Қорытынды:Ауырлық күші артқан сайын жіптің ұзаруы артады.Денені екі жіпке қатар ілгенде жіптің ұзаруы азаяды.Себебі резеңкенің қатаңдығы артады.
№ 5 жұмыс
бет 9/44 Дата 02.03.2022 өлшемі 3,72 Mb. #26817
Байланысты:
зертханалық жинақ дайын Қорытынды : Ауырлық күші артқан сайын жіптің ұзаруы артады.Денені екі жіпке қатар ілгенде жіптің ұзаруы азаяды.Себебі резеңкенің қатаңдығы артады.
№ 5 жұмыс.
Архимед заңын тексеру.
1 – тапсырма. Су ішіндегі массасы 100г денеге әрекет ететін ығыс-тырушы күшті анықтау.
Құрал – жабдықтар: суы бар ыдыс , массасы әр түрлі жүктер, динамо-метр , мензурка, жіп.
Жұмыстың барысы:
Мензурка көмегімен жүктің Vg көлемін анықтаңдар
Дененің өлшенген V g көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.
Денені жіпке байлап , динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадығы салмағының) мәнін табыңдар.
Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып , оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.
Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? (тең)
Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.
Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.
P0 =mg=ρcV g=9*10-3 ; P=0.6H; P2 =0.5H; F A =g ρV=P0
Қорытынды: Дене ығыстырған сұйықтың салмағы мен ығыстырушы күш тең болатынына көз жеткізу.
Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: