7-сынып 4- тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі18,56 Kb.
#99976
  1   2   3
Байланысты:
7-с Қазақ тілі БЖБ 4-тоқсан


7-сынып


4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»


Оқу мақсаты
7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.4.4. 5. Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу;
7.3.2.1.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу.


Бағалау критерий
Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
Оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата біледі;
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазады.


Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут


1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойын анықтаңыз.

Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.


Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр.
Менің көз алдыма: «Қарағым ұлым, тағдырым сенің қолыңда», — деп тұрған ізгі ана — қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бүл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» — дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш-қуатты тасытады.
Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз, — дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.
Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет