7 обөж эссе до заманауи маманның дағдысы ретінде



Дата10.05.2022
өлшемі15,73 Kb.
#33936
Байланысты:
Ойлау 7 бож-1



7 ОБӨЖ

Эссе

ДО заманауи маманның дағдысы ретінде
Бүгінгі таңда педагогикалық тәжірибеге жобалық қызметтің білімді жаңаша пайдалануға, үйреншікті үрдістерге деген көзқарасты өзгертуге, инновацияларды құруға мүмкіндік беретін технологиясын енгізу қажеттілігі туындады. «Дизайн-ойлау» осындай технологияның бірі болып табылады.Мысалы,біз дене шынықтыру пәнінің болашақ мұғалімдері дизайн ойлау сабағы арқылы өзіміздің Дизайн-ойлау дегеніміз - қызмет тәсілдемесі. Бұл тәсілдеменің мақсаты – қалыптасқан міндетті шешудің тәсілдерінен шығып, инновациялық және креативті тәсілдерді қолдану. «Дизайн ойлау» технологиясы 1980 жылдары пайда болғанымен, батыс елдерінің білім беру мен ғылым саласында 90-жылдары қолданыла бастады.

Аталған технологияның тиімділігі мен білім беру саласына кіріктірудің мүмкіндіктері мен маңыздылығы жоғары. Дизайн ойлаудың құралдары оқу үрдісі үшін керемет және жаңа, пайдалы және тиімді білім беру форматтарын табуға көмектеседі. Дизайн ойлау тәжірибесінде біз кез-келген жағдайда әрдайым білім алушы – студент тұрғысынан қараймыз. Оған не қажет? Нені жақсартуға болады? Қай тәсілдер нәтиже бермейді және қандай жаңа тәсіл ойластыруға болады? Оқушыларға назар салып, олардың оқу бағдарламасының әр кезеңін қалай оқып меңгеретіндігін көріңіз, оқу нәтижелерін тереңдету және жақсарту үшін не істеуге болады деп ойлайсыз?

Оқытушылар өз дәрістерін жақсарту, тереңдету және тиімділігін арттыру мақсатында, ал студенттер өздерін білім алуға үйрету және өз жобалары көмегімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін дизайн ойлаудың тәсілдемесін қолдана алады.

Көп жағдайда студенттік жобаларда креативтік сенімділік пен табандылық жетіспей тұрады. Жоба міндеттерін дұрыс белгілей алмау мен үрдістің барлық қатысушылары тарапынан қызығушылықтың жоқтығын байқаймыз. Қойылған міндеттің өзектілігіне, оны іске асыруға сенімділік болса, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ал студенттердің мүмкіндіктеріне, оқытушылардың қатысуы мен көмек беру дайындығына деген сенімділік болмаған жағдайда, ең қызықты жобалар да іске аспай қала беретіндігі анық.



Осыған орай, дизайн-ойлау арнайы тәсілдердің ойластырылған ауысуының көмегімен студенттік немесе мектеп жобасын ұйымдастыру тәсілі ретінде өз күшіне креативті сенімділік алуға және оқушыларды күрделілігіне қарамастан керемет жобаларға тартуға көмектеседі.

Дизайн-ойлау тәсілдемесін топта, командада пайдалану жақсы нәтиже береді. Бұл дегеніміз, бір мақсат біріктіретін үрдіске қатысушылардың дизайн-ойлауды қолдану бағытында білімдері, күш-жігерлері үйлестіріліп, нәтижеге бағытталуы қажеттілігі. «Дизайн ойлау» тәсілдемесін оқыту үрдісінде қолдану оқушылардың бойында шынайы өмірдегі күрделі мәселелерді жаңаша тәсілдермен шешуге деген ынтасын арттыруға, білімге деген құштарлығын күшейтуге мүмкіндік береді. Дизайн ойлаудың білім беру үрдісіне енгізілуі білім мен тәжірибемізді, технологиялардың дамуы, ең бастысы - нәтижеге қол жеткізу жолдарын жақсартатындығы сөзсіз. Сондықтан, дизайн ойлауды пайдалы қызметті ұйымдастырудың тәсілдемесі ретінде оқытушылар да, студенттер де тәжірибелеріне енгізу қажет деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет