7. Логопедиялық тексеру қағидалары туралы түсінік


Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру



бет2/2
Дата26.12.2023
өлшемі22,52 Kb.
#144390
1   2
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру
—суреттегі көріністерді окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп беруін тексеру;
-бейнеленген заттардың қимыл-әрекетін сипаттай алуы;
-іс-әрекет, құбылыс сапасын түстеп-түгелдеп баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай алуын тексеру;
-сөйлемнің қандай түрлерін (қысқа, ұзақ, күрделі, жәй сөйлем) пайдаланып айтуын анықтау;
-сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданғанын, оның грамматикалық құрылысын, жалғаулықтарды (жұрнақты, қосымшаны) дұрыс пайдалануын анықтау.

Байланыстырып сөйлеуін тексеру

— сурет бойынша әңгіме құрастыруын қарау;


— сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыруын тексеру;

Сөйлеу тілін түсінуін тексеру

— тексеру барысында сөйлеу тілін түсінуін анықтау;


— баланың ауызекі бұйрықты орындай алуын анықтау. Мысалы: «Кітапты ал. Есікті жап. Қағаз, қаламыңды ал».
-Зат есімнің, етістіктің және сын есімнің жекеше және көпше түріндегі тұлғаларын түсінуін тексеру.

Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру

— тұтықпаға байланысты ерекшелігін байқау;


— тұтықпаның сөздің бірінші дыбысын немесе буынын бірнеше рет қайталайтын серіппелі дірілдеу /клоникалық/ дейтін немесе сөйлеп тұрып сөздің ортасында, көбінесе сөйлемдердің алдында кібіртіктеп кенет тоқтап қалатын құрысу /тоникалық/ дейтін түрлерін анықтап, ерекшеліктеріне назар аудару;
-сөйлеу тілінің кібіртектенуінің жиілігін және шапшандығын, бірқалыптылығын, жылдамдығын, баяулығын анықтау;
Бұл кешенді логопедиялық тексеру жұмысының нәтижелері әр баланың жеке сөйлеу картасына толтырылып, жеке түзету бағдарламасы құрылады.


9. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (III деңгейдегі) балаларды логопедиялық тексеруден өткізу
Балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы баланың зерде, сенсорлы, ерік
аяларының қалыптасып, дамуына әсерін тигізеді.
Сөйлеу тілі бұзылыстарымен психикалық дамудың басқа жақтарының
арасындағы байланыс екіншілік ақаулардың пайда болуына себепші болады.
Сондай-ақ, ойлау операцияларының (салыстыру, топтастыру, талдау,
жинақтау) меңгеруге қажетті алғы шарттарын меңгергенімен балаларда
сөздік-логикалық ойлауы дамымаған болады да, ойлау операцияларын
қиналып меңгереді.
Т.Д.Барменкованың экспериментальды зерттеулері бойынша (1997ж.)
СТЖД мектеп жасына дейінгі балалар логикалық операциялардың қалыптасу
деңгейі бойынша қалыпты дамып келе жатқан өз құрдастарынан айтарлықтай
артта қалады.
Логикалық операциялардың қалыптасу деңгейі бойынша автор
балаларды 4 топқа бөледі.
Бірінші топ балаларының вербалді және вербалсіз логикалық
операцияларының қалыптасу деңгейі жоғары, сөйлеу тілі қалыпты дамыған
балалардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді, танымдық белсенділігі,
тапсырмаға қызығушылығы жоғары, бағытты әрекеті тұрақты және
жоспарлы.
Екінші топ балаларының логикалық операцияларының қалыптасу
деңгейі жас ерекшелігіне сай емес, төмен. Сөйлеу белсенділігі төмен, балалар
сөздік нұсқауды қабылдағанда қиналады, қысқа уақытта есте сақтаудың
көлемі шектелген, сөздер қатарын есте сақтай алмайды.
Үшінші топ балаларының бағытты әрекеті бұзылған, ол вербалді
және вербалсіз тапсырмаларды орындағанда байқалады. Оларға зейінді
шоғырландыруының жеткіліксіздігі, танымдық белсенділік деңгейінің
төмендігі, қоршаған орта туралы түсініктерінің аздығы, себеп – салдар
байланыстарын түсінудегі қиындықтар тән. Алайда, логопед тарапынан
15
тиісті көмек көрсетілген болса балалардың абстрактілі түсініктерді меңгеруге
қажетті потенциалдық мүмкіндіктері жақсарады.
Төртінші топ балаларына логикалық операциялардың жетілмеуі тән.
Балалардың логикалық әрекеті өте тұрақсыз, жоспарлауы жоқ, танымдық
әрекеті төмен, тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалай алмайды.
Бірқатар авторлар (Р.Е.Левина, Т.Б. Филичева, Г.В.Чиркина,
А.В.Ястребова) СТЖД балалардың зейін көлемінің және оның
тұрақтылығының жеткіліксіздігін, оның таратуының мүмкіндігі шектеулігін
атайды. СТЖД балалардың мағыналық, логикалық есте сақтауы
сақталғанымен, вербалді есте сақтауы төмен, есте сақтаудың өнімділігі
төмен. Олар күрделі нұсқауларды, тапсырмалардың элементтерімен
кезектілігін ұмытып қалады.
Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейіндегі балалардың есте сақтау
белсенділігінің төмендігі танымдық әрекеттің даму мүмкіндіктерінің
шектеулігімен бірге жүреді.
СТЖД балалар күрделі жағдайларда затты көріп тану кезінде заттың
бейнесін белгілі бір қиындықпен қабылдайды, оны тану үшін балалар көп
уақытты қажет етеді, жауап беру кезінде сенімсіздік байқалды және затты
танып білу кезінде қателер жібереді. «Үлгімен сәйкестендіру» тапсырмасын
орындаған кезде олар бағдарлаудың қарапайым формаларын қолданады.
Мысалы: СТЖД балалар модельді перцепциялық әрекет бойынша тапсырма
орындағанда көріп салыстыру тәсілін аз қолданды. Балалардың көріп
қабылдауын зерттеу нәтижесінде СТЖД балаларда оның жеткіліксіз
қалыптасқаны байқалады. Мнестикалық зерттеу нәтжесінде СТЖД
балалардың сөздік нұсқауды есте сақтауы сөйлеу тілі қалыпты балалармен
салыстырғанда нашар екені анықталды.
Зейінін зерттеу нәтижесі СТЖД балалар тез шаршағыш,
экспериментатор тарапынан мадақтау, көмекті қажет ететінін көрсетті.
Сонымен, СТЖД балаларда сөйлеу тілі қалыпты дамыған
құрдастарымен салыстырғанда, көріп қабылдауы кеңістікте бағдарлауы,
зейіні, есте сақтауы төмен екені байқалады.
СТЖД балалар енжар, қатынас жасағанда сөзді бірінші бастамайды.
Ю.Ф.Гаркуша және В.В.Коржевина (2001 ж) зерттеулерінде көрсеткендей:
- СТЖД мектепке дейінгі жастағы балаларда қарым – қатынас жасаудың,
мотивациялы – тұтынушылық аяның жетілмегендігі байқалады;
- Аталған қиындықтар сөйлеу тілі және когнитивті бұзылыстар кешенімен
байланысты.
СТЖД балаларға жалпы соматикалық әлсіздігімен қатар қимыл
аясының дамуындағы кейбір кешеуілдеулер тән; қимылдарының тепе –
теңдігі әлсіз, қимылды орындау жылдамдығы мен дәлдігі төмен. Сөзбен
нұсқау бергендегі қимылдарды орындауда балалар өте қиналады.
Моторлы аясының даму деңгейі төмен балаларда қимылдың бір түрінің
екіншісіне ауысуда қиындықтар кездеседі, қимылдардың статикалық және
динамикалық тепе – теңдігі жеткіліксіз, қимылды есте сақтауы жеткіліксіз
16
және ерік зейінінің деңгейінің төмендігі байқалады.
Моториканың даму деңгейі орташа балаларда кейбір сынақтарды
орындаған кезде қосымша қимылдар жасауы байқалады, тапсырма орындау
үшін олар ұзақ уақытты қажет етеді. Сөздік нұсқау бойынша тапсырмаға
қарағанда тапсырманы көрсету бойынша орындауы жоғары.
Моторикасының дамуы жоғары деңгейдегі балалар жас мөлшеріне
жақындатылған: ұсақ және артикуляциялық моторикасы жақсы дамыған.
Мұны, мектепалды даярлық топ балаларымен түзету жұмысы ұзақ уақыт
жүргізілгендікпен түсіндіруге болады.
СТЖД балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау
барысында алынған мағлұматтар логопедтің осы балалармен оқу процесін ең
тиімді жүйе бойынша жоспарлауға және әр балаға арналған түзетудің жеке
әдістерімен тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік береді.
Үшінші деңгей «фонетикалық және лексикалық – грамматикалық
жағынын жетілмеу элементтері бар сөйлеу тілі» деп сипатталады.
(Р.Е.Левина)
Өз сөйлеуінде балалар негізінен жай жайылма сөйлемдерді қолданады,
күрделі конструкциялар сирек кездеседі. Сөз қоры кең, бірақ зат
есімдермен етістіктерді көп қолданып, сөздердің басқа категориялары –
сын есім, үстеу – аз.
Балалар сөйлеуінде сөздерді нақты қолданбауы жиі кездеседі:
- заттың бөлшектерін атағанның орнына тұтас затты атайды («оындық»
– орындықтың арқасы, орындықтың аяғы);
- сөздерді нақты қолданбау («құйды» сөзінің орнына «салды»; «шашты»
сөзінің орнына «лақтырды»; «тоқыды» сөзінің орнына «тікті»;
«секірді», «жүзеді», «жорғалайды» сөздерінің орнына «жүреді» т.б.).
Көрсетілген деңгейдегі балалардың сөз байлығының шамалы
екенін, баланың күнделікті өмірде қолданбайтын заттарды атаған кезде
байқауға болады. Мысалы, балалар: үйшік, қармақ, шанышқы т. с. сияқты
сөздермен таныс емес. Заттар, қимыл-әрекет атауларын білмегендіктен,
ізденіп, тырысып айтады («күшік»- ит, кішкентай ит, иттің баласы) деп
айтады.
Фразалық, грамматикалық сөйлеу тілінің грамматикалық жағынан
өңделуіндегі кемшіліктер:
- септік жалғауларды дұрыс қолданбауы;
- сөзжасам дағдыларының қалыптаспауы;
- сөзөзгерту дағдыларының жеткіліксіздігі.
Балалар сөзжасамға берілген тапсырмаларды орындағанда қиналады
(үйшік – кішкентай үй, көрпеше- кішкентай көрпе, етікші – аға бәтіңке ұстап
отыр, тігінші – тігеді), яғни балалар сөздердің морфологиялық құрамын жете
түсінбейді. Сөйлеу тілін түсінуі толығырақ, анығырақ, балалар
грамматикалық формалардың көбін «септік жалғаулардың мәнін» түсінеді.
Кейбір грамматикалық формаларды әлі де жете түсінбейді, атап айтқанда:
өткен шақ етістіктерді «себепті, уақытты және кеңістікті қатынастарды
17
білдіретін» логика – грамматикалық құрылымдарды.
Сөйлеу тілін фонетикалық жағынан өңдеу барысында 1-ші деңгейде
айтарлықтай тұрақсыз құбылыс байқалады. Кейбір балаларда олар күрделі
болып кездеседі де, дыбыс айтылуының өзгеріс амплитудасы мынадай түрде
болады:
- дыбыстарды тастап, айтпай кету (шаала – шағала);
- дыбыстарды алмастыру (асық – атық, ара – ада);
- дыбыстарды тұрақсыз қолдануы (бір сөздерде дыбысты дұрыс,
басқаларында – ауыстырып айтады);
- дыбыстарды айыра алмауы (ызың, ысқырық, қатаң және ұяң (ұяң, қатаң,
жіңішке, жуан));
- дыбыстарды дифференциалды емес түрде айту (орташа артикуляция).
Үшінші деңгейдегі балалар сөздің буындық құрамын қайталап
айтқанымен («жолбарыс»), сөздердің дыбыспен толықтырылуында, буындық
құрамында бұзылыстар (зобарыс, бозалыс, зобалыс, зобауыс) болуы мүмкін.
Бұл деңгейде фонематикалық естуді жетілдіру үшін, жұмысты жүйелі
түрде құрып, дыбыстық талдау сараптамасымен, жинақтауға үйретуге
арналған жаттығулар легін пайдалануға болады.
Балалардың психикалық дамуында зейін тұрақсыздығы, әрекетке баяу
қосылумен вербальді есте сақтау қабілетінің төмендігі, оқуға деген
ынтасының нашарлығы байқалады. Балалардың қимылдары жылдам болады,
іс-әрекет кезінде назарлары әр нәрсеге ауып кетеді, эмоциялық көңіл-күй
жағы да құбылмалы болып келеді, сондықтан құрбыларымен, топтастарымен
кикілжіңге түсіп қалады.
Ал, балалардың тағы бір тобының керісінше, қимылы шабан, сөйлеуі
әлсіз, селқос көңілді болып кездеседі.
Берілген деңгейдегі мектеп жасына дейінгі балалар, өзіне дос-құрбы
тандауға да талғаммен қарап, әдетте теріс мінез көрсетеді. Құрдастарымен
катыстары үстірт болып, сюжетті ойындық іс-әрекеттері ұзаққа созылмайды
және ойын кезінде конструктивтік ұсыныстар енгізбейді. Ересектермен
қарым-қатынасқа түсуге ұмтылмайды. Оңтайлы қатынасқа жігер-ынтасының
болмауы себебінен, жалпы қарым-қатынас құру қиындық тудырады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен арнайы балалар бақшасында түзете


оқытып, дамытуды ұйымдастырғанда, баланың сөйлеу тілін жан-жақты
сауатты түрде тексеру талап етіледі.
Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және құжаттармен танысу
барысында баланың тәрбие жағдайы мен дамуын анықтау;
- жетекші іс-әрекеттінің деңгейін анықтап жас мөлшеріне
сәйкестендіру;
- сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құралдарын (сөзжасам,
сөзөзгерту)
- сөйлем құрау дағдыларын тексеру
- балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын тексеру
- байланыстырып сөйлеуін тексеру
- байланыстырып сөйлеуін және меңгеру деңгейін анықтау.
Мұндай балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің
дамымауын ескеріп, логопедиялық тексеруді жүргізгенде ғалымдар
(Р.Е.Левина, В.И.Лубовский, С.Д.Забрамная, О.Н.Усанова т.б.) ұсынып
отырған бір қатар қағидаларды ұстанған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет