Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.
Құрал–жабдықтар: Динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка немесе құты тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс (тұз қосылған су).
Жұмыстың барысы:
Динамометр көмегімен денеге әрекет ететін Fа ауырлық күшін өлшеңдер.
Мензурканы пайдаланып, дененің Vg көлемін анықтаңдар.
Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер Fы = Pс gVg.
Fа ауырлық күші мен Fы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.
Кестені толтырыңдар.
Тәжірибе реті
|
Сұйық
|
Fа , Н
|
Vg, м3
|
Fы, Н
|
Fа мен Fы қатысы
|
Батады, жүзеді немесе қалқып шығады.
|
1
2
3
|
Су
Тұзды су
Тұзды су
|
1,5
1
0,95
|
13*10-6
9*10-5
1,2*10-4
|
1,5
0,93
1,3
|
FA =Fы
FAFы
FA Fы
|
Жүзеді
Батады
Қалқиды.
|
Қорытынды: Архимед күші мен ауырлық күші арасындағы байланысты тексере отырып, денелердің жүзу шарты орындалуына көз жеткізу.
№ 7 жұмыс.
Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.
Құрал –жабдықтар: тақтай, динамо-
метр, өлшеуіш таспа немесе сызғыш,
ағаш білеуше, жылжымалы қысқашы
бар штатив.
1 –тапсырма: Денені Һ биіктігіне бір-
қалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |