7 дәріс Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау әдістемесі Тілдік норма дегеніміз



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі25,34 Kb.
#50432
1   2
Тілдік стиль — айтайын деген ойды неғұрлым әсерлі жеткізу мақсатында жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын талғап қолдану тәсілінің бір түрі. Тілдік стиль стилистикадағы негізгі категория болып табылады. Стиль түрлері өзара үнемі қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне ауысып, тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы үздіксіз жетіліп отырады.
Тілдік стильдер. Қазіргі дамыған ұлт тілдерінде стильдің 3 негізгі түрі бар:
- бейтарап стиль
- кітаби стиль
- қарапайым сөйлеу тілінің стилі. Ср. Функционалдық стильдер.


Бейтарап стиль – тілдің барлық стильдерінде қолданыла беретін сөздер. Ол белгілі бір стильге телулі сөздерге, экспрессиялық реңкі бар сөздерге қарама-қарсы тұрған құбылыс ретінде танылады. Мысалы: дидар – жағымды, сықпыт – жағымсыз мәндегі сөздер


Кітаби стильдер осының алдында талдау жасалған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне (функциясына) қарай іс қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі. Қітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен ажыратыльш бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жо-ғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, сол-ғұрлым ұлт тілінің маңызы артады.


Қарапайым сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудщ ауызша формасымен тығыз бай-ланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет