Педикулез анықталған кездегі санитарлық тазарту. Негізі: "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
ҚР ДСМ 16.05.2022 ж.№ 44 бұйрығында көрсетілгендей педикулездің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Жауапты қызметкер: медбике.
Бақылаушы: Аға медбике
Мақсаты: Ауруханаішілік инфекцияның алдын-алу, дененің шашты жерлеріндегі пайда болған бит, сіркені жою.
Қолданылуы: бит және сірке табылғанда.
Қолданбауы: бас терісі ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларда, жүкті әйелдер мен емізетін аналарда.
Әзірле:
педикулезге қарсы жиынтық
Пациенттің заттарын жинауға арналған клеенка қап немесе мақта-матадан жасалған қап;
мырышталған шелек немесе шашты өртеуге немесе зарарсыздандыруға арналған ыдыс;
клеенкалы пелерина;
резеңке қолғаптар;
қайшы;
жиi тарақ;
үлкейткіш әйнек (лупа)
шаш қырқуға арналған машинка немесе бірреттік ұстара;
спирттi шам және шырпы
үшкiл орамал (2-3 дана);
мақта;
Ақ қағаз
70º спирт
1% асханаға арналған сiркесуы;
Педикулоцидті құралдар (Нитифор,Антибит,Педилин)
медициналық халат, орамал
үстелге жабатын клеенка
Пациенттің медициналық картасы Ф-003/е
Жұқпалы аурулар тіркейтін журнал Ф-060/е
Шұғыл хабарлама Ф-058/е
Іс-әрекет алгоритмі: Пациентті идентификациялау
Пациентке жүргізілетін процедураның маңыздылығын түсіндіріңіз
Тексеру жақсы жарықтандырылған үй-жайда жүргiзiледi
Қосымша халат, орамал, қолғап киіңіз.
Жағдайына байланысты пациентті клеенка төселінген кушеткаға немесе үстелге отырғызыңыз. Иығына клеенкалы пелерина жабыңыз.
Пациенттің шашын педикулоцидті құралдарға мол батырылған мақта тампонымен нұсқаулығына қарай өңдеңіз.