7-сынып (бжб 4) 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет2/3
Дата31.05.2022
өлшемі26,6 Kb.
#36002
1   2   3
2. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтін кім туралы?
2. Ол кандай отбасынан шыққан?
3. Ол 1921 жылы қандай сыйлыққа ие болды?
4. А. Эйнштейн не үшін Рузвельтке хат жазды?
5. А. Эйнштейн өз еңбектерін неліктен өртеп жіберді?

1.
2.


3.
4.
5.
3. Сөйлемдердің сыңарын сәйкестендіріп жаз.

1

Ол басқа сабақтарға

1 -

А

ұмытшақ, салдыр-салақ болған.

2

Эйнштейн фашизмге

2 -

B

есіне түсіре алмай қалады екен.

3

Ол өмірде жаңғалақ,

3 -

C

көңіл бөлмеген.

4

Ол небір жаңалықтар ашып,

4 -

D

ғылым жолына бет бұрған. 

5

Үйінің мекен жайын керек кезде

5 -

E

қарсы шыққан.

6

Ғылыми кітаптарға қызығушылығы артып,

6 -

F

оны құпия сақтаған.



4. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар. Оқшау сөздердің түрін анықтаңдар.

Орысша баламасы

Қазақша аудармасы

Оқшау сөз түрі

Ура, снег идет!







Алия, тебя бабушка зовет.







К сожалению, это была ошибка.









Бағалаукритерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл



Білімалушы

Мәтінмен жұмыс жасайды

1-2

Мәтінді түсініп оқып, берілген 5 сұраққа жауап бере алады.

5



Сөйлемдердің сыңарын сәйкестендіріп жазады



3

Оқылған мәтін мазмұны негізінде сөйлемдердің сыңарын сәйкестендіріп жазады.

6

Оқшау сөздер түрлерін ажырата алады, орынды қолданады

4



Сөйлемдерді қазақ тіліне аударады.

1

Оқшау сөздердің түрін анықтайды.

1

Барлығы







15



7-СЫНЫП (БЖБ 4)
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа


Сыныбы: 7 « ____ »
Білім алушының аты-жөні: ____________________________________________________


Оқу мақсаты 7.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне
немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау;
7.5.1.4 – оқшау сөздер түрлерін ажырата алады, жазбаша жұмыстарда
орынды қолдану;
Бағалау критерийі Білім алушы
• Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне
немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды;
• оқшау сөздер түрлерін ажырата алады, жазбаша жұмыстарда
орынды қолданады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты20 минут
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар.
Асқар Жұмаділдаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.
Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде дүниеге келген. Ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітірген. Кейін Мәскеудегі М. В. Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Қазақ мектебін бітірген балаға орыс тілі сынағынан өту қиын болады. Орыс тілінен жақсы баға алмаса да, қабылдау комиссиясы оның ерекше қабілетін байқап, емтиханнан өткізеді.
Асқар талмай ізденіп жүріп, үшінші курста ғылыми жұмыс жазады. Бұл еңбегі үшін Петровский сыйлығымен марапатталады. Одан кейін Лениндік стипендияға ие болады. Мәскеу Мемлекеттік университетін үздік аяқтап, кейін аспирантурасын бітіреді. Отыз екі жасында В. А. Стеклов атындағы Математика институтында докторлық диссертациясын қорғайды. Ғалым – 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.
Асқар Жұмаділдаев - қазақ елінен шетел университеттеріне дәріс оқуға, ғылыми еңбектер жасауға алғаш шақырылған ғалымдардың бірі. Ол 1995 жылдан бастап он жылдай шетелде қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Бильфельд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды.
Ғалым математика ғылымының дамуына зор үлес қосты. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасы мен деформацияларын, олардың қолданылуын зерттеді. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеді. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін шешті.
Отандық ғылымға қосқан орасан еңбегінің арқасында ғалымға 1981 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1988 жылы физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 1990 жылы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, 1995 жылы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 2004 жылы ҚР ҰҒА академигі атақтарына ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет