Жұмыстың барысы: Денені жоғарыдағы таңдап алынған
Һ биіктігіне тік көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы L көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1 < F2), оның есесіне жолдан ұтыламыз (L>Һ). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2= F2L
«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір - біріне тең: А1= А2 немесе F1Һ= F2L
Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А2>А1
Тақтайды көлбеу орналастырыңдар(Һбиіктік пен көтерілетін білеу өзгеріссіз қалуы керек);
Көлбеу жазықтықтың L ұзындығын өлшеңдер;
Білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдарда, F2 тарту күшін өлшеңдер;
Білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.
Жұмысты орындау: 1.Биіктік Һ=40 см=0.4 м
2.Көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=65 см =0,65 м
3. F2 тарту күші F2=1,2Н
4.Білеуді көлбеу жазықтықпен көтергенде істелетін жұмыс
А2= F2L =1,2Н*0,65м=0,78 ДЖ
3 – тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК-ін) табу.
Достарыңызбен бөлісу: |