ҒАЛЫМ-ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ
Темірхан ТЕБЕГЕНОВ
филология ғылымдарының
докторы, профессор
Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев,
Филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлы,
және институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары және студенттер мен магистранттар,
ал құрметті қонақ ретінде халықаралық «Жанашыр»
қорының президенті Ж.Әпетова, шетелде тұратын
қазақ диаспорасының ақпараттық топ өкілдері –
Каюм Кесижи, саясаттану ғылымдарының докторы,
Ерол Шұғайып, Шадкам Сулейман (Германия),Алтай
Абдулсамет (Франция), Умитаева Арайлым, Утешова
Жарқын (Ресей), Ушар Бахадур (Түркия),Бахатрысбай
Құндыз (Моңғолия), Жапалова Камила, Өмірәлі Сал-
танат (ҚХР), Худаяр Харун Мухаммед Ибрахим (Сауд
Арабиясы), Жеменей Ислам, шығыстанушы ғалым,
Ауғанстан қазақтары атынан Жаңалтай Бешир, Қанат
пен Айткүл Құдайбергеновтер, Әділбек Әбіш, тағы
басқа күйші, жыршылар, БАҚ өкілдеріқатысты.
Мәдениет және спорт министрлігінің «Шетелде
тұратын қазақ диаспорасының өкілдерін қазақс тан-
дық қоғаммен ақпарттық жұмыс жүргізу үшін жұмыл-
дыру»тапсырмасы бойынша өткен «Тарих та ғы-
лымы» атты тағлымды кездесу кеші өтті. Кештің
мақсаты шетелде тұратын отандастарымыз бен қа-
рым-қатынасты нығайту, Қазақстанның даму басым-
дық тарын ілгерілету үшін ақпарттық жұмыс тарды
жүргізуге шетелде тұратын қазақ диаспора өкілдерінен
қоғамдық бірлестік құру, әр түрлі форматтарды қолдана
отырып ақпараттық жұмыстарды жүргізу.
Сонымен басты мақсаты – шетелдердегі отанда-
старымызбен тығыз байланыс орнату болып табылатын
шараның алғашқы кіріспе сөзін Тәрбие ісі жөніндегі
проректор Жанатбек Ішпекбаев бастап, бүгінгі
таңдағысырт жерлердегі қазақ диаспорасы жайлы,
олардың ұлттық-мәдени, саяси-әлеуметтік ахуалды-
рын тілге тиек етті. Содан кейін сөз кезегін Филоло-
гия институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы
алып, шетелде жасайтын қандастарымыздыңқолда
бар мүмкіндіктері мен ресурстарына байланысты
өзін мазалап жүрген мәселелерге тоқталды.Мысалы,
шетелдердегі 5 млн. қазақ диаспорасы. Сырт жерлердегі
диаспорасын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-
на жан-жақты пайдалану – өркениетті елдердің бәрінде
де кездеседі. Мысалы, Израиль мемлекетінің қазіргідей
биік деңгейге көтерілуі – шетелдегі диаспорасының
жаппай көмек беріп, қолдау жасауының нәтижесі.
Соңғы кезде Қытай мемлекеті де ел экономикасын
өркендетуге сырт жерлердегі диаспорасын барын-
ша тиімді пайдалануда.Біз де бұл мәселені ешқашан
естен шығармағанымыз жөн. Тұңғыш Президентіміз
Н. Назарбаевтың тәуелсіздікке қол жеткізген күннен
бастап шетелдегі ағайындармен байланыс жасауға
айрықша көңіл бөлуінің басты себебі де, міне, осыған
байланысты еді.Осыған орай, тәуелсіздік алған жи-
ырма төрт жыл ішінде Қазақстанның бүгінгідей биік
деңгейге көтерілуіне шетелдегі қазақ диаспорасының
да үлкен үлес қосқанын айта кеткеніміз жөн. Мыса-
лы, тоқсаныншы жылдарда Қазақстаннан сырт жер-
лерге бірнеше миллион халық көшіп кетті. Сөйтіп,
көптеген елді мекендердің тұрғындары азайып, жұмыс
қолы кеміп, экономикамыз құлдырады. Осындай қиын
жағдайда сырт жерлерден этникалық қазақтардың
көптеп келуі Қазақстанға үлкен демеу болды. Бос
қалған елді мекендер оралмандармен толықты; эконо-
микамыздың түрлі салаларында, шағын және орта
кәсіпкерлікте, ауылшаруашылығында істің көзін та-
уып, аянбай жұмыс істейтін азаматтар көбейді. Ана
тіліміздің, ұлттық болмысыздың қайта жаңғыруына
да оралмандардың қосқан үлесі мол. Демографиялық
жағдайымыздың жақсарып, халқымыздың санының
өсуіне де оралман ағайындар ерекше ықпал етті.Бұл
игілікті бастама болашақта да тоқтамай жалғаса бе-
руге тиіс. Соған орай, Дүниежүзі қазақтары қауым-
дастығы «Қазақстан-2050» стратегиясы, «100 нақты
қадам» аясында жүзеге асыру мақсатында шетел-
дердегі қазақ диаспорасының ақпарттық топ өкілдері
университет студенттері мен магистранттарына тұ жы-
рым дамалық бағдарламасын ұсынды.
Сондай-ақ, жиында кезекті сөз кезегін алған Ха-
лық аралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл
Әпетованың айтқандары да шынайы естілді.
ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУДІҢ БЕРЕРІ МОЛ
Мәселен, оның айтуы бойынша, қазіргі таңда
шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайы, тағыдыры,
өмір-тіршілігі, олардың тарихи отанына оралман-
дар болып келуі өте маңызды екен.«Әлемнің 40-тан
астам елдеріндеде 4,5 млн. қазақ тұратындығы аян.
2002 жылғы кейбір есептер бойынша бес миллионның
үстінде. Ең көбі, 1,5миллиондай (кейбір бейресми
пайымдамаларға қарағанда 2 миллионға да жетіп
қалады) Қытайда тұрады. Басым көпшілігі өз бетімен
емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден
өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болғандар.
Өрке ниетті елдер қатарына толық құқықты мүше
ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол
ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жа-
сауы, балаларын оқытуға мүмкіндік жасауы, орал-
мандардың елге қайтып келуіне себепкер болуы
әбден орынды әрі дүниежүзілік қауымдастық бас-
шылыққа алып отырған халықаралық құқық қағи-
дат тары мен нормалырына толық сәйкескеледі.
«Ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған
мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз,
оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса ма-
ңыз ды шаруа» – деп айтқан еді Елбасы Н.Ә. Назарбаев
Түркістанда 2002 жылғы 23 қарашада өткен Дүниежүзі
қазақтарының ІІ форумында. Бұл орайда Үкімет
бекіткен 2001-2010 жылдарға арналған ҚР көші-қон
саясатының салалық бағдарламасын айта кеткен де
жөн. Онда қазақ диаспорасының елге көшіп келуіне,
олардың бейімделуіне, және қазіргі тіршілігінде қолдау
білдіру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Әрине
жыл сайын белгіленетін квотаның оралмандардың
басым көпшілігін қамтымауы бәрімізді алаңдатады.
Бірақ, мемлекет тарапынан қазақ диаспорасы үшін жа-
салып жатқан игі істерді сол мемлекеттің дәулеттілігіне
және сыртқы саясатына қарап бағалаған дұрыс.
1996 жылғы желтоқсанда “Қазақстанның шет елдердегі
отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы”
қабылданған болатын.Диаспора бұл– мемлекеттің
ішкі және сырт саясатын жалғастырып тұрған ішкі са-
ясат нысаны және халықаралық қатынастар субъектісі
болып табылады. Сондықтан, қазіргі саяси ғылымда
диаспоралардың халықаралық қатынастарға әсерін
зерттеуге деген қызығушылық үлкен. Осы саланың
көптен бері зерттеп жүрген Г.Меңдіғұлова, ең бастысы,
диаспоралар мәселесін зерттегенде үш компонентті бір-
бірінен ажырағысыз қарастыру керек дейді. Ол қазақ
диаспорасы, Қазақстан мемлекеті және отандастар
тұрып жатқан шетел мемлекеті. Қазақ диаспорасының
тұрмыс-тіршілігі Қазақстан мемлекетінің халықаралық
қатынастардағы сыртқы саясатының басым бағыт-
тарының бірі болып табылады» деген сөздері өте на-
нымды шықты.
Бұдан кейін де өз ойын ортаға салушылар көп
болды. Бәріне тән бір ортақ ой – ата жұртта өмір ке-
шіп отырған қазақтар мен шетелде тұрып жатқан қан-
дастарымыздың арасында тығыз байланыс орнату,
қарым-қатынасты нығайту, қоғамдық бірлестіктер құру
және ақпараттармен алмасу, бұл кезек күттірмейтін
негізгі шаруа мыз екендігіне сайды.
Арман АБДЫХАЛЫҚОВ
Қазан айының 10 күні ару қала Алматы шаһа-
рында сенбілік ұымдастырылды. Алматы қала-
сы ның әкімі Б.Бәйбектің тікелей тапсырмасымен
ұйым дастырылған игі шараға қала тұрғындары мен
мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының сту-
дент тері қолдау көрсетті. СОның бірі – Біздің Абай
атын дағы ҚазҰПУ. Білім беру саласында өзіндік
орны бар бұл білі ордасы оқу жылының алғашқы
сен білігіне ерекше мән берді.
Білім ұясының білгір де білікті басшылары
мен оқытушы-профессорлары шәкірттеріне үлгі
көр се тіп, күннің қолайсыздығына қарамастан сен-
бі лік ті қызу қарқынмен бастады.Әр институттың
белгі леніп берілген жер учаскелеріне студенттер
мен магистранттар арнайы формамен, еңбек құрал-
дарымен келгенін атап айтуымыз керек.Қала кө ше-
лері, саябақ аумақтары мен өзен жағалауларын қоқыс пен катты қалдықтардан тазалау мақсатында өткі-
зілген Жалпықалалық сенбілікке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен барлығы
750 профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысып, өз үлестерін қосты.Сенбілік
жұмыстары Медеу әкімшілігімен бекітілген аумақтарда жүргізілді.
Қызу еңбек қарқынында жүрген Жаратылыстану институты директорының Тәрбие ісі жөніндегі орын-
басары манапұлын сөзге тартқан едік:
– Университет – білім ұясы ғана емес, тәр-
бие ошағы. Бұл жерде білім алып қана қоймай, сту-
дент адам баласына қажетті асыл қасиеттермен де
сусындайды. Тазалықтың жаршысы сенбілікке атса-
лысу – болашақ буынға көрсетер игі істеріміздің
бірі. Жастардың жан-жақты білім алуына жағдай
жасап отырған білім ұжымына көмектесіп,бір жаға-
дан бас шығарып бір кісідей жұмылуымыз керек деп
есептеймін, - деп ағынан жарылды білікті ұстаз.
Үлкен ұйымшылдықпен ұйымдастырылған
ал ғаш қы сенбілік сәтті аяқталды. Күз мезгілінің
соңына дейін ұйымдастырылып тұратын мұндай
сен біліктің қала тұрғындарының салауатты өмір
сүруі мен жастар тәрбиесіне септігін тигізері анық.
Өз тілшімізден
СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ
маусым
июнь
№ 7-8 (143-144)
2015
8
Бас редактор
Болат ШАРАХЫМБАЙ
Көркемдеуші-дизайнер
Сержан ҚАСЫМОВ
фототілші
Серік ИМАНҚҰЛОВ
МЕНШІК ИЕСІ:
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде
30.01.2009 ж. тіркеліп, тіркеу туралы №9874 -Г куәлігі берілген
Редакцияның
мекен-жайы:050010
Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,
30-үй, № 323-бөлме.
Байланыс тел.: +7 /727/ 291-18-65
Газет бүкіл республикаға тарайды.
Тапсырыс № 200
Индекс 65285
Таралымы 1000
●
Автордың мақалалары
редакция көзқарасын білдірмейді.
● Редакцияға түскен материал
қайтарылмайды.
Газет “ҰЛАҒАТ” баспасының
баспаханасында басылды.
Баспа директоры
Әлібек НАУРЫЗБАЕВ
Баспаның мекен-жайы:
050010
Алматы қаласы,
Қазыбек би көшесі, 30 - үй.
Сонау тоқсаныншы жылдары Бірік-
кен Ұлттар ұймының ұйғаруымен ата-
лып келе жатқан 1 қазан – Қарттар күні
аясын кеңейті, апталық емес, айлыққа
ұласып жатыр. Мұның өзі біздің үл-
кен дерге, қарт ата-аналарымызға де-
ген құрметіміз бен ізетімізді, оларға
деген ыстық ықыласымызды білдірсе
керек. Үлкенге ізет көрсету – бүгінгі
ұр пақтың басты парызы десек, ақылы
дариядай қадірлі қарияларын құрмет
тұтқан халқымыздың игі дәстүрін Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің ұжымы жыл сайын жа-
расымды жалғастырып, биыл да Халық-
аралық қарттар күніне орай Алматы
қаласындағы қарттарға арналған «Ар-
дагерлер үйінде» қайырымдылық акци-
ясын өткізіп қайтты.
Шара бастамасын қарттарға арнал-
ған «Ардагерлер үйі» мекемесі дирек-
тороның орынбасары Нүрзия Аға бек-
қызы арнайы сөз сөйлеп, ардагер қарт-
тарды мерекелерімен құттықтап, соны-
мен қатар осы шараны ұйымдастырып
келіп отырған университетке, универ-
ситет басшылығына және ұжымына
алғыс айтып, білім беруде мол табыстар
тіледі. Сонымен қатар өз ойлары мен,
алғыстарын білдіру үшін алдыңғы аға
буын қарттарға сөз кезегі берілді.Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетінің Тәрбие ісі жөніндегі
проректор Ж.Е.Ішпекбаев қарттарды ай-
тулы мерекесімен құттықтады.
– «Қарттарын қадірлеген ел ардақ-
ты» демекші, біз – қашаннан асқар тау-
дай аталарын ардақтап, ақ жаулықты
аналарын аялаған ұлттың ұрпағымыз.
Сон дықтан, сіздердің алдарыңызда бас
иіп, өркендеуімізге қосқан ерен еңбек те-
ріңіз үшін, үлкен алғысымызды айтамыз.
Осындай нұрлы күнге жетуімізге себеп
болған сіздер үшін бар күш жігерімізді
салып, алдағы күндерде игі істерімізді
шын жүрекпен жалғастыра бермекпіз, –
деген Жанатбек Ешенқожаұлы, универ-
ситет ұжымының атынан сыйлықтар
табыстады.
Соңынан университетіміздің өнер-
паз студенттері концерттік бағдар лама
ұсын ды. Білім ордамыздың бір топ
өнерпаз студенттері қазыналы қарттарға
арнап әуелетіп ән салып, мың бұралып
би билеп, қүмбірлеген күй төгіп, қы-
зықты сахналық қойылымдарымен
қарт тардың көңілдерін көтерді. Өз ке-
зе гінде қадірлі қариялар жастарға риза-
шылықтарын біл дірі, алғыстарын ай-
тып жатты.
Шара соңында қазыналы қарттарға
арнап би қойылып ортада студенттер
мен қарттар бірлесе фотоға түсіп, Би би-
леп көңіл көтерді.
Октябрь – ноябрь месяцы – это для
абитуриентов – 2016 время выбора их
будущей специальности. Родители аби-
туриентов в это время заняты поиском
хороших репетиторов для усиления под-
готовки по отдельным дисциплинам.
Учитывая это, на ректорате было
принято решение – именно в данное вре-
мя начинать профориентационную рабо-
ту, т.е. помочь молодежи правильно выб-
рать специальность.
Поэтому приемная комиссия КазН-
ПУ им. Абая провела с 19 октября по 24
октября профориентационную неделю в
Кызылординской области.
Реальная действительность показала
правильность ранней профориентаци-
онной работы. Это было видно по коли-
честву участников (около 900 человек),
по задаваемым вопросам, по тому как
участники интересовались и брали раз-
даточные материалы и буклеты.
Предварительно были проведены пе-
реговоры с областным управлением об-
разования и районными отделами образования Кызылординской области, которые поддержали идею проведения профориентаци-
онного форума в г. Кызылорде и пяти районах области (Сырдарьинском (п. Теренозек), Жалагашском (п. Жалагаш), Кармакшин-
ском (п. Жосалы), Шиелинском (п. Шиели), Жанакорганском (п. Жанакорган)). Затем была создана бригада, состоящая из четырех
профориентаторов, фотографа, инженера по аудио и видео аппаратуре и водителя. Форум проходил по следующему распорядку:
1. Открытие форума.
2. Показ видеоролика об университете.
3. Выступления профориентаторов.
4. Вручение раздаточных материалов и буклетов об институтах и специальностях университета.
5. Вопросы – ответы.
6. Закрытие форума.
По отзывам работников народного образования области и районов форум достиг своей цели как по информативности, так и
по профориентации молодежи Кызылординской области.
Хотелось бы, чтобы на таких форумах более активное участие принимали институты, в которых в этом году был незначитель-
ный набор студентов.
17-22 қыркүйек күндері аралы ғын-
да Қазақстан Республикасы халқы ның
Тілдері күні мерекесіне орай уни вер -
ситет көлемінде «Тілге құр мет – елге
құрмет» атты апталық ұйым дас тырыл-
ды. Апталықтың мақсаты жас тар дың өз
ана тіліне деген құрмет сезімін арт тыру,
тіл мәртебесін көтеру, таза сөй леу ге
үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіс -
пен шілігін ояту. Ана тіліміздің тұғы -
рының мықты болуына негізін қалаған
ба баларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ
тілі нің мәртебесін көтеру, Қазақ стан
мем лекетінде тұратын барлық ха лық-
тар дың тілдерін құрметтеу болып та бы-
лады.
Ұлтжанды болу, рухани мұраны құр-
мет теу, халықтың салт-дәстүрі мен мәде-
ниетін құрметтеу қазақ тілінен бастау
алады. Тіл қай ұлттың болмасын тарихы
мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің
негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз
болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тір-
лігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі.
Де мек, тілдің, сөздің орны ерекше.
Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы те-
рең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.
Қа зір гі таңда ана тіліміздің мәртебесін
кө теру әрбір қазақстандық үшін басты
міндет болып отырғаны аян. Тілге деген
құрметті насихаттау, ұрпағымыздың ал-
дын дағы борыш екенін ескерсек, ана
тілі міздің абыройы да асқақтай беретіні
ақиқат. Апталық аясында 2015 жылдың
18 қыркүйегі күні Жаратылыстану және
география институтында «22-қыркүйек
Қазақстан Республикасының Мемле-
кет тік Тілдер күні» тақырыбында тәр-
бие сағаты өткізілді. Институт тәлім-
герлері өз баяндамаларын оқып, мере-
кеге арналған слайдттарын көрсетіп
өтті. 2015 жылдың 21 қыркүйегі күні
Ма те матика, физика және информатика
институтында «Тіл-ұлт бірлігінің ұйт-
қысы» атты дөңгелек үстел ұйым дас-
тырылды. Дөңгелек үстел барысын да
инс титут директорының орынбасары
А.Біргебаев «Құлдық санадан ұлтты
қа лай құтқарамыз?» («Айқын») және
«Үміт еткен көзімнің нұры...» немесе
жас тардың әп-сәттегі бүлігінен кейінгі
ой атты Қарагөз Сімаділ («ҚӘ») мақала-
ларына талдау жасап, екі мақаланың да
Ұлт тағдыры және ұлттық тіл туралы
өте күрделі мәселе көтергенін атап
өтіп, мақалалардың мазмұнына шолу
жа са лынды. Аталмыш жылдың 22
қыр күйегі күні Тәрбие басқармасы
мен Филология институтытының бір-
лесе ұйымдастыруымен Қазақ тілі мен
әде биеті кафедрасында өткен «Мем -
лекеттік тілді дамыту бағыт тары
мен филологиялық білім беру пара-
диг малырының сабақтастығы» атты
кеңейтілген дөңгелек үстел өт кі зіл-
ді. Университет деңгейінде ұйым дас-
ты рылған дөңгелек үстелде Тәр бие
ісі жөніндегі проректор, про фес сор
Ж.Е. Ішпекбаевалғы сөзімен жинал ған
қауымды маңызды мерекемен құт тық тап,
бір қара шаңырақ астында білім алатын
әр ұлттың өз тілін,ділін, мәдениетін
сақтап, сыйлау керектігін түсіндірді.
Сонымен қатар Институт директоры,
ф.ғ.д., профессор Әбді ғази ұлы Балтабай
«Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» идеясы:
бола шақ филолог маман даярлаудағы
ұлттық құндылықтардың мәні» тақыры-
бындабаяндама жасады. Көптілді бі-
лім беру институтында «Тіл тірегім
– соғып тұрған жүрегім» атты әдеби
сазды кеш ұйымдастырды. Мерекелік
кеш те институт директоры Т.Т.Аяпова
жинал ған қауымды мерекелерімен құт-
тықтап, Елбасымыздың ұстанған сая са-
ты ғасырлыр бойы жалғасын тауып келе
жатқанын айтып, достық пен бір ліктің
мызғымас берік шаңырағын құ рып
бергендігін айта кетті. Мерекелік кеш
инс титут студенттерінің өнерімен жал-
ға сын тапты.
Апталықты қорытындалай келе
2015 жылдың 23 қыркүйегі күні Тәрбие
бас қармасы, Жастар ісі жөніндегі коми-
тетпен бірлесе «Тіл - достықтың алтын
діңгегі» атты университет деңгейінде
акция ұйымдастырды.Акция барысында
институттар алдын ала бөлінген өзге ұлт-
тардың салтын, дәстүрін, тілін, тағамын
көрсету арқылы сайысқа түсті. Сайыстың
қорытындысы бойынша әділқазылардың
шешімімен жеңімпаздар анықталып,
Сту денттік кәсіподақ ұйымы тапапынан
бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар университеттің өнерпаз
студенттерінің қатысуымен концерттік
бағдарламаға ұласты
Қ. БЕКПЕНБЕТОВА.
Республика деңгейінде Қазақ хандығының
550 жылдығы тойланып жатқан қазан айында Та-
рих және құқық институтында қос қабылдаулар
бір-бірімен ұштасып, рухани-патриоттық мәні
бар мереке аталып өтті. 2015-2016 оқу жылында
институттың 1 курсқа қабылданған студенттері
салтанатты түрде Студенттік қатарға қабылданса,
2 курс студенттері «Нұр-Отан» партиясына мүше-
лікке қабылданып, электронды үкімет порталында
тіркелген мүшелік билеттер табысталды. Дәстүрлі
мерекеге Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және
мемлекеттік тілді дамыту басқармасынан, инсти-
тут басшылығы, Ақсақалдар кеғесінің мүшелері,
түлектер, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Мерекелік шараны ашып берген институт
директоры, профессор Жұмағұлов Болат инс-
ти туттың 1 курс студенттерін салтанатты түрде
«Білім кілті» мен «Студенттік билетті» қабылдау
рәсімімен және Алматы қаласының «Қала
күніне» орай 2015 жылдың 19 қыркүйегінде
«МӘРТЕБЕҢ АСА БЕРСІН ӘСЕМ ҚАЛА» атты
1 курс студенттері арасында университет дең-
гейінде өткен эстафеталық жарыста ІІІ-орынды
иеленулерімен құттықтады. Салтанатты түрде
«Білім кілті» мен «Студенттік билетті» 5В011400-
Тарих мамандығының 4-курс студенті Ильясова
Асем мен 5В030100-Құқықтану мамандығының
4 курс студенті Қарамурзаев Қолқанат, 5В011400-
Тарих мамандығының 1-курс студенті Ақ жігіт
Қарлығаш пен 5В030100-Құқықтану маман ды-
ғының 1-курс студенті Манап Айбекке салтанатты
түрде табыстады.
Студент қатарына қабылданған болашақ ма-
мандарды Тарих және құқық институтының Арда-
герлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының
докторы, профессор Аделхан Құдайбергенов,
Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік
тілді дамыту басқармасының бастығы Арман
Абдықалықов, Әлем тарихы кафедрасының мең-
герушісі, тарих ғылымдарының докторы, про-
фессор Айткүл Махаева, тарих ғылымдарының
док торы, профессор Ханзада Сутеева, Тәрбие бас-
қармасы жанындағы Мәдениет бөлімінің бастығы
Ғани Бекмырза, Тарих және құқық институтының
оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, тарих
ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Ба-
лахметовалар құттықтап, ізгі тілектері мен жылы
лебіздерін білдірді.
Мерекелік шара барысында университеттің
қоғамдық жұмыстарына белсене атсаласқан оқу
озаттары Тұрлыханқызы Құралай, Ергебек Ұлан,
Бейсен Бағдат, Таубалды Эльдар, Аймен Аян, Ер-
болова Жанна, Қожамбек Назымға «Нұр-Отан»
партиясының мүшелік билеттері табысталып,
жастарға егеменді еліміздің ертеңгі тірегі болары-
на сенім білдірді.
Қос қабылдаулар ұштасқан ұлы бастама ин-
ститут студенттерінің ұйымдастыруымен дайын-
далған арнайы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ғалымжан БИТҰРСЫН,
Тарих және құқық институтының
тәрбие ісі жөніндегі
директор орынбасары
«ҚАРТТАРЫМ - ҚАЗЫНАМ» АТТЫ
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
ИНСТИТУТТА ӨТКЕН ҚОС
ҚАБЫЛДАУ – МӘНДІ МЕРЕКЕ
НЕДЕЛЯ ПРОФОРИЕНТАЦИОННОГО ФОРУМА
В КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ
АПТАЛЫҚ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ