Әбу Насыр әл-Фараби
Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті
Дайындаған: Айбекова Азиза
Топ: 109А ЖМ
Тексерген: Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы
Әл-Фараби кім? Әбу Насыр Әл-Фараби - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Биылғы жылы ортағасырлық ұлы ғұлама, замандастары үлкен құрметпен
"Шығыстың Аристотелі", "Аристотельден кейінгі екінші Ұстаз" деп атаған Әл-Фарабидің туғанына дәл 1150 жыл толады.
Әбу Насыр Әл-Фараби
870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала)
қаласында дүниеге келді.
Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
"Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі
мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", -
дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат,
Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.
(Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және
екінші
аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған)
“Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
«Даналық інжу-маржандары», «Мейірімді қаланың тұрғындарының көзқарастары», «Философиялық трактаттар» және «Музыканың үлкен кітаптары» атты трактаттары бар.
Ғалым Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп
мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету",
"Азаматтық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сынды көптеген философиялық еңбек жазды.
Бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық
тұрған пікірлер, пайымдаулар туралы баяндайды.