«Дананың кілттері» Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады. Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.
«Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
«Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
«Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
«Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
«Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
«Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
«Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
«Жөнсіздік» кілті – орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз Ойлау бутерброды
Бұл – ойлау үдерістерін басқару стратегиясы. Бастамастан бұрын тоқтап, ойланып алыңыз! 1-қадам Дайындалыңыз. Мыналарға уақыт бөліңіз:
Санаңызды таза ұстаңыз.
Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.
Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға елестетіңіз.
Жаңа тапсырмаға кірісіңіз. 2-қадам Мыналармен байланыс орнатыңыз:
Сөзімді қорытындыласам қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.