірі, олардың табиғи таланты жайлы ойлар мені
көптен толғандыратын. Бір күні сабақтан тыс уақытта ұстазым Орынкүл апаймен
өнер адамдары туралы ұзақ отырып сырласудың сәті түсті.
Әңгіме соңынан мен ұстазыма белгілі айтыс ақыны, тума талант Әбілхайыр
Сыздықов жайлы шығарма жазғым келетінін жеткіздім. Орынкүл апай бұл
ұсынысымды қуана қуаттады және қандай бағыттарда жұмыс жасау керектігін
түсіндірді. Содан мен шығармамды тездетіп бастауға аса қызығушылықпен құлшына
кірістім. Апай маған тақырыптарды таңдауыма және сол тақырыптарды ашу үшін
қажетті материалдарды жинақтауыма көмектесті.
Аудандық мұражайдан бастау алған ізденіске толы күндеріміз мен үшін өте
қызықты болды. Өйткені айтыс ақыны Әбілхайыр ағаның өнеріне қатты
қызығатынмын. Кейде тіпті, кешкісін үйде отырғанда да ойлар келіп, дереу Орынкүл
апайға қоңырау шалып: «Апай, былай деп жазсам қалай болады?» - деп мазалай
бердім. Шындығында шығарма жазу да оңай шаруа емес екенін түсіндім. Ал енді
бүтіндей кітап жазып жүрген ағаларымыз бен апаларымыздың еңбегі ұшан-теңіз,
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
133
жолдары қиындыққа толы екен. Бірақ қалаған ісіңді аяғына дейін жеткізгеннен асқан
бақыт жоқ шығар.
Мен осы шығармашылық ізденіс кезіндегі алған жақсы әсерлерімді ешқашан
ұмытпаймын. Орынкүл апай екеуміз Әбілхайыр ағамызбен де бірнеше мәрте
кездестік, ағамызға көптен өзімнің ойымда жүрген сұрақтарымды қойдым. Жазғалы
жатқан шығармама қажетті ақпараттарды да ағамыздың өз аузынан естідім. Әсіресе
Әбілхайыр ағамыздың айтыста айтқан жыр шумақтарын өзінің шабыттана тұрып,
арқаланып айтып жеткізгені маған үлкен жігер сыйлады.
Не керек, Орынкүл апайдың нұсқауымен талай әдебиеттер ақтарып, ағамыз
жайлы жазылған газеттердегі мақалаларды іздеп тауып оқыдым. Өнер адамдарының
өзгеден бөлек жеке қасиеттері, олардың өмірге деген өзіндік көзқарасы мені
бұрыннан аса қызықтыратын.
Мен өз жұмысымды өңіріміздің киелі өнер ордасы екендігінен бастағанды жөн
көрдім.
«Сыр елі – жыр елі» демекші, Алаштың анасы атанған Сыр өңірі топырағынан
қаншама тума таланттар шықты. Жаңақорған – киелі өнер ордасы! Өйткені бізді
өнерге баулып жатқан аудан орталығындағы өнер мектебінің де аты аңызға айналған
күйші, сазгер Әлшекей Бектібаевтың атымен аталуы да тегіннен тегін емес.
Жерлесіміз, күйші-композитор Әлшекейдің қаншама күйлері қазақ күйлерінің алтын
қорында сақталған.
Ақын, өлең сөздің жүйрігі атанған Құлан Алдабергенұлы, әнші, жыршы Құтбай
Дүрбаев, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлепберген
Әбдірашев, Қазақстанның халық ақыны Манап Көкенов, ән еркесі атанған Бексұлтан
Байкенжеев, әндері халық арасына кеңінен таралған әнші-сазгерлер Нағызхан
Жаманбаев, Нұрберген Тастаев, Сауранбек Елеуов, Әбдірейім Өміров, Дүйсен
Сыздықов, Аманбай Өтебаев – Жаңақорған топырағынан шыққан исі қазаққа
танымал талант иелері.
Есіркеп Қоңқабаев, Әмір Мәжитов, Мәриям Раишева, Жақсыгүл Бегманованың
өнердегі орны бір бөлек. Көрнекті драматург Қалтай Мұхамеджанов, мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты жазушы Дүкенбай Досжан, Тынымбай Нұрмағанбетов,
жазушы Сейсен Мұхтарұлы, Жақсылық Рахматулла, Адырбек Сопыбеков, Жолтай
Әлмашев – біздің өнер әлеміндегі мақтан тұтар тұлғаларымыз. Академик Сұлтан
Сартаев,
Альфарид
Илъялетдинов,
Бірлесбек
Алияров
пен
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековті
қашанда пір тұтамыз және солардың есімдерімен мақтана аламыз.
Өңіріміздің өнер көшінің бастауында тұратын мұндай елдің мақтаныштарын
осылай жалғастырып, тізбектей беруге болады. Енді бүгінгі шығармамның негізгі
кейіпкері, айтыс ақыны, тума талант иесі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының
лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әбілхайыр ағамыздың өмір жолына
тоқталайын.
Әбілхайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов 1971 жылдың 23 қазанында Қызылорда
облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Әбілхайыр
ағамыз аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатта білім алған екен. Апай екеуміз
кезінде Әбілхайыр ағамыз оқыған сыныптың жетекшісі болған, білім саласының
ардагері Өтеген Убайдаев атамызбен кездестік.
Өтеген атамыз былай деді: «Әбілхайыр мектепте жүргенде сабағымен де,
тәртібімен де мектеп оқушыларына үлгі болатын. Ол жасынан зеректік танытып,
қатарластарынан оқ бойы озық көрініп, мектепті «бес» деген бағамен оқыды. Өте
үлгілі оқушы болды.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
134
Сыныпта неше жыл староста болды, кейін мектепте комсомол жетекшісі
болды. Үздік оқығаны үшін аудан атынан Қара теңіз жағалауында орналасқан
Қырымдағы Бүкілодақтық «Артек» пионерлер лагеріне барып келді.
Өте
ізденімпаз
бала
болатын.
Мектепішілік
сыныптар
арасында
ұйымдастырылған байқаулардың бәрінде өнерімен көзге түсетін, ол сол кезден
бастап-ақ өлең жазып жүретін. Тіпті, жазғандарын маған да көрсететін».
Міне, Өтеген атамыз тура осылай деді. Сосын біз аудан орталығындағы
тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Онда Әбілхайыр ағамыз жайлы деректер аса
көп емес екен. Бірақ ағамыздың сынып жетекшісі Өтеген атамыздың айтқанының
шынайылығына көзімізді жетікізіп, мұражайда сақтаулы тұрған Әбілхайыр
ағамыздың мектептегі табельдерін көрдік. Шынында тек қана «бес» деген бағамен
оқыған екен.
Орынкүл апай екеуміз Әбілхайыр ағаның ата-анасының да отбасында болып,
атамыз бен әжемізден Әбілхайыр ағамыздың бала күнгі қызықты қылықтарын
естідік. Әбілхайыр ағамыздың ата-анасы да керемет жандар екен.
Әбілпатта атамыз бен Асма әжеміз дүниеге он ұл, төрт қыз, барлығы он төрт
перзент әкеліп, қазірде осы ұл-қыздарынан 46 немере, он төрт шөбере көріп отыр
екен. Өсіп-өнген үлкен отбасы дегеніміз осы шығар. Асма әжеміз кеудесіне «Батыр
ана» жұлдызын таққан ардақты ана екен. Осындай үлкен отбасында дүниеге келген
Әбілхайыр ағамыз отбасының сегізіншісі екен.
Атамыз Әбілпаттаның айтуынша, Әбілхайыр ағамыз бала күнінде де
теледидардан берілген айтыстарға қатты қызығушылық танытып, қолына таяқ ұстап
алып, домбыра етіп, айқайлап өлең айтып жүреді екен. Кішкентайында ағамыз: «Мен
ақын болам өскенде», - дейді екен.
Құдай бойына дарын беріп, өсе келе өнерге деген құштарлығы, оның ішінде
айтысқа деген құмарлығы арта түседі.
Әбілхайыр ағамыз Жаңақорған аудандық мәдениет үйі жанынан ашылған
ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Адырбек Сопыбеков
ағамыз жетекшілік ететін Манап ақын мектебінен дәріс алады. Манап ақынның
айтыстарына айрықша мән беріп, өнеге-тәлім алады.
Манап айтыстарын оқып, айтыстың қыр-сырын меңгере бастайды. 1988 жылы
ең алғаш ақындар айтысына қатысып, облыстық ақындар айтысына жолдама жеңіп
алады. Облыстық жас ақындар айтысына қатысып, бірінші орынды қанжығасына
байлап, біржола айтыс жүйр ктер н ң қатарына қосылады.
Әб лхайыр ағамыз 1995 жылдан республикалық ақындар айтысына қатыса
бастайды.
Республикамызға танымал Ә. Қалыбекова, Қ. Мақсұтов, А. Әлтаев, О.
Досбосынов, М. Тазабеков, Б. Шойбеков, А. Ілеубаева, Д. Кәпұлы, А. Қалиев, А.
Тұрсынбаева, Р. Қайыртайұлы, М. Аханов, С. Тоқтамысова, К. Оралова, тағы да
басқа көптеген айтыс жүйріктерімен сөз бәсекесіне түсіп, тыңдарманына танылған
айтулы жүйріктердің біріне айналады.
Республикалық ақындар айтысынан 3 рет бас жүлде иеленген. Ақындар
айтысында Әбілхайыр ағамыздың айтқан жыр шумақтары бүгінде ел аузына
таралған. Айтыс ақындарының елдің мұң-мұқтажына қатысты, қоғам дамуындағы
орын алып жатқан жетістіктерге және елдің бірлігі мен татуылығына, ұлттық
құндылықтарымызға қатысты айтқан ойлары елдің жадында қалары сөзсіз. Мысалы,
Әбілхайыр ағамыздың Орал қаласында өткен бір айтыста:
Қалып қоймай қиындық іргесінде,
Ағайын баянды өмір сүресің бе?
Саясаттың сорпасын сапырайын,
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
135
Шындыққа шындап көңіл түресің бе?
Жалған байлық кедейдің барында бар,
Қалған байлық байлардың үлесінде.
Бұл не сұмдық, бітпейтін бұл не кесел?
Жемқорлар жемқорлықпен күресуде.
Осындай саясатты көріп тұрып,
Ағайын жылайсың ба, күлесің бе? - деген екен.
2014 жылдың қазан айында ағамыз Жанқожа батырдың 240 жылдығына
арналған республикалық ақындар айтысына қатысып қайтты. Оны өзіміз де
теледидардан тамашаладық.
Сонда ағамыз:
Ал енді сөз сөйлеуге қымсынбалық,
Аламан айтыс бізге бұл сын анық.
Өйткені біздің қазақ әлімсақтан,
Талай жұртқа танылған жыршы халық.
Қазақтың қанында бар айтыс өнер,
Ұлтымның атақ-даңқын жүр шығарып.
Сондықтан дүбірге үлес қосайықшы,
Біздің де жұлдызымыз тұрсын жанып.
Тойында Жанқожаның барыңды сал,
Көрермен шын жүйрігін тұрсын танып.
Екеуміз екпіндетіп сөз сөйлейік,
Кімнің кім екендігін білсін халық.
Қоздырып ақындардың делебесін,
Аямай алақанын ұрсын халық.
Екеуі ерекше айтыс жасады деп,
Зейінін бізге қарай бұрсын халық.
Не керек әңгіме қып осы айтысты,
Даурығып көпке дейін жүрсін халық!
Бұл қазақ батыры көп мақтан халық,
Жасқанбай жауға қарсы шапқан халық.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
136
Кешегі өткен қаһарман бабаларым,
Ел менен жерді қорғап ап қалды анық.
Жалаңтөс, Жанқожа мен Мың балалар,
Дұшпанын дес келтірмей шапқан барып.
Солардың ерлігінің арқасында,
Ешкімнің табанында тапталмадық.
Ақыры егеменді елге айналдық,
Қазығын ғарышқа да қаққан барып.
Небәрі 20 жылда біздің елдің,
Тынысын бүкіл әлем жатты аңғарып.
Татулық, тыныштықта күн кешуде,
Ырысын еңбекпенен тапқан халық.
Біз кемел келешекке көш бастадық,
Несібе, ырыс, дәулет, бақ та дарып.
Елбасым елді бастап келе жатыр,
Сенімін өз халқының ақтап анық.
Еуропа ұйымына төраға боп,
Саясат сахнасында ел шаттанды анық.
Бір мақсат, бір болашақ, бір мүддемен,
Мәңгілік ел болуға аттандадық.
Өткенге салауат қып, құрмет жасап,
Жатырмыз зор несібе Хақтан да алып.
Ассалаумағалейкум, армысыздар,
Жиналып Жанқожалап жатқан халық, - деп сөз бастап, өзінің өр жүйрік
екендігін тағы да паш етіп қайтты. Осы шумақ өлеңінің өзінде қаншама ойлар
қамтылған...
Иә, нағыз дарын деген осы болса керек. Айтыста ұтымды ой айта білу, берілген
сұраққа сол мезетте қарымта жауап қайтару ақынға қойылатын басты талап дейді.
Әзіл-қалжыңсыз айтыс өтпейтіні де белгілі. Бұл бағытта да ағамыздың өзіндік
қолтаңбасы қалыптасқанын ел жақсы біледі.
Әбілхайыр ағамыз бірде өзімен қыз бен жігіт айтысына шығып отырған
қарағандылық ақын қызға:
Қалмағын жырларыма назаланып,
Назалансаң назыңды жазам анық.
Атам айтқан ертегі еске түсті,
Аққуға ғашық бопты қарға барып.
Қарғаның да қулығын қарасайшы,
Құс ішінен аққуды таңдап алып.
Өзімнің өң-түсіме қарамастан,
Ұнатып тұрмын мен де мазаланып.
Қап-қара қайдан келген бәле деме,
Ағарып келген бетім тазаланып.
Мен әлі көп нәрсеге үміттімін,
Болмасын бұл жөнінде күдіктігің.
Қарамай-ақ қояйын десем-дағы,
Көзді тартып барады қылықтығың.
Үндемей-ақ қояйын десем-дағы,
Жыбырлатып барады жігіттігім, - деп айтқан әзілге толы шумақтары
жоғарыдағы айтқанымның айғағы болса керек.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
137
Одан бөлек қаншама ақындар айтысына қатысқан Әбілхайыр ағамыздың
айтыстың жүйр ктер атанған Оразәл Досбосыновпен, Айнұр Тұрсынбаевамен
т келей эфирде өткен жекпе-жек айтыстарын біздің үйдің үлкендері әлі күнге дейін
айтып отырады.
Айтыс аламанының жүйрігі атанған Әбілхайыр ағамыз әлі де айтыс
майданынан алыстамайтынын айтқанда мен өзім қатты қуандым. Айтыс – халық
мұрасы, қазақ халқының рухани төл өнері. Сондықтан айтыс, Әбілхайыр ағамыз
сияқты тума таланттардың арқасында елмен бірге мәңгі жасай бермек.
Ұстазым Орынкүл Назарымбетованың айтуы бойынша, Әбілхайыр ағамыздың
шығармашылығына тереңдей еніп, басқа да қырларын ашуға тырыстым. Оның «Мен
қазақпын..», «Ана тілім, айбарым!», «Мұхтар Шахановқа», «Тұғырлы Тәуелсіздік»,
тағы да басқа жазған бір топ өлеңдерін де оқыдым.
Мен қазақпын, Қасымнан қалған қасқамын,
Әз Тәукелермен жауымды қуып тастадым.
Жәнібек, Керей, Есімхандармен ес жиып,
Абылай салған ақ жолды қайта бастадым.
Мен қазақпын, ата жұртымын Абайдың,
Бір ауыз сөзбен еңсесін басқан талайдың.
Мұқағалидай дарындар туған өлкемін,
Болашағыма үмітпен ғана қараймын...
Мен қазақпын, Тәңірден алған сиы кең,
Сол сыйым үшін сыйына жүрем жиі мен.
Домбыра үнін сусындап өскен қазақпыз,
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина күйімен...
Ағамыздың өлеңі осылай өрнектеліп жалғасып кете береді. Осы өлең
жолдарын оқығанымда менің ішкі дүниемді қуаныш кернеп, мақтаныш сезім
ұялады. Ағамыздың аудан көлемінде ұйымдастырылған талай шараларда айтқан
арнау жырларының өзі бір кітап десе де болады екен. Оның үстіне ағамыз 1993
жылдан бастап мәдениет және өнер саласында еңбек еткен екен.
Айтыс ақыны Әбілхайыр Сыздықов 2003 жылы Қазақстан Жастар Одағы
сыйлығының лауреаты атанып, 2003 жылы «Үздік ақын» жүлдесін иеленді. 2003
жылдан 2012 жылға дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
басшысы қызметтерін абыроймен атқарып, бірнеше марапаттардың иесі атаныпты.
Оның аудан мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесін өнер саласында жүрген бір топ
ағаларымыз бен апаларымыз қуаттай түсті.
2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталыпты. Мұны ағамыздың
еңбекқорлығына берілген шынайы баға деп білеміз. Одан бөлек қаншама мерекелік
төсбелгілерді де алыпты.
Ағамызбен тілдесіп: «Қазір қай салада жүрсіз, қандай жоспарларыңыз бар?» -
деген сауалыма ағамыз билік тарапына өзінің өкпелі екендігін де жасырмады.
Айтыстың ақтаңгері, Қазақстанның халық ақыны Манап Көкеновтің шәкірті
Әбілхайыр ағамыз бағындырған биіктер мұнымен шектеліп қалмайтынына
сенімдіміз. Талантты тірісінде бағалай білейік дегім келеді.
Ойымды қорыта келе айтарым, айтыс ақыны, дарын иесі Әбілхайыр Сыздықов
ағамыздың шығармашылығын зерттеу барысында байқағанымдай, ағамыздың неше
жылдар бойы айтысқан айтыстарын жинақтау қажет екен. Ағамыздың айтыстарын
жинақтап, жарыққа шығарып жатсақ, әдеби мұраларымыздың қатары молыға түсері
сөзсіз.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
138
Әдебиеттер
1 Айтыс бейнетаспасы. – Алматы, 2003.
2 Айтыс бейнетаспасы. – Орал, 1998.
3 Сопыбеков А. Жаңарған Жаңақорған. – Алматы: Әл-Фараби, 1998.
4 Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қоры.
5 Сыздықов Ә. Жеке қолжазбалары.
ИШАНКУЛОВА Лаура,
«Мақтаарал ауданының мамандандырылған дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаты» КММ 8 «А» сынып оқушысы, Жетісай қаласы,
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ШАЛҒЫМБАЕВА Гаухар Қылышбекқызы,
«Мақтаарал ауданының мамандандырылған дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаты» КММ «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінің жоғарғы санатты
мұғалімі, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Ғылыми жұмысының мақсаты – стратегиялық әріптестік шеңберіндегі
Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
және қазіргі жағдайына талдау жасау.
Міндеттері:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының құқықтық-
келісімдік негізін қарастыру;
- интеграциялық бірлестіктер қызметінде Қазақстан мен Ресей орнын анықтау;
- екіжақты экономикалық байланыстарды жекелеген салалар мен бағыттарға
бөліп қарастару;
- отын-энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар және оның
қазіргі жағдайын сипаттау;
- сауда қатынастарының қазіргі жағдайын талдау;
- екіжақты экономикалық қатынастардың басқа да өзекті салалары мен
бағыттарын қарастыру.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
139
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнің үш
тарауынан және қорытындыдан тұрады. Тақырыпты ашу мақсатында әрбір тарау
жеке бөлімдерге бөлініп қарастырылған.
Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі негізделген. Мұнда екіжақты
байланыстардың құқықтық қайнар көзі көрсетіліп, осы тақырып аясында
жарияланған зерттеу жұмыстары, монографиялар мен мақалаларына талдау
жасалып, тақырыптың зерттелу деңгейіне баға берілген. Сонымен қатар, зерттеу
әдістері анықталып, жұмыстың мақсаты мен міндеттері қойылған.
Бірінші тарауда екіжақты байланыстардың құқықтық-келісмдік аспектісі
қарастырылады. Бұнда Қазақстан-Ресей экономикалық қытынастары шартты түрде
екі кезеңге бөлініп, әрбір кезеңге жеке талдау жасалады. Екіжақты қатынастардың
алғашқы кезеңі мемлекетаралық қатынастардың қалыптасып, дамумен сипатталады.
Ал екінші кезеңде Қазақстан-Ресей байланыстары ынтымақтастықтың стратегиялық
әріптестік сатысына көтеріліп, экономикалық байланыстардың тереңдеуімен
ерекшеленеді.
Екінші тарауда экономикалық интеграция шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей
қатынастары посткеңестік аумақтағы интеграциялық бірлестіктер аясында дамуы
мен шекаралас аумақтар деңгейіндегі ынтымақтастығы тұрғысынан қарастырылады.
Үшінші
тарау
қазіргі
таңдағы
Қазақстан-Ресей
экономикалық
ынтымақтастығының өзекті салалары мен бағыттарын қарастырады. Бұнда екі елдің
энергетика саласындағы ынтымақтастығы, сауда қатынастары, сондай-ақ көлік, банк
және несие саласындағы екіжақты байланыстар қарастырылған.
Қорытынды бөлімде екі елдің өткені мен бүгінгі жағдайына жасалған талдау
қорытындыланып, екіжақты ынтымақтастыққа баға беріледі.
Жұмыстың
хронологиялық
шеңбері
Қазақстан
Республикасының
тәуелсіздікке
қол
жеткізуінен
қазіргі
кезеңге
дейінгі
Қазақстан-Ресей
қатынастарының дамуын қамтиды.
Кіріспе. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасында жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және егемен екі мемлекет Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тең құқықты байланыстардың
қалыптасуы мен даму барысы ғылыми тарихнамада жоғарғы деңгейде зерттелген
тақырыптардың бірі. Өйткені жаһандану кезеңіндегі экономиканың әлемдік
интеграциялануы шеңберінде көршілес екі елдің дамуы мен өзара байланысы,
екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық әріптестігі мәселелерін зерттеу екі ел
қатынастарының келешегіне болжам жасауға мүмкіндік береді.
Ресей – Еуразия материгінде Еураның шығыс және Азияның Солтүстік бөлігін
алып жатқан құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің көлемі жөнінен дүние
жүзінде бірінші орын алатын ірі ел. Ресей аумағы батыстан шығысқа қарай 9 мың
шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың шақырымға созыла орналасқан. Ел
аумағы 11 сағаттың белдеуді қамтиды. Ресей аумағының 1/4 бөлігі – Еуропада, 3/4
бөлігі – Азияда орналасқан. Оның жағалауын 3 мұхит сулары шайып жатыр. Ел
шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың шақырым, соның ішінде теңіздік шекарасы
38 мың шақырымды құрайды.
Ресми атауы – Ресей Федерациясы. Мемлекет астанасы – Мәскеу қаласы.
Жалпы жер аумағы 17,1 млн. шақ
2
, халықтың саны 141 220 968 адам.
Құрлықтағы шекарасының ұзындығы – 20017 шқ, оның ішінде: Әзербайжанмен –
284 шқ, Беларусьпен – 950 шқ, Грузиямен – 723 шқ, Қытаймен – 3645 шқ,
Қазақстамен – 7591 шқ, Латвиямен – 217 шқ, Моңғолиямен – 3485 шқ, Норвегиямен
– 196 шқ, Польшамен – 206 шқ, Солтүстік Кореямен – 19 шқ, Украинамен – 1576 шқ,
Финляндамен – 1340 шқ, Эстониямен – 294 шқ.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
140
Ресми тілі – орыс тілі. Елді басқару формасы – федеративті республика.
Мемлекет басшысы – призидент. Заңнамалық билік: қоспалаталы Федералдық
жиналыс.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-
географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда
дүние жүзі мемлекеттерінің 40%-тан астам халықтың басым көпшілігі орналасқан.
Жалпы алғанда Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14
мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград
облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ
шекаралары жоқ.
Ресей халқының саны дүние жүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия,
Бразилия, Пәкістан және Бангладештен кейінгі 8 орынды алады. БҰҰ-ның болжамы
бойынша 2025 жылы алдына Нигерия мен Мексиканы жіберіп, халқының саны
бойынша дүние жүзінде 10 орынға төмендеуі мүмкін. Дүние жүзінде Ресей
халқының үлесі 2,7%-ды құрайды.
Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады.
Ресей Федерациясының миллионер қалалары мыналар:
Мәскеу – 8,3 млн. адам.
Санкт-Петербург – 4,6 млн. адам.
Новосибирск – 1,4 млн. адам.
Екатеринбург – 1,3 млн. адам.
Самара – 1,13 млн. адам.
Қазан – 1,1 млн. адам.
Ресей қалалары – өнеркәсіптік (Магнитогорск, төменгі Новгорд), көліктік
(Обнинск, Пущино) және шипажайлы (Анапа, Сочи) болып бөлінеді.
1994 жылдың 15 сәуірінде қабылданған еркін сауда аймағын құру туралы
келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12 мемлекеттің басшылары қол қойды.
Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі болып табылады. Кезінде
Кеңестер Одағы құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер өздерінің экономикалық
мақсаттары мен басым бағыттарын жүзеге асыра отырып бұрынғы одақтас
республикалар арасында тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісі мен өзара
ынтымақтастықтың қажеттілігіне көз жеткізді. Сөйтіп ынтымақтастықты дамыту
және одан әрі жетілдіру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын
білеміз.
1995 жылы Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей кедендік одақ құрды,
оған 1998 жылы Тәжікстан қабылданды. Соның нәтижесінде бұл елдер арасында
өзара қолайлы еркін сауда тәртібі қалыптасты. Міне, содан бері қарым-
қатынастарымыз жақсы.
Мен орыс тілі мен әдебиетін өте жақсы көремін. Осы ұлы елге деген
қызығушылығым мені осы жұмысты жазуға итермеледі.
Жалпы, Қазақстан мен Ресей қатынастары және екіжақты ынтымақтастықтың
жекелеген салалары қазіргі таңда да ғалымдар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие.
Осы тақырыпта қазақстандық және ресейлік стратегиялық зерттеу институттары,
ресейлік «Обозреватель», «Россия и мусульманский мир», «Восток» сараптамалық
журналдары, «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының
баяндамалары», сондай-ақ «Саясат», «Қазақстан – Спектр», «Аналитик» және т.б.
ғылыми-мерзімді басылымдарда жан-жақты қарастырылады.
Осы тақырыптағы зерттерулерді шартты түрде топтастыруға болады. Бірінші
және ең үлкен топты Қазақстан мен Ресей қатынастары және Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы аясындағы байланыстарына арналған әдебиеттер құрайды. Келесі топқа
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
141
екіжақты байланыстардың жекелеген салалары мен өзекті бағыттары зерттелген
монографиялар, авторлар тобымен жазылған жинақтар біріктірілген. Екі ел
арасындағы экономикалық ынтымақтастық, оның жекелеген салалары мен қазіргі
жай-күйі мерзімді басылымдарда тереңірек қарастырылады.
Бұл жұмыстың дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған
мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа
да құжаттар құрайды. Осы орайда, ерекше атап өтетіні екіжақты қатынастардың
негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі,
1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен
Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық
туралы Келісімі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына
талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының
мәліметтері, екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес
қосты. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел
басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Негізгі әдебиетер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарына
арналған «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей
қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004
жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің
құндылығы белгіленген уақыт аралығында екіжақты деңгейде қабылданған құжаттар
мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел
арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.
Тақырыпты зерттеу барысында қолданылған негізгі әдебиеттер қатарында
отандық авторлар Қ. Тоқаев, Т. Мансұров, Б. Сұлтанов еңбектерін атап өтуге
болады.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көпвекторлы сыртқы
саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ. Тоқаевтың монографиялық еңбектері мен
әр жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бастамасымен
жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн.
Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.
Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001
жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық
негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екіжақты байланытың өзекті
саласы
ретінде
Қазақстан-Ресей
экономикалық
ынтымақтастығы
жеке
қарастырылған. Осы ынтымақтастықтың жай-күйі Қазақстанда жүргізіліп жатқан
экономикалық реформалар және оның алғашқы қорытындыларымен қатар
талданады. Экономикалық ынтымақтастықтың өзекті салалары ретінде отын-
энергетика, қаржы-несие және банк салаларындағы алғашқы байланыстар аталып
өтеді.
Авторлар тобымен жазылған «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі
сыртқы экономикалық басымдылықтары» атты еңбек осы жұмысты жазуға үлкен
үлес қосты. Кітапта Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының жекелеген
салалары: сауда қатынастары, энергетика саласындағы ынтымақтастық, көлік-
коммуникациялық байланыстар және ынтымақтастықтың өзге де салалары
қарастырылады. Еңбектің құндылығы экономикалық байланыстарда екі ел арасында
қол жеткізілген нәтижелермен қатар, кейбір кемшіліктер мен оларды шешу
жолдары, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту әдістері келтіріледі.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
142
Посткеңестік
аумақтағы
интеграциялық
үрдістер
Қазақстан-Ресей
экономикалық байланыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Мәселен, Кеден
одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар екі ел арасындағы кейбір
экономикалық, кеден мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Өз кезегінде, Қазақстан
мен Ресей тарапынан көтерілген бастамалар интеграцияның тереңдеуіне үлес қосып
келеді. Тіпті, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей интеграцияның қозғаушы күші
ретінде танылады. Осы орайда, жұмыстың арнаулы бөлімін жазу барысында
аталмыш сала мамандары – Н. Исингарин, Е. Жоламанов, В. Алесин, С. Прімбетов
және т.б. авторлар еңбектерін атап өткен жөн.
Қазақстан-Ресей байланыстарының қазіргі таңдағы сипаты, энергетика, көлік,
қаржы салаларындағы байланыстары мен сауда қатынастары, шекаралас аумақтар
деңгейіндегі екіжақты байланыстар баспасөз беттері мен электронды ресурстарда
жарық көрген Б. Сұлтанов, В. Амиров, Т. Мансұров, М. Лаумулин, А. Местоев және
т.б. авторлар мақалаларында қарастырылады.
Қазақстан-Ресей байланыстары қарастырылған Ресей авторларының еңбектері
қатарынан «Внешняя политика и безопасность современной России. 1991-2002
годы» атты төрт томдық хрестоматиясын атап өтуге болады. Кітаптың негізгі бөлімі
Ресей Федерациясының халықаралық және аймақтық деңгейдегі саясаты, екінші
кітапта ТМД елдерімен байланысы қарастырылады. Арнаулы бөлімде Қазақстанмен
экономикалық байланысы талданады.
Ресей стратегиялық зерттеу институтының авторлары тобымен жазылған
«Қазақстан: тәуелсіз дамудың бүгінгі жағдайы мен келешегі» атты кітабы тәуелсіз
Қазақстанның саяси-экономикалық дамуын зерттеген алғашқы еңбегі болып
табылады. Жұмыста нарықтық қатынастардың дамуы негізінде Қазақстан-Ресей
экономикалық байланыстары да қарастырылады.
Сондай-ақ, екіжақты сауда-экономикалық қатынастары Р. Андреещев, Л.
Зевин, Е. Борисова және т.б. авторлар зерттеулерінде қарастырылып, ресейлік
баспасөз беттерінде жарияланған. Дегенімен, кейбір мақалаларда Ресей мен
Қазақстан арасындағы тең құқықты және өзара тиімді байланыстары жөнінде айтыла
келіп, Орталық Азия аймағындағы көп жағдайда бір жақты пайда алып келетін Ресей
мүдделері және оны жүзеге асыру жолдары ашық көрсетіледі.
Жалпы,
Қазақстан-Ресей
қатынастары
тақырыбында
жарық
көрген
әдебиеттердің көп болумен қатар, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың
жекелеген салалары жете қарастырылмағанын аңғаруға болады. Мәселен, ауыл
шаруашылығы мен өндіріс саласы екіжақты байланыстың басты бағыты саналатын
отын-энергетика кешенімен саластыра алғанда зерттелу деңгейі төмен. Осы орайда,
екі ел саясатын ДСҰ-на кіру ниеті аясында қарастырсақ, дайын өнім түрлерін өндіру
мақсатында екі елдің өндірістік потенциялын дамыту өзектілігі туындайды. Бұл
жағдайда бастамалық рөл сала мамандарына берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |