7-дәріс. ҚР Қылмыстық құқығының негіздері. Тақырып №7: ҚР Қылмыстық ҚҰҚЫҒының негіздері дәрістің мақсаты


ІІ. Ерлі–зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері



бет3/5
Дата03.11.2022
өлшемі28,25 Kb.
#47204
1   2   3   4   5
ІІ. Ерлі–зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
Сонымен, тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады. Неке және отбасы туралы Заңның 29 бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады, тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты,тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы. Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу,балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес. Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі – зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін.Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды. Қорыта келгенде, сонымен ерлі-зайыптылар арасындағы құқық екі топқа: жеке құқыққа және мүліктік құқыққа бөлінеді. Жеке құқық адамның өзімен байланысты, оны одан бөліп тартып алуға болмайды. Оған тегін, мамандығын, жеке қалауы бойынша қызмет таңдау құқығы жатады. Заң бойынша әйел қыз кезіндегі тегін сақтауға немесе ерінің тегін алуға құқылы. Отбасылық өмірдегі мәселелерді шешкен кезде ерлі-зайыптылардың бірінің өз пікірін екіншісіне тануға құқығы жоқ, әйтпесе ол жеке бостандықты шектейді. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің мамандық, қызмет орнын таңдауын шектеуіне құқығы жоқ. Бұл мәселелер мәжбүрлеусіз, бірі-бірінің бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып шешілуі тиіс. Конституция бойынша еңбек етуге, мамандық таңдауға, қызмет түрлерін алуға ері мен әйелі тең құқылы. Ерлі-зайыптылар сондай-ақ бірінің алдында бірі жауапты. Ол ізгілікті Адами жауапкершілік қана емес, сонымен бірге заң алдындағы да жауаптылық. Заңды жауаптылық ерлі-зайыптылардың бірі көмекке (сырқаттануына, еңбек қабілетінен айырылуына байланысты, материалдық кемтарлық жағдайында және т.б.) мұқтаж болған, ал екіншісі көмек көрсетуден саналы түрде бас тартқан кезде туады. Мұндай жағдай заң көмекке мұқтаж жағының екіншісінен алимент өндіріп алу туралы сотқа жүгіну құқын береді. Іс жағдайын мұқият қарағаннан кейін мәселені сот шешеді. Кейбір жағдайларда ерлі-зайыпты алимент төлеуден босатылуы мүмкін. Егер отбасының ажырасуына зайыбы кінәлі болып табылса (аналық міндетін орындамаса, ішімдікке салынса, және т.б.) онда ол алимент алу құқығынан айырылады. Конституцияда бірінші рет тек ана мен баланы қорғау ғана емес, әкені қорғау орнықтырылған, ол отбасында ішкі отбасылық мәселелерді шешуде болсын, балаларды тәрбиелеуде болсын, ерлі-зайыптылар құқығының теңдігі принципін нығайтудан, еріктілік тәртібімен әкелікті тану мүмкіндігін, оның ішінде болашақ ананың жүктілік кезеңінде, кеңейтуден, жәрдемақы түрінде мемлекеттік көмек алудан, іс жүзінде балаға күтім жасайтын баланың әкесіне баланы күтуі бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беруден көрінеді. Неке мен отбасын, аналықты, әкелікті және балалықты кімнің болсын отбасы ісіне орынсыз араласуына жол бермеу принципін нығайту жолымен, некеге отыру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік және қай дінге жату белгілеріне қарап, азаматтардың құқығын шектеудің кез келген нысанына тиым белгілеу, неке және отбасы қатынастарында азаматтардың құқығын тек заң негізінде және заңда көрсетілген негіздерде шектеу мүмкіндігі, неке және отбасы қатынастарын қорғау жөніндегі мәселелерді, сот, мемлекеттік органдар немесе қамқоршылық не қорғаншылық органдар арқылы заң тұрғысынан реттеу жолымен мемлекет жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет