74. Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы мен көркемдік тәжірибесі(Б.Альберти, Леонадо Да Винчи, Д.Дюрер) Антикалық мимезис принципінің жаңғыруы-Қайта Өрлеу дәуіріндегі өнердің басым белгісі. Әдеміліктің мәнін үйлесімділік және грация (сымбат, мәнерлік) құрайды. Өнер шеберліктен бөлініп кетеді және көркем шығармашылық рухани тәжірибенің саласына шығарылады. Адам оның дене мен рухы күштерінің үйлесімділігінде өнердің негізгі тақырыбына айналады. Суреткер «құдайы сипаттағы гений» деп аталады. Ренессанс дәуіріндегі XV ғ. өнер философиясының орталығында итальяндық ойшыл-гуманистт Леон Баттиста Альбертидің ілімі тұрған: «Сұлулық» – бұл барлық бөліктердің қатаң ұйқасқан гармониясы (үйлесімділігі)». «Сұлулық», «үйлесімділік» ұғымдармен қатар Альберти «абыройлылық», «нәзіктік», «пайдалылық» деген ұғымдарды қолданады. Ол ұсынған үйлесімді тұлға идеалы сол кездегі Италияның сурет өнеріндегі, графика мен мүсін өнеріндегі кейіптерде жүзеге асырылған. Альберти сәулетшінің өнерін өте жоғары бағалаған. «Сәулет өнері туралы он кітаптарда» ол үйлердің, көшелердің, алаңдардың әдемі сыртқы келбетімен ерекшеленетін кемел қаланы суреттеп берген. «Сурет өнері туралы» трактатта Л.Б. Альберти сурет өнерін табиғатқа ұқсас бола алатын асыл өнер деп сипаттайды. Сурет әдемілігінің құрамдас бөліктері: силуэт, композиция (орналасу тәртібі) және жарық – дейді. А.Дюрердің бас формасының (обрубовка) жалпы құрылымын талдау әдісі Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшісі А.Дюрер оқыту әдістемесі саласында да бізде үлкен бағалықты алатын өнер проблемалары туралы теориялық еңбектер қалдырды. Дюрердің ойынша өнерде тек сезім мен көрермен әсеріне сенуге болмайды, нақты тура ғылыми білімге сүйену керек:тек осы ғана суретшіге жұмыста нақты және сенімді табыс әкеледі. Әсіресе суретт оқыту үшін үлкен бағалықты Дюрермен ұсынылған форманы толықтыру (жалпылама) әдісі алды. Дюрер суреті, форма талдауы мен оның құрылым заңдылықтары үшін классикалық үлгі болып табылады. Осы әдісті өздерінің педагогикалық жұмыстарында ағайынды Дюпюи, Ашбе, П.П.Чистяков, Д.Н.Кардовский, кеңінен қолданған, біздің кезімізде де қолданылады. Адам өнері мен табиғат арасындағы байланысты Л.Винчи адамның пайдасына шешеді. Адам табиғатсыз ештеңе жасай алмайды, бірақ табиғаттың қарапайым материалдарынан күрделі заттар жасауға қабілетті. 3)Адам және Құдай мәселесінде Л.Винчи адамды Құдайға мейлін жақындатты: «Өнерге байланысты айтсақ, біз Құдайдың немересіміз деп айта аламыз». 4)Л.Винчи өнерді шындықты танып-білу құралы ретінде қарастырды, себебі ғылым заттар дүниесінің сандық жағын зерттесе, өнер сапалық жағын көрсетеді дейді және өнердің бастысы — сурет өнері, ол ғылымнан жоғары деп түсінеді.