Курстық жұмыс аяқталған соң қорғауға дейін түптеліп, ұсынылады
.
Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып,
жұмысты толықтыру қажет.
Жоғары оқу орындарында оқу және
ғылыми-зерттеу жұмыстары
мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерді анықтауға
болады:
студенттің теориялық
білім деңгейін арттырады;
теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын бекітеді;
студенттің өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;
оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер
етеді;
зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді;
озат тәжірибелерді жинақтауға үйретеді;
талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге үйретеді;
мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;
студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу мәдениетін дамытады.
Оқытушылар алдында курстық жұмысты
қорғау студенттің курстық
жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның
маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын
аргументтеуден тұрады.
Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады.
Қойылған
сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс.
Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-
рейтингтік әріптіс жүйе бойынша бағалайды.
Курстық жұмысты бағалау критериялары болып табылады
:
1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;
2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;
3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;
4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін
таңдаудың негізділігі;
5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;
6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің
жаңа болуы;
7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;
8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;
9. Рәсімделу сапасы;
10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби
сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал);
11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың
толықтығы.
Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: