КМnО4 ерітіндісінің концентрациясын анықтау
КМnО4 ерітіндісінің концентрациясын анықтауға көптеген стандартты заттар пайдаланады, мысалы Н2С2О4 ∙ 2Н2О, Na2С2О4, Аl2О3, К4Fe(CN)6∙ 3Н2О, металл түріндегі таза темір т.б. Соның ішінде ең тиімділері химиялық таза және белгілі формулаға құрамдары сәйкес келетін Н2С2О4 ∙ 2Н2О, Na2С2О4.
Алғашқыда
5С2О42- + 2МnО4- + 16Н+ → 2С2О42- + 8МnО4- + 10Н2О
Оксалат С2О42- - ионының тотығу реакциясы былай жүреді:
С2О42- -2е → 2СО2,
әрі қарай Мэ(Na2С2О4) = 1/2М (Na2С2О4)= 1/2∙134=67
Na2С2О4 –ң 100мл 0,05н ерітіндісін дайындау үшін төмендегі салмақ қажет:
mNa2С2О4 = Nтотық. ∙ V ∙ Mэ /1000 = 0,05∙100∙67,00/1000 = 0,335
Аналитикалық тарызыда стандартты затты (шамамен 0,335) бюкске салып өлшейді. Өлшенген затты таза стаканға салып, бос бюксті тағы өлшейді. Осы мәндерден қымыздық қышқылының дәл массасын анықтайды. Стакандағы қымыздық қышқылын суық судың аз мөлшерінде ерітіп, ерітіндіні ептеп өлшем колбасына ауыстырады. Стаканды бірнеше рет судың аз мөлшерімен шайқап, шайқаған суды да өлшем колбасына құяды. Колбаны белгісіне дейін дистелденген сумен толтырып, дайындалған ерітіндіні колбаның бетін жауып, бірнеше рет аударып араластырады. Дайындалған ерітіндінің нормалдығын өлшенген қымыздық қышқылының массасы арқылы есептеледі.
Титрлейтін колбаға пипеткамен (10-25мл) дайындалған ерітіндінің аликвотты мөлшерін алып, үстіне 15-20 мл 2н Н2 SО4 қосады, қоспаны 70-80оС дейін қыздырғаннан кейін осы ыстық ерітіндіні бюреткаға құйылған перманганаттың ерітіндісімен титрлейді. КМnО4 ерітіндісін тамшылап қосады. КМnО4 –тің әрбір келесі тамшысын ерітіндінің алғашқы тамшыдан пайда болған бояуы жойылған соң қосады. КМnО4 ерітіндісінің алғашқы тамшылары өте бояу түссізденеді. Мn2+ - иондарының алғашқы мөлшері пайда болғаннан кейін ерітіндінің түссізденуі өте жылдам жүреді. Титрлеуді жойылмайтын әлсіз қызғылт түс пайда болғанда аяқтайды.
ТКМnО4 және NКМnО4 есептемелерін төмендегі формулалар бойынша есептейді:
1. натрий оксалаты бойынша нормалдығы:
NКМnО4 = VNa2С2О4∙ N Na2С2О4 /VКМnО4
ТКМnО4= V КМnО4∙ N КМnО4 /1000
2. натрий оксалаты бойынша титрі:
ТКМnО4= ТNa2С2О4∙ VNa2С2О4 ∙ Э КМnО4 / Э Na2С2О4 ∙ VКМnО4
NКМnО4 = ТКМnО4 ∙ 1000 / ЭКМnО4
Достарыңызбен бөлісу: |