7 сынып ІІІ оқу тоқсанына Қазақстан тарихынан Қысқа мерзімді жоспар


-тапсырма. Мәтінмен немесе оқулықпен жұмыс



бет11/48
Дата02.09.2023
өлшемі1,76 Mb.
#105933
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
1-тапсырма. Мәтінмен немесе оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінді оқи отырып, төмендегі сұрақтардың жауабын мәтін ішінен тауып, жауап беру тапсырмасы орындалады.
1.Нешінші жылы Сүйік сұлтан өз қалауымен Ресей құрамына кіру туралы өтініш жазды?
2.Қай жылы және неліктен «пристав» лауазымы енгізілді?
3.Ресей империясы қазақ жеріне қандай әскери бекіністерді салды?
4. Карбышев басқарған отряд Таушүбек бекінісін қай жылы жаулап алды?
5. 1854 жылы қандай бекініс салынды? Алдымен бекініске кімдерді орналастырды? Кейін отбасылар Ресейдің қай аймақтарынын көшірілді?
6. 1860 жылы Ұлы жүз аймағы үшін Ресей мен қоқандықтардың арасында болған ірі шайқас қай жерде болды?Нәтижесі?
7. Черняев отряды 1864 жылы қандай бекіністерді жаулап алды?
8. Қоқан хандығы мен Қазақстанның оңтүстік бөлігі қай генерал-губернаторлыққа бағындырылды?
9. Қазақстан Ресейге толығымен қай жылы қосылды? Жәнебұл процесс нешежылғасозылды?
2-тапсырма. Картамен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы мәтін мазмұнынан XIX ғасырдың ортасында Ресей империясының Ұлы жүзаймағында салған бекіністер атауларын теріп алып, кескін картаға әр түрлі шартты белгілермен белгілейді. Тапсырманы орындап болған соң, әр оқушы өзінің жұмысын бір-бірімен алмасып, «дұрыс/бұрысын» тексереді.
Интерпретация
«Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?» деген зерттеу сұрағы қойылады.
Үлгі:
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері мынадай:
Біріншіден, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Екіншіден, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Үшіншіден, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақ жерлерінің Ресей империясына толықтай қосылудың қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді салдарларымыналар, ... ... ... ... ... ... ... ..

Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды




Дескрипторы:
Ұлы жүзде қалыптасқан саяси жағдайды біледі;
Орыс әскерінің Оңтүстік Қазақстан жерін жаулап алуында қолданған тәсілдерін анықтайды;
Ресей империясының Ұлы жүз аймағы үшін Бұхар, Қоқан хандықтарына қарсы соғыс әрекеті қалай жүзеге асқандығын түсіндіреді;
Ұлы жүздің Ресейге қосылу ерекшеліктерін анықтайды
Дескриптор:
-Картадан Ұлы жүз (оңтүстік Қазақстан мен Жетісу) территориясындағы патша өкіметі салған бекіністердің кемінде 3-уін белгілейді

Дескриптор:


-Жауап құрылымын сауатты құра алады;
-Дәйекпен дәлелдеп, жауапты дұрыс береді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет