Оқу пәнінің жалпы мақсаттары. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы,оқушылардың эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамуы, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз тілін құрметтеуге үйренеді;
Шетел тілінде сөйлеу қабілеттері қалыптасады;
Өз білімін жетілдіреді;
Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
Оқыту әдістері мен түрлері: Оқыту әдістері – білім беру мақсатына жетуге бағытталған, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттерінің тәсілдері. Оқушылардың өз бетінше және ойлау белсенділіктерінің көрсеткіштері бойынша оқыту әдісінің екі: репродуктивтік және продуктивтік топтарын көрсетуге болады.
Репродуктивтік әдіс – оқушы мұғалімнің үлгісі бойынша жұмыс істейді; Оған әңгіме, түсіндіру, дәріс, демонстрация, оқулықпен, компьютермен жұмыс және т.б. жатады.
Продуктивтік әдістердің ерекшеліктері іздеу есебі сияқты бар оқу проблемасы болып табылады. Продуктивтік оқыту әдістерінің тобына: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену (эвристикалық), зерттеушілік, қателер әдісі, жобалар әдісі т.б. жатады.
«Информатика ағылшын тілінде» күнтізбелік-тақырыптық жоспар 7 -сынып