Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық
мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты
білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен
байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен
байланыстыруға үйренеді.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық
әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне
ие болып, экономикалық және басқару құбылыстарын талдау мен
жалпылауға үйренеді.
Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты
кезеңдерінен құралады:
1.
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту
2.
Ақпарат көздерін іріктеу және талдау
3.
Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі
талаптар
4.
Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
5.
Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
6.
Курстық жұмысты рецензиялау.
7.
Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: