7-дәріс. ҚР Қылмыстық құқығының негіздері. Тақырып №7: ҚР Қылмыстық ҚҰҚЫҒының негіздері дәрістің мақсаты


-дәріс. ҚР Отбасы құқығының негіздері



бет2/5
Дата03.11.2022
өлшемі28,25 Kb.
#47204
1   2   3   4   5
Байланысты:
кк лек

8-дәріс. ҚР Отбасы құқығының негіздері.
Тақырып №8I.Неке және Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу.
Дәрістің мақсаты: Некені заңды түрде рәсімдеу және Отбасы құқығын меңгеру, оның нормалары мен құқықтық қатынастарын, некеге тұру үшін қойылатын талаптарды ұғыну.
Дәрістің міндеттері:
- Отбасы құқықтың түсінігін анықтау, құқық жүйесіндегі рөлін ұғыну;
I. Неке және Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу.
1.1.Некені заңды түрде рәсімдеу тәртібі.
Неке және Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығы бойынша неке-бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке – отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады. Бұл мән-жайдың ерекше маңызы бар. Ерлі- зайыптылардың заңдық құқы мен міндеттері неке АХАЖ – да тіркелгенен кейін ғана ерлі - зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде таниды, сондай – ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді.
1.2. Некеге тұру үшін қойылатын талаптар.
Некеге отырғандардың ақыл есі дұрыс, балиғат жасына жетуі керек. Қазақстан Республикасының заңы бойынша некеге отыру жасы ерлер үшін - 18 жас, ал қыздар үшін 17 жас болып белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады.[2] Неке жасын кеміту туралы өтінішті тұрмысқа шығатын қыздың өзі жазу керек. Мұндай өтінішті ата-аналары, қамқоршылары да жаза алады, бірақ олар үшін қыздың өзінің келісімі керек. Некеге тұру жасын қысқарту туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте толық қабілеттілік 18 жастан басталады, яғни құқықтық қатынасқа өз еркімен тұру және өз әрекетіне өзі жауап беру болады. Алайда некеге 17 жастан тұру рұқсат етілсе, отбасылық қатынаста толық қабілеттілік некеге 18 жасқа дейін тұрумен басталады. Бұл, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиесіндегі, мүлікті пайдаланудағы, отбасылық өмірдегі басқа да мәселелерді шешудегі құқықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді. Неке – мемлекеттік органдарда, азаматтық хал актісенде тіркеліп жазылады. Бұл жағдайдың ерекше мәні бар. Ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттері АХАЖ-дан (азаматтық хал актісінің жазбасы) өткен соң ғана күшіне енеді. Тек осыдан кейін ғана мемлекет ерлі-зайыптылардың құқығын қорғауды қолға алады. Оларды заңды түрде некелескендер деп есептейді, сондай-ақ бұл отбасына қамқорлық жасайды. Некеге тұруға байланысты негізгі белгі боп табылатын келесі бүр түрі – қаны бір туысқан адамдардың бір-бірімен некеге тұра алмауы. Жақын ұрпаққа берілу мүмкіндігін жоғарылатады. Некені жарамсыз деп тану – некені жою және оның аяқталу сәтінен басталатын барлық құқықтық салдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет