§7 ОҚытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ҚАҒидалары


Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата27.12.2022
өлшемі491,42 Kb.
#59954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
 
2. Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу 
жоспарлары 
7. Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске 
асырылады. 
8. Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді: 
1) үлгілік оқу жоспарлары; 
2) оқу жұмыс жоспарлары; 
3) жеке оқу жоспарлары. 
9. Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және сандық 
белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі 
пайдаланылады. 
10. ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 
ҮОЖ-да міндетті компоненттегі әрбір оқу пәнінің еңбексыйымдылығы кредиттермен 
анықталады, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі. 
11. ОЖЖ-да әрбір оқу пәнінің тізбесі және міндетті компонент пен таңдау бойынша 
компоненттегі еңбексыйымдылығы кредиттермен, оларды оқыту тәртібімен, оқу 
сабақтарының түрі және бақылау нысандарымен анықталады. 
12. ОЖЖ-ны оқу жылына әзірленеді және ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі 
негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді. 
ОЖЖ оқытушының оқу жұмысының еңбексыйымдылығын есептеу үшін негіз болып 
табылады. 
13. ОЖЖ-ның және ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру 
ұйымы дербес айқындайды. 
14. ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды. 
15. ЖОЖ-ны үш данада факультет деканы (бөлім басшысы) бекітеді: бірі - деканатта 
(бөлімде) сақталады және ол білім алушының кәсіптік оқу бағдарламалардың орындауына 
және меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі - аралық 
аттестаттауды ұйымдастыру үшін офис Регистратор, үшіншісі - білім алушыға тапсырылады. 


16. Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу 
пәндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пәндердің каталогы 
(ЭПК) әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) 
және күтілетін нәтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және 
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі. 
Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін 
көрсетіледі. ЭОК білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін 
қамтамасыз етеді. 
17. Білім беру ұйымы оқу үдерісін ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз 
етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және 
әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, 
электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік. 
Әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен 
қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет