1 модуль. Дилогты оқыту арқылы жүзеге асады.
«Диалог» сөзі гр. тілінен аударғанда екі кісінің тіл арқылы қатынасқа түсуін айтамыз. Мерсер мен Литолтон (2007) диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді.
2 модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжрибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. 3 модуль.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін – өзі бақылау жағдайында өзіндік дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Жаңа технология бойынша оқушылар өз білімдеріне сыни қарап, білімдерінің қай деңгейде екенін бақылауда өзін -өзі бағалауға үйренеді.
4 модуль.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. (мұғалімге арналған нұсқаулық, 61 бет). Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге өзін тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім- қоғам айнасы. АКТ-ны игеріп пайдалану, оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Мектептегі сандық технологияларға мыналар жатады: -теледидар бағдарламалары -сандық теледидар -ғаламтор -ұялы телефон -ұтқыр қондырғылар -компьютер, ноутбук Сандық сауаттылық-бұл сандық технологияны пайдалана отырып ақпараттың орналасқан жерін анықтау. Ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалан білуін, сыни тұрғыдан ойлауын,әлеуметтік хабардарлығын,оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. (ТПМБ-70 бет)