§7 ОҚытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ҚАҒидалары


Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата27.12.2022
өлшемі491,42 Kb.
#59954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
 
3. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру 
18. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың 
негізгі міндеттері: 
1) білім көлемін біріздендіру; 
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері 
негізінде анықтау болып табылады. 
19. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді: 
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау 
үшін кредиттер жүйесін енгізу; 
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын 
қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді 
олардың таңдау еркіндігі; 
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу 
үдерісіне тарту; 
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану; 
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын 
жандандыру; 
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық 
еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру; 
8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу 
және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері; 
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың 
балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. 
20. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім беру ұйымының 
басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі 
негізінде іске асырылады. 
21. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, 
демалыстардан және практикалардан тұрады. 
Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр 
үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта. 
Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта. 


Білім алушыларға әр бір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы 
каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек. 
22. Ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, 
оқу пәндерін оқу және студенттердің өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ 
тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын 
(GPA) көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол 
беріледі. 
23. Профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін жоспарлау 
академиялық сағат немесе кредит көлемінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық 
сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының лекпен, топпен, кіші топпен байланысты 
жұмыс уақыты бойынша есептеледі. Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне 
жұмсалатын уақыт шығыны (СӨЖ тапсырмаларын, курстық жұмыстарды (жобаларды), 
емтихан қабылдау, оның ішінде МАК құрамында, бітіруші курс жұмыстарына жетекшілік 
ету) ЖОО-ның дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі. 
Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең. Студиялық және 
зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар үшін 
академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі 
сабақтары үшін 100 минут. 
Білім 
алушылардың 
практикасының 
барлық 
түрлерінің, 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының бір академиялық сағаты, қорытынды мемлекеттік аттестаттау 50 минутқа 
тең. 
24. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит төмендегідей оқу 
жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең: 
аптасына 1 сағат бойынша тең бөлінген семестр түріндегі академиялық кезең бойында 
білім алушының дәрісханалық жұмысы; 
білім алушылардың кәсiби және зерттеу практикасы кезеңдерінде оқытушымен 
жұмыстары; 
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңдерінде оқытушымен 
жұмыстары; 
білім алушылардың дипломдық (жобалар), магистрлік немесе докторлық диссертация 
жұмыстарын жазу және қорғау жұмыстары; 
білім алушылардың дайындық және мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарын 
(кешендік емтихан) дайындау және тапсыру жұмыстары. 
25. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу 
жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағатпен жүретін оқу сағаттарының 
көлемдерімен (50 минуттан) анықталады. 
Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болғандықтан, 
білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше БӨЖ 
сағаттарымен толығады, осылайша білім алушының семестр түріндегі академиялық кезеңінің 
бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі бакалавриатта 3 сағатқа тең болады. 
БӨЖ-дің дене тәрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді. 
Әрбір практиканың академиялық сағаты (оқудан басқа) білім алушылардың қосымша 
жұмыстарының оқу сағаттарына сәйкес жүргізіледі: педагогикалық практикаға – 1 сағат, 
өндірістік практикаға – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат. 
Әрбір академиялық сағат білім алушылардың (магистранттың, докторанттың) ғылыми-
зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмыстарының, магистрлік және докторлық диссертациялардың 
орындалуын қоса алғанда, БӨЖ-ы 7 сағатқа жүргізіледі. 
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты білім алушының диплом жұмысы 
(жобасы), магистрлік немесе докторлық диссертация кезіндегі оқытушымен байланысу 
жұмыстарын немесе білім алушы мен оқытушының мемлекеттік емтихан тапсыруға 
дайындығы не тапсыру кезіндегі оқытушымен жұмысының оқу сағаттарын білдіреді. Білім 


алушының қорытынды аттестаттаудың әр бір академиялық сағаты БӨЖ 6 сағатқа 
жүргізіледі. 
26. Кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып 
табылады. Олар оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. 
Кәсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредит құрайды. 
27. Магистратура мен докторантурада зерттеу практикасы жүргізіледі. 
28. Практиканың ұзақтықтығы жұмысы білім алушының аптадағы нормативтік уақыты 
практикаға бір апта ішінде 30 сағатқа (жұмыс аптасының 5 күнінде 6 сағаттан) тең екендігі 
бойынша анықталады. Апта санын есептеу үшін кредиттегі практика көлемі оқу 
сағаттарындағы пратиканың тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және білім 
алушының апта iшiндегі практика жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді. 
Практиканың 1 кредитінің ұзақтығы 15 сағатты құрайтын болғандықтан (50 минуттан), 
оқу практикасына 30 сағат (50 минуттан) педагогикалық практикаға 75 сағат (50 минуттан) 
өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 120 сағат (50 минуттан), онда практика 
ұзақтығына сәйкес аптасына 1 кредитті: 0,5 апта оқу практикасына, педагогикалық 
практикаға – 1 апта, 2,5 апта өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 4 апта. 
29. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жоспарлау және магистранттар мен 
докторанттардың аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмысы білім алушылардың 
54 сағатқа (күніне 9 сағат, БӨЖ-ді қосқанда жұмыс аптасының 6 күні) тең апта ішіндегі 
нормативтік жұмыс уақытына байланысты анықталды. 
30. Білім алушылардың 120 (15x8) сағаты магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы 
(бұдан әрі – МҒЗЖ), магистранттың эксперименттік зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МЭЗЖ), 
докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ДҒЗЖ) бір кредитіне, яғни 2,2 аптаға 
сәйкес келеді. 
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа, яғни 2 аптаға сәйкес келеді. 
Олардың ішінде білім алушылардың оқытушымен жұмысы 15 байланыс сағаты және БӨЖ-
дің 90 сағаты. 
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға (кешендік емтиханға) дайындыққа және 
тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі. 
Дипломдық жұмысты (жобаны) магистрлік немесе докторлық диссертацияны қорғауға 
және жазуға 2, 3 және 4 кредит, тиісінше 4, 6 және 8 апта беріледі. 
31. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-
стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар). 
32. Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін, оқу пәнін 
оқытушы құрайды, жеке бiлiм беру траекториясын қамтамасыз етуде және оқытушыларды 
таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды. 
Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады: 
1) күндізгі бөлімде білім алушылар үшін – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-ден 
18.30-ға дейін; 
2) кешкі білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін; 
3) сырттай білім алушылар үшін – бос дәрісханаға байланысты бір күн ішінде сағат 
8.00-ден 20.00-ге дейін. 
33. Алынып тасталды
34. Академиялық лектер және топтар аталған пәнге және аталған оқытушысына 
жазылған білім алушылардың саны жеткілікті және жеткілікті деңгейге жетістіктер оның 
табыстылығының болу қағидасы бойынша қалыптасады. 
Академиялық лектердің және топтардың толығуы білім беру ұйымдарымен дербес 
анықталады. 
35. Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: 
оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ) және бірыңғай өзі 
орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ). 


БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін 
тапсырмалармен расталады. 
36. Жалпы көлемде БОӨЖ (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) БӨЖ-дің үлесі ұйымның өзіндік 
білім беруі арқылы анықталады. 
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дәрісханадан тыс жұмыс 
түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке графика 
бойынша орындалады. 
Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық 
жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа да 
тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді. 
37. Пәнді оқуға білім алушыларды тіркеуді (Еnrоllmеnt) офис Регистратор 
ұйымдастырады. Сонымен қатар, әдістемелік-ұйымдастыру және консультациялық 
жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады. 
38. Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың білім беру бағдарламасын 
дербес жоспарлауына, оқудың жеке траекториясын таңдауына, өздігінен білім алу деңгейін 
арттыру уәждемесіне негізделген. 
Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында: 
1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен 
танысуы; 
2) оқу пәндеріне тіркелудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін 
сақтауы; 
3) осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті 
деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің 
кем түспейтін санына жазылуы тиіс. 
39. Ақылы негізде білім алушы төлем қабілеттілігіне, оқу түріне тәуелді, тиісті 
деңгейдегі оқу бағдарламаларын игеру үшін жеке қабілеттілігін өзінің ЖОЖ-да аз 
мөлшеріндегі кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға 
болады. 
40. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу 
пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады. 
Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру ұйымдарында оқу үшін 
кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды. 
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жекелеген пәндерді оқыған 
жағдайда, білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады. 
41. Егерде білім алушы жеке пәндерді басқа білім беру ұйымдарында пән бойынша 
аралық аттестаттаудан өткен соң өзінің білім беру ұйымына емтихан ведомосын (немесе 
транскрипт) емтихан бойынша бағалау нұсқаулығымен қоса, пән бойынша және игерген 
кредиттер санының қорытынды бағаларын деканатқа (бөлімшеге) көрсетеді. 
42. Шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікте бірлескен білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары қазақстандық кредиттерге және 
ЕСТS-ке барабар әріптес жоғары оқу орындарында игерілген кредиттерді қайта сынақтан 
өткізуді жүзеге асырады. 
43. Білім беру бағдарламаларын іске асырудың сапасын арттыру және білім 
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісіне 
және қорытынды бақылауға бөлінеді. 
44. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) 
осы қағидалардың1-қосымшасына сәйкес 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық 
жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан 
D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). 
45. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру оқу 
жұмысы жөніндегі білім беру ұйымы басшысының орынбасарына бағынатын, офис 
Регистраторы жүзеге асырады. 


Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі 
бойы жүргізеді, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай транскрипте айқындалады. 
Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі. 
46. Оқытушы ағымдық және аралық бақылау және білім алушының ағымдағы бағасына 
сәйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы 
және аралық бақылау). Сонымен қатар білім алушының оқудағы жетістіктері, орындаған 
тапсырмалары ережеге 100 балдық көрсеткішпен бағаланады. 
47. Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау 
бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем 
құраса қорытынды баға дәрежесі білім алушының оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі. 
Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың 
кемінде 30 пайызын құрайды. 
48. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген 
кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады. 
Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға 
алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. 
49. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында осы аралық 
аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 
50. Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе 
жазғы семестрде ақылы түрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған 
барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. 
51. Бір кредиттің құны оқудың бекітілген құны арасындағы қатынаспен және оқытудың 
барлық бағдарламаларын игеру үшін білім беру ұйымының орнатылған кредиттер санымен 
есептелінеді. 
Оқу жылына арналған оқу құны білім алушының академиялық кезеңімен немесе оқу 
жылы ЖОЖ болып табылады. Сонымен қатар оқыту құны білім алушыға жоспарланған 
ЖОЖ-дың орнатылған бір кредиттің бірдей құнын белгілеуді ұсынады. 
52. Білім беру ұйымдарына даярлық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша оқыту 
құнынан орташа арифметика ретінде есептелінетін мамандықтарға қарамастан, бір кредитке 
бірдей құнды белгілеу ұсынылады. 
53. Алынып тасталды
54. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша барлық емтихандарын "А", "А-", 
"В+", "В-" бағаға тапсырған жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім 
алушыларға стипендия тағайындалады. 
55. Офис регистратор оқу жылының қорытындысы бойынша жаздық семестр 
нәтижелерін есепке ала отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ 
бағасы болатын орташа балын есептейді. 
56. Курстан курсқа көшіру үшін өту балын – білім алушыны келесі курсқа көшіруге 
рұқсат беретін өту балын курстар бөлінісінде жоғары оқу орындары дербес белгілейді. 
57. Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балының жинай алмаған білім 
алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі 
бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) 
белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан 
тапсыруына мүмкіндік беріледі. 
58. Оқу жылының қорытындылары бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала 
отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады. 
Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу 
жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады немесе жаңа жеке оқу 
жоспарын жасайды. 
59. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 
оқитын білім алушы әрі қарай оқу кезеңіне білім беру грантынан айрылады. 


60. Білім алушыны көшіру, қайта оқуға қабылдау және академиялық демалыстан шығу 
кезінде оқыту курсы пререквизиттер ескеріле отырып анықталады. 
61. Бакалаврларды даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы 
студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың 
кемінде 6 кредитін, диплом жұмысын дайындауға, жазуға және қорғауға кемінде 2 кредитті 
(жоба) және мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 
кредитті игеруі болып табылады. 
Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, (арнайы жоғары білім 
бағдарламасын қоса алғанда) білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы мыналарды 
студенттің меңгеруі болып табылады: 
"Өнер" тобы бойынша – теориялық оқу 160-180 кредит; 
"Әскери іс және қауіпсіздік" – 170-190 кредит; 
"Ветеринарлық" – кемінде 161 кредит; 
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) – 190-224 кредит. 
Сонымен қатар, жоғары оқу орны игеру үшін қажетті кредиттер көлемін көбейтуі 
мүмкін, білім беру бағдарламасын іске асыру олардың ерекшеліктеріне байланысты. 
62. Магистрлерді даярлау бойынша білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі 
критерийлері магистранттың:
1) ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде кемінде 59 кредитті, оның ішінде 
теориялық оқудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының кемінде 7 кредитін; 
2) бейіндік дайындық кезінде - кемінде 28 кредитті (1 жыл оқу мерзімімен) және 
кемінде 48 кредитті (1,5 жыл оқу мерзімімен), оның ішінде теориялық оқуға сәйкес кемінде 
18 және 36 кредитті, практика бойынша кемінде 2 және 4 кредитті, эксперименттік-зерттеу 
жұмыстарының кемінде 4 және 4 кредитін меңгеруі болып табылады. 
63. (PhD) философия докторын немесе бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру 
үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері докторанттың кемінде 75 кредиттті, оның 
ішінде теориялық оқудың кемінде 36 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін 
және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) 
кемінде 28 кредитін меңгеруі болып табылады. 
64. Жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасын және қорытынды аттестаттаудан өткен 
білім алушыға тиісті "бакалавр" академиялық дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру бағдарламасын игерген білім алушыға білікті "магистр" дәрежесі және (PhD) 
философия докторы ғылыми дәрежесі немесе сала бойынша доктор дәрежесі мемлекеттік 
үлгідегі қосымшамен (транскрипт) диплом беріледі. 
65. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А-, В-, В, В+ деген бағаға тапсырған 
және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан 
мен диплом жұмысын (жобасын) "А", "А-" деген бағаға тапсырған бакалавриат және арнайы 
жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыған білім алушыға, барлық оқу кезенде 
қайта тапсырылған емтихандар болмағанда үздік диплом (әскери даярлығы бойынша 
бағасын ескермегенде) беріледі. 
66. Жоғары оқу орнына кейінгі білім беру бағдарламасының толық теориялық курсын 
игерген бірақ ғылыми-зерттеу компоненттерін орындамаған білім алушыға, келесі оқу 
жылында ақылы негізде зерттеу компоненттері кредитін қайта игеруге және диссертация 
қорғауға қайта мүмкіндік беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет