Сабақтың тақырыбы: е- пошта. Ғаламтор жүйесі



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі105,08 Kb.
#9275

Сабақтың

 тақырыбы:Е- пошта. Ғаламтор жүйесі

Мақсаты:

 Оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін қалыптастыру. 

                  Сөйлеу әрекеттерін дамыту. 

                 Оқушылардың өзін-өзі жетілдіру қасиеттерін дамыту арқылы тәрбиелеу. 

 Түрі:   аралас саб. 

Әдісі

:  оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлесім, интерактивті тақтамен жұмыс,  рөлдік ойындар 

Көрнекілігі: слайдтар, өлең мәтіні, компьютерлік терминдер.

 

Саб.барысы:   І.Ұйымдастыру кезеңі



 

1.

 



Оқушылармен амандасу. 

2.

 



Кезекшімен сұхбат. 

3.

 



Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 

4.

 



Өткен тақырыптарды еске түсіру. 

-Ақпарат деген не, оны біз қайдан аламыз? 

Тақтада ақпараттарды өз типтеріне бөліп орналастыру. 

Театрланған көрініс.

 

Теледидар:    мен сұрақтарға оп

-оңай жауап беремін, ақпарат деген адамдарға мен жеткізетін 

жаңалықтар ғой. Менсіз қазір бірде-бір отбасы өмір сүре алмайды. 

Оқулық: Жоқ, ақпараттарды оқушыларға мен үйретемін,яғни адамдар ақпараттарды менен 

оқып,үйренеді. Ақпараттың қайнар көзі менде. 



Газет: Босқа таласпаңдар, адам ақпаратты күн сайын менен 

 алады, теледидарды уақытылы көре 

алмаса,кешкісін жұмыстан кейін асықпай менен оқиды, яғни адамға ең пайдалы ақпарат көзі 

менде. 


Әдеби

 кітап : Ал мен болмасам адам рухани азықты кімнен алады?  Балалар, сендер біліп 

жүріңдер ең тартымды, жанды тебірентер ақпаратты адамдар менен алады. Мен болмасам «Абай 

жолын» жазған Мұхтар Әуезовті әлем жұрты таныр ма еді. Ең пайдалы ақпарат көзі менде. 

Табиғат: Мақтаншақтар

-ай, мен болмасам көрер едім, ойлаңдаршы қағаздан жасалатын әртүрлі 

материалдар қайдан алынады? Олай болса ақпаратты сақтаушы менмін. 

Балалар, бізге ең пайдалы ақпарат көзі не екен? (оқушылардың жауаптары тыңдалады) 



                               Жаңа сабақ 

Мұғалім:   

21-ғасыр адамзаттың ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде жаппай 

қолданыста жүрген ақпарат көзі «Ғаламтор жүйесі» болып табылады. 

1.

 



Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен жұмыс:  Байланыс жасау, ақпарат, компьютер жүйесі, 

файлдарды тасымалдау, сұраныс, желілер, жобалар, қатысу мүмкіндігі, күнібұрын, 

қарсыласыңмен, еркін сөйлесу. 

2.

 



Мәтінмен жұмыс. 

 

 мәтінді мәнерлеп оқу; 



 

-мәтінге сұрақтар қою; 

 

-мәтіннен жаңа сөздерді тауып оқу; 



 

-жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру; 

 

-мәтінге жоспар құрып, әңгімелеу. 



3.

 

Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыру. 



4.

 

Тапсырманы орындау үшін компьютерге қажетті заттардың атауларын  есте сақтау керек. 



Компьютерді қолдануда тазалық сақтау ережесін білген жөн. 

Ойлан, тап. 

Сенің тышқаныңның шаригі кірленіп,бүлініп қалған жағдайда сен не істер едің? Ол үшін 

саған 6 зат берілген. Сен осы заттарды қалай пайдаланар едің? 

1.мақта      2.ақ қағаз     3. сабын   4. табақтағы су  5. орамал   6. Спирт 

 

Дұрыс жауабы: 



Тышқанды аламыз;  Сабынды сумен жуып, тышқанның ішін орамалмен  сүртеміз. Ақ 

қағазға қоямыз. Мақтаны спиртке малып, сосын тышқанның ішін сүртеміз де,  қайтадан 

орнына саламыз. 

Тышқанды жөндеудің ретін санмен белгілеңдер. 

5.мақта.   1.сабын  3.орамал   4ақ қағаз   6.спирт  2. Су. 

 

Жағдаяттық ойын. Сұрақтарға жауап беру. 



Данияр компьютерді өте жақсы көреді. Енді Даниярмен байланыс жасай алмайсың, 

өйткені ол жолдастарымен кездеспейді, ешқайда бармайды, ешкімге телефон соқпайды, 

қит етсе компьютерге жүгіреді. 

1.

 



Даниярдың  мәселесін шешуге бола ма? 

2.

 



Сендер компьютерде көп жұмыс  істейсіңдер ме? 

3.

 



Компьютерде көп отырғандарыңды ата-аналарың құптай ма? 

4.

 



Компьютер адамға пайдалы. Себебі... 

5.

 



Компьютердің адамға әкелетін зияны көп. Себебі... 

Оқулықпен жұмыс.  (5

-тапсырма) Берілген тақырыптарды қолданып, 

компьютер, ғаламтор, электронды поштаның пайдасы туралы жарнама 

құрастырыңдар.

 

А) Компьютер

-сенің көмекшің. 

Ә

)Ғаламтор-ақпарат көзі. 

Б) Электронды пошта

- байланыстың ең жылдам түрі 

6-тапсырма.  Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңдер. 

 Компьютер – сенің көмекшің, 

Қаламың ,әрі қағазың! 

Керек емес демессің, 

Аздаған болса хабарың, 

Үйрену керек бәрін де, 

Ақпараттық заманның. 



Сабақты қорытындылау

Ғаламтор жүйесін  дұрыс  қолданып, өзіңе керектісін 



таңдай білу үшін төмендегі талаптарды ескеру: 

-қажетті ақпаратты іздеуді тиімді жүзеге асыру; 

-ақпаратты өңдей құра білу;  


-ақпаратты іріктей және бағалай білу; 

-компьютерлік сауатты болу. 



Бағалау

 

Үйге

 тапсырма:    «Мен ғаламтор жүйесін қандай мақсатта қолданамын»тақырыбында 

әңгімелеу.

 

 

             Компьютер сөзі ағылшын тілінен шыққан. Бұл сөз «есептегіш» мағынасында аударылады. 



Қазір  ғылым  мен  техниканың,  өркениеттің  даму  заманы,  компьютерлендіру  заманы.  Компьютер 

мен  ғаламтор,  жаңа  байланыс  құралдары,  ғылыми  жаңалықтар,  осының  бәрі  оқушылардың  ой-

өрісіне  әсерін  тигізеді.  Компьютермен  жұмыс  істеудің  пайдалы  жағы  бар.  Біз  дербес 

компьютермен  көптеген  жұмыстарды  атқара  аламыз.  Ғаламтор  арқылы алыстағы  достарымызбен 

байланыса  аламыз.  Қажетті  ақпараттарды  ала  аламыз.    Сондықтан  дербес  компьютер  алдында 

орнымен,  уақытымен  отыру  керек.  Әрине  компьютердің  пайдасынан  гөрі  зияны  басым. 

Компьютер  өзінен  адам  денсаулығына  зиянды  вибротолқындарды  бөліп  отырады.  Сондықтан  45 

минуттан артық отыруға болмайды.Адамның көзінің көруін нашарлатады. 

 

              Күн сайын біз адамдармен әртүрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: хат, телефон, ұялы 



телефон,  факс,  электронды  пошта,  ғаламтор.  Ақпараттарды  іздеуге  және  өзара  алмасуға  қолайлы 

ғаламтор  компьютерлік  желісі  құрылды.  Ғаламтор  ғаламшардағы  барлық  компьютерлік 

желілердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналады. 

Ғаламтордың көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең тарағаны: 

-электронды хатты алу және жіберу; 

-алыс компьютерден файлдарды тасымалдау; 

-ақпаратты іздеу; 

-сұраныс  бойынша  бейне  ,  аудиосигналдарды  алу.  Сонымен  біргесөйлесу  әрі  жеңіл,  әрі  тез 



болатын болды.  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет