№7-8 (143-144) қазан октябрь 2002 жылдың тамыз айынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.01.2017
өлшемі5,04 Mb.
#1516
1   2   3

АТА ЗАҢЫМЫЗҒА – 20 ЖЫЛ!

Еліміз  Тәуелсіздік  алған  жылдардан  бастап,  биыл  Ата  Заңымыз  жиыр-

ма жылдық төл мерекесін тойлағалы жатыр. Бұл әрбір қазақстандық тұрғын 

үшін  маңызды  мереке.  Себебі,  сонау  Қасым  ханның  қасқа  жолынан,  Есім 

ханның  ескі  жолынан  бастау  алған  бұл  заң  бүгінде  кемеліне  жетіп,  заманауи 

ереже лерімен  толықтырып,  өркениетті  елдердің  қатарындағы  мәртебесі  биік 

құжаттардың бірі болып отыр. Ата Заңымыз әрбір азаматтың жеке тұлға болып 

қалыптасуына мүмкіндік берді, оның мүддесін қорға, құқығының барлығымен 

тең болуын қамтамасыздандырды, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы 

тәрті  ен  бірлікті  нығайтып  отырған  басты  төлқұжат.  Сондықтан  да  біз  өсіп 

келе жатқан ұрпағымызға алар асуы алда жас мемлекеттің тұлғалары ретінде 

аталған мерекені ата өтудің көкейкестілігі мен маңызы жайында ақпарат беруді 

міндетіміз деп есептейміз.

Абай  атындағы  Қаз  ҰПУ-нің  ректоры,  академик  С.Ж.Пірәлиев,  Тәрбие 

ісі  жөніндегі  проректор  Ж.Е.Ішпекбаев,  Медеу  ауданы  әкімінің  орынбасары 

Д.М.Айнақұлова,  Медеу  аудандық  «Нұр  Отан»  партиясы  төрағасының  орынбаса-

ры Ғ.А.Майлыбаев, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқарма 

басшысының міндетін атқарушы Н.Е.Сыдықов, Медеу ауданы әкімшілігінің Жастар 

ресурстары орталығының бас маманы М.М.Нұрлытанова, Әлеуметтік-гуманитарлық 

пәндер кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Ж.Қ.Симтиков, 

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, та-

рих ғылымдарының кандидаты Ғ.А.Меңілбаев, «Атамекен» пікір-сайыс клубының 

мүшесі, Жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті Қадірбекова 



Зиба қатысты. Жиынды Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің ректоры Серік Жайлауұлы 

құттықтау сөз сөйлеп, ашты.

  Одан  кейін  сөз  кезегін  алған  Тәрбие  ісі  жөніндегі  проректор  Жанатбек 



Ішпекбаев Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде 

орнығуы  Конституцияда  қаралған  президенттік  басқару  жүйесінің  әсеріне  тікелей 

байланысты екендігіне тоқтала келе,қазіргі таңда нақ осы басқару – мемлекетіміздің 

тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық және саяси реформаны жүргізуге, елдегі 

ішкі  саяси  тұрақтылықты  орнығыуы  мен  сақтауға  мүмкіндік  беріп  отырғандығын 

түсіндіріп  өтті.  Демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекетке 

айналуды өзіне басты міндет етіп алған еліміздің бұл күндері қол жеткізіп отырған 

қыруар  табыстары  да  осы  Конституцияның  және  кемел  ой,  қайсар  рух,  мұқалмас 

күш-жігермен  еліміз  үшін  атқарып  жүрген  әр  азаматтың  ұлан-ғайыр  еңбегінің 

арқасы. Тыныштық, Тұрақтылық, Ынтымақ атты ұлы құндылықтарға негізделген Ата 

Заңымыз ел бірлігін қамтамасыз етіп, елге ырыс, жақсы тұрмыс әкеліп отыр.Бүгінгі 

еліміз қол жеткізген барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміз де осы Конституцияның  

айқынды жемісінің жарқын көрінісі болып  табылады, деп қортындылады.

Әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  кафедрасының  меңгерушісі,  саяси  ғылым да-

ры ның докторы Жомарт Симтиков «Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың тірегі - Кон-

ституция» тақырыбында баяндама жасап,

шындығында  кез  келген  мемлекеттің  ұстанымын,  ұлтының  құндылығын 

айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, 

қастерлеу  –  ұлттың  ұлы  парызы  екенін  ұмытпау  керек.  Алаш  ұмтылысынан  кейін 

республикамызда  бірнеше  Конституциялар  өмірге  келген.  Соның  алғашқысы  1926 

жылы 18 ақпанда Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетімен тұңғыш Конституция 

жазылып, РСФСР Орталық атқару комитеті бекітпегеннен кейін күшіне енбеген. Со-

сын  1937  жылы  26  наурызда  Жалпықазақ  кеңестерінің  X  төтенше  съезі  қабылдап, 

бекіткен  Конституция  бар.  Қырық  жылдық  ғұмыры  болған  осы  құжаттың  орнын 

1978 жылы 20 сәуірдегі «кемелденген социализм» аталған заманның Конституци-

ясы басқан болатын. Міне, осы құжат Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылып 

қабылданған,  1993  жылғы  28  қаңтардағы  Қазақстанның  төл  Ата  Заңы  қолданысқа 

енгенге  дейін  өмір  сүрді.  Елдің  егемендігін  танытатын  1993  жылғы  тұңғыш  Кон-

ституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық 

сипатқа  ие  басты  құжат  болып  табылды.  Осылайша,  дүниеге  келген  Конституция 

тәуелсіз  мемлекет  ретінде  дамуымызға  даңғыл  жолының  басты  бағдары  болып, 

елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алай-

да, заман ағымына қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа 

шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз – Қазақстан 

Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап – 

Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай 

сақтау  республикамыздың  әрбір  азаматының  міндеті  мен  парызы  болуы  тиіс,-деп 

сөзін аяқтады.

Медеу ауданы әкімшілігінің Жастар ресурстары орталығының бас маманы Ме-

руерт Нұрлытанова «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер 

енгізу туралы»,  Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының 

профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ғани Меңілбаев «Конституциядағы 



азаматтардың құқықтары мен бостандықтары», «Атамекен» пікір-сайыс клу бы-

ның мүшесі, Жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті Қадір-



бек ова Зиба «Азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі-Ата Заң!» 

тақырыбында баяндама жасап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Еліміздің Ата Заңы мемлекеттің басты мерекелерінің бірі екені айғақ. Сондықтан 

тәртіп пен ауызбіршіліктің белгісі болған бұл мейрамның мәртебесі үстем болсын. 

Ғасырлар бойы сақталған осы Ата Заңымыздың құндылығын өскелең ұрпақ бағалай 

білсін. Тәуелсіздіктің тұғырын тік ұстау жолында әрбір қазақстандық аянбай еңбек 

етсін деп тілейміз.

***

Тәрбие жұмысы жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының 



ұйымдастыруымен  2015  жылдың   28 тамызы  күні  № 10 оқу ғимаратының конфе-

ренц залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20  жылдығына арнал ған 



«Конституция-мемлекеттілік  пен  тұрақтылықтың  берік  іргетасы»  атты  тақы-

рып та кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді. 



Қазына БЕКПЕНБЕТОВА

• Құттықтаймыз!

қазан

октябрь

№ 7-8 (143-144)

2015

7

Адамзат өркениетінің қазынасы жеке тұлғалардың сапалы 

еңбек  көрсеткіштері  нәтижелерінен  құралады.    Жаратылыста-

ну,  қоғамдық-гуманитарлық,  техникалық  ғылымдар  салалары 

бойынша  жүзеге  асырылған  ақыл-ой  еңбегінің  нәтижелері 

негізінде  жаңа  буын  ұрпақтардың  ізденістеріне  бағдар  жа-

салады.    Адамдардың  материалдық  және  рухани  мәдениет 

сала ларындағы  игерген  жетістіктері  жаңа  толқын  өкілдерінің 

лайықты  істерімен  жалғастырылуы  арқылы  ұлттық  және 

жалпыадамзаттық  құндылықтар  жүйесі  қалыптасады.  Ата-

бабаларымыздың  қалыптастырып  кеткен    өнегелі  дәстүрлі 

жолын  жалғастыратын  әрбір  жаңа  толқынның  азаматтық-

перзенттік  жауапкершілікті  сезінуі  де  өркениет  дамуын-

да    ықпалды  орын  алады.  Бұл  орайда,  Түркі  өркениетінің 

негізгі  орталық  өңірі  Қаратау    атырабында  орналасқан  Қазақ 

мемлекеттілігінің рухани астанасы  Түркістан қаласында өмірге 

келген,  сонда  орта  мектепте  оқып  білім  алған,  бұл  күндері 

отанымызға белгілі ғалым-ұстаз Әбдіразақ Мақанұлы Бабашев 

есімін айта аламыз. 

Әбдіразақ  -  1962-1972  жылдары  Түркістан  қаласындағы 

Мәншүк Мәметова атындағы орта мектепте оқыды. Бастауыш 

сыныптарда  (1962-1965  жж.)    оқытқан  алғашқы  ұстазы 

Бәтима  Бекбауова  апайынының  білімділігінің  ,  біліктілігінің 

аса  ықпалды  болғаны  алдағы  білім-ғылым  игеру  сапарында 

тиянақты, берік негіз болды. Бастауыш және орталау, орта білім 

беретін  сыныптар  жүйесіндегі  пән  сабақтарын  үздік  оқыған 

шәкірттердің өздері қалаған болашақ еңбек сапарында нәтижелі 

өмір сүргендері – тарихи шындық. Орта мектепте оқып жүргенде 

сыныптастары  Әбдіразаққа  «профессор»  деп  қосымша  атақ-

есім  қойған  екен,  себебі  ол  мектебінің  атынан  қалалық, 

аудандық, облыстық (Шымкентте), Республикалық (Алматыда) 

пәндік  олимпиадаларға  үнемі  қатысты,  жүлделі  орындарды 

иеленді. Сынып старостасы, мектептегі қоғамдық ұйымдардың 

(пионер, комсомол) басқару – ұйымдастыру комиссияларының, 

комитеттерінің  құрамындағы  белсенді  қызметтерін  атқарды. 

Әбдіразақ  орта  білім  алу  кезеңінде  Түркістандағы  қалалық 

музыкалық мектептегі домбыра сыныбы бойынша да үздік оқып 

бітірді.  Түркістан  қаласы  бойынша  ұйымдастырылған  Халық  

аспаптары  оркестрі  құрамындағы  домбырашылар  тобында 

болып,  сол  кездегі  Астана,  Алматыда  өткен  Республикалық 

өнер  фестиваліне  қатысып,  ұжымымен  бірге  жүлделі  орын 

иегері атанды. 

Орта  мектептегі  оқу  жылдары  –  барлық  адамдардың 

жаратылыстану,  қоғамдық-гуманитарлық,  техникалық  ғылым-

дардың  бастау  негіздерін  білікті,  білімді  ұстаздар  арқылы 

ғана  игеретін  кезең.  Оқыту  мен  адамгершілік-имандылық, 

тәлім-тәрбиесін  тұтастандыра  шәкірттер  санасына  сіңдіретін 

мұғалімдер  –  өркениет  кеңістігіндегі  барлық  шәкірттер  үшін 

мәңгілік  ұмытылмайтын  ұлағат  иелері.  Бұл  күндері  өзі  де 

талай  буын  шәкірттерді  оқытып  тәрбиелеген  профессор 

Әбдіразақ Мақанұлы Түркістан қаласындағы сол өзі онжылдық 

білім  алған  мектебіндегі  білімімен,  тәлім-тәрбиесімен  өзінің 

және  сыныптастарының,  мектептестерінің  алдағы  өмір 

сапарына  айқын  бағдар,  бағыт  жолдарын  ұғындырған  аяулы 

ұстаздарының оқу-әдістемелік, тәлім-тәрбие қызметін мәңгілік 

бағдарлама,  озат  тәжірибе  үлгілер  ретінде  ұстанумен  келеді. 

Сынып  жетекшісі  және  француз  тілінен  сабақ  берген  Жібек 

апайынының  ұлттық  және  әлемдік  рухани  құндылықтарымен 

таныстырған қызметі өзін өмір бойы рухтандырумен келеді. Ал 

математика  пәнін  оқытқан  Кеңес  Дүйсенбаев  ағайының  сонау 

Эвклит, Пифагор, Архимед, Әл-Фараби, әл-Беруни , Әбуғали ибн 

Сина және т.б. ғасырлар белестеріндегі ғалымдар еңбектері мен 

қазіргі  заманғы  математика  ғылымы  жетістіктерін  ұштастыра 

түсіндірген  сабақтары  шәкірттер  қиялын  шарықтататын, 

талай  күрделі  есептерді  шешуге  жігерлендіретін.  Қазақ  тілі 

және әдебиеті пәндерін оқытқан Жанәділ Төлегенов ағайының 

сабақтарында  шәкірттер  өздері  мекендеп  отырған  бүкіл  түркі 

әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласындағы ойшыл ақын 

Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерін басты назарға алатын. Орта 

ғасырлардағы  түркілік  ойшыл  ақындар  Ахмед  Йүгінекидің  , 

Жүсіп  Баласағұнның,  Сүлеймен  Бақырғанидің  мұралары  мен 

кейінгі ғасырлар әдебиеттері сабақтастығын әдебиетші – ұстаз 

жүйелей түсіндіретін.  Қазақ әдебиеті сабақтары мен сыныптан 

тыс  оқылатын  кітаптарды  тәлім-тәрбие  жұмыстарымен 

ұщтастыра  жүргізетін  аяулы  Жанәділ  ағайы  шәкірттеріне 

ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерін адамгершілік-

имандылық,  эстетикалық  тәрбие  беру  насихаты  қызметінде 

шеберлікпен  пайдаланатын.  Әсіресе  ойшыл  ақынның  тәлім-

тәрбиелік хикметтерін ұсынатын: 

Қайда жүрсең, көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,

Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғыл

Махшар күні Тәңірге жақын болғыл,

Менменсінген халайықтан қаштым міне.

... Ақылға ерсең, ғаріптерді мейіріммен сүй,

Мұстафадай  елді кезіп, жетімді жый.

Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый,

Бойым тыйып дариядай тастым міне  

(Ясауи  Қожа  Ахмет.  «Диуани  хикмет  (Акыл  кітабы).  –

Алматы : Мұраттас, 1993. -262 бап.; 17-18-бб.) . 

Түркістанда туып, қысқа ғұмырында ұлттық сөз өнерінде 

мол мұра қалдырған Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» 

романында  Әбдіразақ  сол  Жібек  апайының  айтуымен  оқып 

шықты.  Саттар ақынның «Мәңглілік өмір туралы жыр» балла-

дасындағы  өлең  жолдары  да  жасөспірім  Әбдіразаққа  қас-

қағымдық, ғарыштық уақыт кеңістігіндегі адамдар арманының 

орындалу  өлшемдерін  ұғындыратын,  әсерге  бөлейтін.    Осы 

жырдағы   «Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім,  Өне-

рімнің барлық гүлін аша алмаған жан едім, - деген тармақтар 

жасөспірімге  фәни  дүниенің  соншалықты  қысқалығын, 

адамдардың  мүмкіндігі  жеткенінше  ғана  үлгеретін  тағдырын 

сезіндіретін,  ал  «Менің  құрдастарым»  романында  басты 

кейіпкер Рахмет Дәуірұлының өршіл ойы мен тіршілік қазанын 

қайнатуға  деген  құштарлығымен  жүзеге  асырған  іс-әрекеттері 

жас  оқырман,  албырт  ойлы  шәкірт  Әбдіразақтың  алыстарға 

ұшатын  арман-қанаттарын  қомдай  түсуіне  айрықша  әсер 

ететін.  Қазақ  әдебиеті  мұраларын  орта  мектеп  бағдарламасы 

бойынша оқып жүрген Әбдіразақтың ата-бабалық әуез аспабы 

домбыра  тартудағы  өнернамалық  ұстанымы  да  ұлттық  сөз 

өнері  шығармаларына  деген  оқырмандық  дағдысын  мәңгілік 

қалыптастырды.  Химия  пәнінен  сабақ  берген  Хасен  Дәменов 

ағайының сабақтарында ежелгі дәуірлерден біздің заманымызға 

дейін  ұласқан  химия  ғылымының  тәжірибелік-теориялық 

алғашқы түсініктеріне қанық болды.  

Ал  физика  пәнін  оқытқан  Шәмсия  Сағынбаева  апайы-

ның  сабақтарында  адамдарды  қоршаған  бүкіл  әлемдегі  заттар 

мен  құбылыстардың,  өзара  байланыстарының,  сабақтасты-

лықтарының,  үндестіктерінің,  өзгешеліктерін  танымдық  сыр-

лары бойынша ұғынды. Жаратылыстану саласындағы пәндерді 

оқу барысында жасөспірім бозбала Әбдіразақтың жүрегінде осы 

ғылымның негіздерін жан-жақты игеруге деген құштарлық оты 

тұтана бастаған. Әрине орта мектептегі оқу жылдарды барлық 

пәндерді (орыс тілінен - Асанхан Көппаев, дене тәрбиесінен – 

Нұрғали  Алдабергенов,  Айтан  ағайы,  т.б.)  оқытқан  ұстаздары 

Әбдіразақтың  жанында  оларға  арналған  шәкірттік  құрмет  –

ілтипат сезімдерімен мәңгі сақталып қалды. 

Қазіргі  уақытта  осындай  ұлағатты  ұстаздарынан  білім 

алып,  республикамызға  танымал  өнегесімен  өзі  оқыған 

мектебінің  үлгілі  түлегі  болуына  байланысты  профессор 

Әбдіразақ  Мақанұлы  Бабашевтың  есімі  ғалым  ұстаздың  орта 

бі лім алған алтын бесігіндегі биология кабинетіне берілгені де 

жаңа буын шәкірттерге өнеге көрсеткіші болып отыр.  

Әбдіразақ  Мақанұлы  ғұмырнамасының  ер  жету,  есею 

жылдарындағы  жоғары  білім  алған,  одан  кейінгі  ғылыми  - 

зерттеулер жүргізген,  ғалымдық пен жоғары деңгейдегі ұстаз-

дық  қызметтері  тұтасқан  кезеңдер  –  бәрі  де  оның  биіктен-

биікке  өрлеген  замандастарымен  тағдырлас  жолын  таңдады. 

Ол  1972  жылы  аталған  онжылдық  мектепті  бітіргеннен  кейін 

Түркістан  қаласындағы  медициналық  училищесінде  (қазіргі 

колледж)    түсіп,  оны  үздік  (қызыл)  дипломмен  бітірді.  Одан 

кейін  арнайы  жолдамамен  Алматыдағы  қазіргі  әл-Фараби 

атын дағы  Қазақ  Ұлттық  (ол  кезде  С.М.Киров  атындағы 

мемлекеттік)  университетіне  арнаулы  орта  оқу  орнын  үздік 

бітіруші  болғандықтан,    бір  ғана  химия  пәнінен  тапсырған 

емтиханнан «5»  («өте жақсы») бағасын алып, студент қатарына 

қабылданған еді. 

Қазақ ұлттық университетіндегі биология  мамандығының 

биофизика  бөлімін  1980  жылы  үздік  дипломмен  бітірген  жас 

маманға Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясына қарасты Адам 

мен  жануарлар  физиологиясы  ғылыми  –зерттеу  институтына 

арнайы  жолдама  берілді.  Сонау  онжылдық  мектепте  оқып 

жүрген  балалық,  жасөспірімдік  шақтарында  биология  мен 

химия  пәндері  бағдарламалары  негізінде  препаратталған  құс-

тар дың,  жәндіктердің,  үй  жануарлары  мүшелерінің,  алуан 

түрлі  өсімдіктердің  кептірілген  фиксацияланған  гербарий 

көшірмелерін  жасайтын,  ол  жұмыс  көрсеткіштері  арнаулы 

жалпыхалықтық  көрсетілімді  көрмелерге,  мектептегі  пәндік 

кабинеттерге қойылатын. Ғылыми зерттеу институтында еңбек 

еткен  жылдары  ол  тәжірибелік  нәтижелер  және  теориялық 

тұжырымдар сабақтасығындағы ізденістерін нәтижелі жүргзді. 

Қазақтың  биология  ғылымдары салалары бойынша  тұңғыш 

докторы,  академик,  қазақ қызы -

Н.О.  Базанованың  мектебі  бағдарымен  іргелі  зерттеулер 

жүргізген  жас  ғалым  Әбдіразақ  жаңалығы  анық  ғылыми 

нәтижелерге  қол  жеткізді.  1990  жылы  «Организмнің  жеке 

даму  барысындағы  төзімділікке  жаттықтырудағы  симпато-

адреналдық  жүйесінің  рөлі»  күрделі  тақырыбымен  диссер-

тациясын  сәтті  қорғап,  биология  ғылымдарының  кандидаты 

дәрежесін иеленді.  Ғылыми нәтижелері тікелей адамдардың тән 

саулығын сақтау мен емдеу тетіктеріне арналған жұмыстарына 

қолданылып,  игі  нәтижелерімен  дәлелденген  ғалымның 

жаңалығы осы бағдардағы жаңа ізденістерге де   серпін берді. 

Бірнеше  рационализаторлық  пен  өнертапқыштық  куәліктері 

бар  ғалымның  ғылыми  ұсыныстары  да  өмірде  өз  орнында 

қолданыста бар, мысалы, мүгедектер мен қозғалыссыз жандар 

үшін ойлап тапқан қарапайым массаждық құрылымы мен т.с.с. 

жаңалықтары халыққа қызмет етуде.

Әбдіразақ  Мақанұлының  соңғы  ширек  ғасырлық  еңбек 

өтілі  Қазақстандағы  жоғары  білім  берудің  Қара  Шаңырақ 

ордасы  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  универ-

ситетіндегі  жаратылыстану  және  география  институтының 

(бұрынғы  факультеттің)  еңбек  ұжымы  ортасында  өтіп  келеді. 

Жаратылыстану  және  георгафия  институтының  анатомия, 

физио логия,  гигиена  және  тіршілік  қауіпсіздігі  кафедрасында 

профессор  болып  еңбек  етіп  жүрген  Әбдіразақтың  қызметі 

Тәуелсіз  Қазақ  Елінің  жаңа  тарихындағы  игі  көрсеткіштер 

құрамындағы  сипатымен  бағаланады.  Өзі  еңбек  ететін  кафе-

драның  оқу-әдістемелік  кешендердің,  типтік  пән  бағдар-

ламалардың, т.б. оқу-әдістемелік құжаттардың  дайындалуында 

жоғары  деңгейдегі  біліктілігімен  танылуда.  1991  жылдан  бері 

3 рет декаанның оқу ісі жөніндегі, сол сияқты тәрбие жұмысы 

және ғылыми – халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары 

қызметтерінде  де  жігерлі,  байыпты  басшы  тұрғысында  еңбек 

етуімен дараланды. 2007 жылы Үнді еліне Дели университетіне 

психофизиологиялық  бағытпен  шақырылып,  жолдамамен  сол 

университетте  оқыған  шет  елдік  білім  алушылардың  және 

үнділік  мамандардың  мол  алғысына  ие  болып  келгеннен 

соң,  басқа  да  еліміздегі  әріптестерінің  ұсыныстарымен  Абай 

атындағы университеттің профессоры атағын иеленді, осы күнге 

дейін  ғалым-ұстаздың  отандық  және  шетелдік  басылымдарда 

150-ден  аса  ғылыми  –  теориялық,  оқу-әдістемелік  еңбектері 

жарық  көрді.  Сол  жаңа  2000  жылдардағы  биология,  химия, 

география,  экология,  туризм,  валеология  мамандықтарының 

ЖМЖКБС  –  жалпы  мемлекеттік  жоғары  кәсіби  білім  беру 

стан дарт тарын  жасауға  белсенді  қатысқан.  Биология-химия, 

биология-психология,  биология-валеология  сияқты  қосар-

ланған  жаңа  бағыттағы  мамандықтардың  ашылуына  ұйытқы 

болып,  осы  университетте  сол    мамандықтардың  ашылуына 

да  көп  еңбегі  сіңген  ғылыми  -  әдістемелік  еңбектері  де,  сол 

сияқты  биология  пәні  бойынша  алғашқы  тестік  тапсырмалар 

жинақтауға  да,  әрі  жыл  сайын  өтетін  ҰБТ-ге  қатысып  орта-

лықтың  алғысы  мен  марапаттауларына  ие  болып  келеді. 

Биологиялық-медициналлық  күрделі  өзекті  тақырыптардың 

ұжымдық  тәжірибелері  негізінде  орындалуына  байланысты 

ғалым-ұстаздың  бірлескен  авторлықпен  жарық  көрген 

еңбектері  (оқу  құралдары,  мақалалары,  т.б.)  жаратылыстану 

ғылымы ауқымындағы қазіргі заманғы әлеуметтік-экологиялық 

аса  маңызды  мәселелерге  арналуымен  ерекшеленеді.    Мыса-

лы:  «Оқушылардың  мазасыздану  деңгейін  бағалау»,  «Ой 

еңбегі  кезіндегі  кейбір  психо-физиологиялық  және  мор фо-

физиологиялық  көрсеткіштердің  өзгерістері»,  «Пуберант тық 

кезең  және  жыныстық  тәрбие»,  «Кредиттік  оқытуды  жос пар-

лық  және  ұйымдастыру»,  «Уран  өндіретін  өндіріс  жұмыс-

шыларының  денсаулығын  бағалау  және  емдеу  туралы», 

«Жас тарды  рухани  тәрбиелеудің  физиологиялық  негіз дері», 

«Қоғамдағы  психо-физиологиялық  әсерлер»,  «Алматы  қаласы 

мемлекеттік  қорығындағы  сирек  кездесетін  өсімдік тердің 

морфо-физиологиялық  жағдайларына  антро погендік  фактор-

лардың әсері», «Ұялы телефонның денсаулыққа әсері туралы», 

т.б.  бірқатар еңбектері үшін отандық және шетелдік ғылыми-

зерттеу  мекемелері  тарапынан  арнаулы  алғысхаттармен, 

сертификаттармен    әлденеше  дүркін  мара патталды.  Ғалым-

ұстаздың  жетекшілігімен  студенттер  ғылыми  жұмыстарының 

республикалық  конкурсында  көптеген  шәкірт тері  де  үнемі 

жүлделі орындарға ие болып жүр.

Бұл  күндері  профессор  Әбдіразақ  Мақанұлы  И.П.Павлов 

атындағы  Қазақстан  физиологтар  қоғамының  белді  мүшесі, 

Алматы  қаласындағы  бірнеше  жоғарғы  оқу  орындарының 

профессоры  атақтарының  иесі  тұғырындағы  танымал  ғалым-

ұстаз.  Ғылыми-педагогикалық  еңбек  өтіліне  40  жыл,  ал  Абай 

атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінде 

еңбек  еткеніне  сирек  ғасыр  толыпты.  Мемлекетімізге  ғылыми 

зерттеулерімен  және  оқу-әдістемелік,  тәлімгерлік-тәрбиешілік 

қызметімен  өмір  бойы  аянбай  елеулі  үлес  қосып  келе  жатқан 

әріптесіміз    Әбдіразақ    -  өнегелі  отбасы  отағасы.  Сонау  1975 

жылы отбасылық одақ құрған жары Қайырхан Қасыбайқызымен 

бірге    перзенттерін  (қызы  -Айнұр,  ұлдары-  Ернұр,  Елнар)  

өсіріп-тәрбиелеп,  олардан  өрбіген  немерелерін  (қызынан  –

Лиана,  ұлынан-Сәбина,  Сәл-сәбиль,  Жүсіп,  Имран,  Самир), 

келіндерін,  құда-жегжаттарын  Жаратушы  Алла  сыйлаған  бай-

лығы  тұрғысында  сезінеді.  Ұрпақтарының  ата-бабаларымыз 

қалыптастырған  адамгершілік-имандылық  жолынан  ауыт қы-

май, Тәуелсіз Қазақ Елінің Мәңгілік Ел бағдарындағы жолымен 

отаншыл азаматтар қатарында болуын тілейді. 

Қорыта  айтқанда,  қазіргі  кезде  жасы    алты  ондық  белесіне 

жеткен  ғалым-ұстаз,  профессор  Әбдіразақ  Мақанұлы  Бабашев 

замандасымыздың ғылыми-шығармашылық, педагогикалық еңбек 

жолында  Отанымыздың  сапалы  мамандарын  даярлау  ісінде  әлі 

талай  игі  нәтижелерге  жететіні  ақиқат.  Бұл  –  тіршілік  әлемінің 

сұлулығын сақтауға өмірін арнаған Әбдіразақ сынды абзал жүректі 

адамдар ұлағатының болашаққа жалғаса беретін қастерлі жолы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет