7-СЫНЫП (БЖБ 4) 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сыныбы: 7 « ____ » Білім алушының аты-жөні: ____________________________________________________
Оқу мақсаты 7.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне
немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау;
7.5.1.4 – оқшау сөздер түрлерін ажырата алады, жазбашажұмыстарда
орынды қолдану;
Бағалау критерийі Білім алушы • Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне
немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды;
• оқшау сөздер түрлерін ажырата алады, жазбаша жұмыстарда
орындықолданады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты20 минут
І нұсқа 1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар. Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында кедей еврей отбасында дүниеге келді. Алғаш рет Мюнхендегі католиктік шіркеуде білім алған. Шіркеуде оған діни түсініктерді оқытса да, ғылыми кітаптарға қызығушылығы артып, ақыры ғылым жолына бет бұрған. Гимназияда оқып жүрген кездеАльберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, тәртібі жайлы мұғалімдер арасында көп әңгіме жүреді. Ол «математика» мен «латын тілі» пәнінен басқа сабақтарға көңіл бөлмеген.
Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі – салыстырмалылық теориясы. Сонымен қатар, «Эйнштейн заңы» атанған фотохимия заңын анықтаған.
Фотохимия заңын ашқаны және теориялық физика саласындағы зерттеу жұмыстары үшін
А. Эйнштейн 1921 жылы 42 жасында Нобель сыйлығына ие болған. Эйнштейн фашизмге қарсы шыққан. 1933 жылы Германияны фашистер билеген кезде Америкаға қоныс аударған. Ғалым ядролық қару жасауға ашық қарсы болған. 1939 жылы Америка Құрама Штаттарының Президенті – Рузвельтке хат жазып, ядролық жарылыстың қауіпті екенін ескерткен.
Эйнштейн өмірде жаңғалақ, ұмытшақ, салдыр-салақ болған. Бір күні ол өзі оқыған кітаптың арасынан мың доллардың чегін тауып алады. Мұндай ақшасының бар-жоғынан, қайда қалғанынан да бейхабар екен. Күнделікті тіршілікте икемсіз, қанағатшыл адам болған. Ол өз үйінің мекен жайын керек кезде есіне түсіре алмай қалады екен. Энштейн 22 жыл еңбек еткен.
Ол өзі небір жаңалықтар ашып, оны құпия сақтаған. Өлерінің алдында ешкімге көрсетпей, өртеп жіберіпті. Ұзақ жылдар бойы жасаған еңбегінің жемісін неге жоқ қылып жіберді екен? Ол – қандай жаңалық болды екен? Ғалым келер ұрпаққа неге қалдырмады екен? Бұл сұрақтардың жауабын ғұлама ғалым өзімен бірге алып кеткен.