№7-8 дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі
2016 жылдан бастап еліміздің барлық жалпы білім беретін орта мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәжірибеден өткен жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, шығармашылықты қолдана білуге, функционалдық сауаттылықты дамытуға және оны тиімді жүзеге асыру үшін белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануға бағытталады. Оқу бағдарламасында білім мазмұнының жаңаруы критериалды бағалау жүйесін енгізу мен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, құралдарын тиімді қолданумен ерекшеленеді. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ, көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде беруі.
Жаңа оқулықтардағы білім мазмұнын құрайтын лексикалық тақырыптар барлық пәндерге бірдей ортақ болып келеді. Олар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтаса беріледі. Мәселен, «Менің отбасым және достарым» бөлімінде «Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын», «Өмірбаян жаза аламын», «Сұхбат аламын» тақырыптарында берілген көркем және ғылыми-танымдық шығармалар оқушылардың отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтеді. Оқу материалдары «Әдебиеттік оқу», «Дүниетану», «Көркем еңбек» пәндерімен сабақтастық байланыста берілген.
Бастауыш сыныптың оқу пәндерінде берілген лексикалық тақырыптар мазмұны.
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Өзім туралы
|
Өзім туралы
|
Жанды табиғат
|
Менің Отаным –
Қазақстан
|
Менің мектебім
|
Менің отбасым және достарым
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
|
Адами құндылықтар
|
Менің отбасым және достарым
|
Менің мектебім
|
Уақыт
|
Мәдени мұра
|
Қоршаған әлем
|
Менің туған елім
|
Сәулет өнері
|
Мамандықтар әлемі
|
Саяхат
|
Тәні саудың – жаны сау!
|
Өнер
|
Табиғат құбылыстары
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Атақты тұлғалар
|
Қоршаған ортаны қорғау
|
Тағаммен сусын
|
Қоршаған орта
|
Су – тіршілік көзі
|
Ғарышқа саяхат
|
Тәні саудың – жаны сау!
|
Саяхат
|
Демалыс мәдениеті. Мерекелер
|
Болашаққа саяхат
|
Қазақ тілі оқулығында бастауыш сынып оқушыларының бойына рухани құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған ортақ тақырыптар мазмұнында ұлттық ерекшеліктер мен салт-дәстүрлерге баса назар аударылған.
«Қазақ тілі» оқулығы (авторлары Ә.Е. Жұмабаева, М.Н. Оспанбекова) мен оқу-әдістемелік кешен мазмұны және құрылымы жағынан жаңартылып, оқулықтағы материалдар халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана, дәстүрлерімізбен, елін, жерін қорғауда өмірлерін құрбан еткен ерлердің істерімен таныстыру арқылы оқушылардың өз атамекенін сүйіп, қадір тұтуын, аталар дәстүрін көздің қарашығындай сақтап жалғастыруын, туған жерін қорғау, табиғатты аялау сияқты қасиеттерді дамытуды көздейді. Жаңа бағдарлама пәндік білім, білікпен қатар, оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыруды көздейтін рухани құндылықтар мен дағдылардың қалыптасуына бағытталады: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты жеке қасиеттердің дамуы білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Рухани құндылықтар мен дағдылар
Рухани құндылықтар
|
Дағдылар
|
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
|
сын тұрғысынан ойлау
|
қарым-қатынас жасау қабілеті
|
білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті
|
өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау
|
проблемаларды шешу қабілеті
|
жауапкершілік
|
ғылыми-зерттеу дағдылары
|
денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету
|
қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда)
|
өмір бойы оқуға дайын болу
|
жеке және топпен жұмыс істеу
|
АКТ саласындағы дағдылар
|
Оқу мақсаттарының таксономиясында оқу мақсаттары білім алушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді пайдаланылуы мүмкін. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, олар критерийлерді анық, жеңіл, түсінікті формада құрастыруға мүмкіндік береді. Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары білім алушылардың пәнді меңгеруін дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды.
ҚР МЖМББС күтілетін нәтижелерді анықтау, осы дамытуды ақпараттандыру үшін оқу бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б. Блумның (1956) таксономиясы қолданылады. Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:
1. Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды дәлелдеу.
2. Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
3. Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану.
4. Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бөліктерге ажырату, оның мәнін түсіну және меңгеру үдерісі.
5. Жинақтау – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі. Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу.
6. Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
1. Тыңдалым және айтылым
Дағдылар
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
|
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
|
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
|
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
|
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
|
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
|
1.4 Оқиғаны болжау
|
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
|
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
|
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану
|
1.6 Тыңдаушының назарын аудару
|
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
|
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
|
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
|
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
|
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
|
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
|
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
|
2. Оқылым
Дағдылар
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Оқу түрлерін қолдану
|
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу
|
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
|
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну
|
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
|
2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату
|
1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау
|
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну
|
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
|
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
|
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
|
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау
|
1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
|
2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
|
1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия) ақпараттарды табу
|
2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
|
1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стильдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру
|
2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату
|
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
|
1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ф, в, ц, ч дыбыстары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
|
3. Жазылым
Дағдылар
|
Оқу мақсаттары
|
3.3 Жоспар құру
|
1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
|
3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу
|
1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
|
3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру
|
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
|
3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу
|
1.3.6.1* мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу
|
3.7 Қатені табу және түзету
|
1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету
|
3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау
|
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
|
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
|
1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу
|
1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату
|
1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген
атауларды) анықтау
|
3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
|
1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану
|
1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын (терминсіз) қолдану
|
3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау
|
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
|
Достарыңызбен бөлісу: |