Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Педагогика және психология кафедрасы Педагогикалық технологияларды таңдауға әсер ететін факторлар Орындаған: Ислам М.Қ Тексерген: Тасимова А.А. №9 СӨЖ
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмipгe бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект–субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, онда бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған және педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық–бағытталған өзара әрекеті болып табылды.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу–тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайларжасайды. Педагогикалық технологияларды қолданудың мақсаты: -Сабақтарда тиімді технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың іскерлік белсенділігін, дербестік әрекетін және шығармашылық потенциалын нығайту үшін, жағдайлар жасау:
– Оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу:
– «Білім» заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту:
-Оқытудың қазіргі заманғы технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету:
тәрбиелеу.
Педагогикалық технологияның міндеттері:
– әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
– мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;
– оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу
– технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
– технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;