7 Тақырып. Қарт жастағы адамдардың жүйке-жүйесі бұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім. Стрессті жою әдістері


Қолдануы: науқастың ауыр жағдайы, есту жолдарында құлық пайда болуы. Қолданбауы



бет7/8
Дата28.09.2024
өлшемі31,25 Kb.
#146081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№7 Қарт жастағы адамдардың жүйке жүйесібұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім

Қолдануы: науқастың ауыр жағдайы, есту жолдарында құлық пайда болуы.
Қолданбауы: құлақ қабыршағындағы және құлақтың сыртқы жолдарындағы қабыну процестері.
Әзірле:стерильді: лоток, тамызғыш, пинцет, мензурка, мақта турундасы, салфетка, қолғап; 3% асқын су тотығы, сабынды ерітінді, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, Б-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау және жүргізілетін процедураны түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

  2. Сабынды ерітіндісі бар ыдыс дайындаңыз.

  3. Қолды сұйық сабынмен сумен өңдеңіз,антисептик қолданыңыз,бір реттік қолғап киіңіз.

  4. Науқастың басын тазалайтын құлақтың қарама қарсы жағына қарай еңкейтіңіз де астына лоток қойыңыз.

  5. Салфетканы сабынды ерітіндіге батырып құлақ қалқаншасын сүртіңіз және құрғақ салфеткамен құрғатыңыз(терідегі кірді тазалау үшін)..

  6. Стерильді мензуркаға 36-370С су буында қыздырылған 3% асқын су тотығы ерітіндісін құйыңыз.

  7. Пинцетпен мақта турундасын алып, 3% асқын су тотығына батырыңыз. Есту жолдарының біртегіс болуы үшін сол қолмен құлақ қалқаншасын артқа және жоғары көтеріңіз және сыртқы есту жолдарына турунданы айналмалы қозғалыспен 2-3 минутқа 1см-ден аспайтын тереңдікке енгізіңіз.

  8. Құрғақ турунданы айналмалы қозғалыспен 1 см-ден аспайтын тереңдікке енгізіп, 2-3 минутқа қойыңыз.

  9. Құлақтың сыртқы есту жолдарынан турунданы айналдыра отырып алыңыз-ол есту жолдарынан бөлінділер мен құлықтың жойылуын қамтамасыз етеді.

  10. Екінші құлақтың есту жолын осы тәсілмен тазалаңыз.

  11. Қолғапты шешіңіз.

  12. Пайдаланылған қолғапты, турунданы, салфетканыБ-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдысқа, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Қолды жуып кептіріңіз.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ.


СТАНДАРТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет